- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының тағдырында аса күрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Қазақ жерлері үш жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) бөлінді. Бытыраңқы мемлекетке жоңғарлар шапқыншылық жасап,халық «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атты қасіретке ұрынды. Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының күрделілігі Әбілхайыр ханға одан аман шығудың жолдарын іздестіруге түрткі болды. Әбілхайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693-12.08.1748). Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны-Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Әбілхайыр өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш-Әбілхайырдың қызы. Оның 3 ұлы, 9 немересі, 5 шөбересі хандық дәрежесіне дейін көтерілген. Бәйбішесі Бопай ханым ақыл-парасатымен ханның кеңесшісі бола білген. 1715 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығының тағына үміткерлердің бірі болды. Әбілхайыр қазақ-қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716-1718жж. Ресей империясынан көмек алу үшін Сібір губернаторы князь М.П.Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге тырысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударады. 1726 жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Ресейден кіші жүз қазақтары үшін «қорғаушылық сұрауға» елші Қойбағарды жөнелтті. 1730 жылы екінші рет С.Құндағұлұлы мен Қ.Қоштайұлы бастаған елшілерін жіберді. 1731 жылы 19 ақпанда император әйел Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөнінде сенім грамотасына қол қойды. Тиісті ант қабылдау үшін Қазақстанға Әбілхайыр ханға тапсырылатын грамотамен Сыртқы істер комиссиясының тілмашы А.И.Тевкелев бастаған елшілер келді. Әбілхайыр ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жерінің қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолмен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлаған еді. Алайда Ресей саясатының тамыры тереңде жатқан еді.1731 жылы қазанда Тевкелев Ырғыз өзенінің бойындағы Әбілхайырдың ақ ордасына келгенде, Ресей азаматтығын қабылдау мәселесі бойынша феодалдық ақсүйектерінің арасында айтарлықтай алауыздық бар екендігі анықталды.Орта жүздің көптеген билеушілері XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында-ақ Ресей протекторын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Қазақстан шекарасында күшті әрі агрессияшыл Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынынан шығып кету қаупіне әкеп соқты.Орта жүзді Ресей империясының протекторатында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды.Бұл үшін Сібір ведомствосының әскери-әкімшілік органдары үш бағытта: аумақтық экспансия, дипломатиялық амалдар және сауда-экономикалық байланыстар арқылы әрекет жасады. Орта жүз қазақтарының Ресейге бодандығы XVIIIғасырдың 40-жылдарында түбегейлі емес еді. Ал өлкедегі өз жағдайын нығайтуға шекаралық өкімет орындарының нақты күштері болмады. Жоңғарлардың Сібір бекіністері мен қоныстарына үнемі қауіп төндіруі, Оңтүстік Сібірдің едәуір аумағына билік жүргізуге дәмеленуі жағдайды шиеленістіре түсті.Ресейдің қазақ даласын отарлаудың бірден бірі тірегі болған ол – бекініс шептер салу еді. Әбілхайыр Ор бекінісін салуды (1735ж.) өзі ұсынды. Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Орынбор экспедициясын ұйымдастырған болатын. Оны ІПетрдің сыбайласы П.К.Кириллов басқарды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді жан-жақты зерттеу, табиғат байлықтарын барлау, Орск бекінісін салу, орыс және қазақ иеліктеріндегі шекараларды белгілеу міндеті жүктелді.Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды.Шекаралық желі үш бөлімнен тұрады: оңтүстік-батыс жағынан-Сібір дадалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін, ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684 шақырым Ертіс желісі, Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен колывандық тау-кен зауыттарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында Колыванск желісі, ұзындығы 723шақырым. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новойшим бекіністі шебін салу басталды, оның ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шепті салудың басты мақсаты Үй және Ертіс шебін жалғастыру болатын, соның салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі тартып алынды. 1752 жылдың маусымында Утяцкая слободасынан Луцк және Вологда полктерінің драгундары Нотербург полкінің жаяу әскерлері, Есіл қазақтары мен шаруалары, барлығы 2 мыңдай адам шықты. Бұл әскери экспедицияның 1752-53 жылдар ішінде үш бекініс-Әулие Петр (Петропавл), Полуденный, Лебяьже бекіністері мен сегіз редут салу керек еді. Жаңа бекіністердің бұған дейін орнаған бекіністі шептермен байланыс жасауы үшін почта бекеттерінің тізбегі құрылды. Қазақ даласына үлкен отрядтың шыққаны туралы үрей туғызып, халықтың көшіп кетуіне әкеліп соқты. Сол кезде жоңғарлар тарапынан шабуылға ұшыраған Қазақ хандығы орыс әскерлеріне кедергі жасай алмады, сөйтіп Орта жүздің билеушісі Абылай сұлтанның аумақтан айырылуға көнуге тура келді. Оның үстіне Жоңғарияның әлсіреуі қазақтардың Ертіс бойындағы және Тарбағатайдағы жерлерге қайтуына мүмкіндік туғызды. Новоишим шебін салу нәтижесінде жерден айырылған абақ-керей, уақ және найман рулары сол жаққа қайта қоныс аудара бастады. Ресейдің экспансиясы Алтайда да бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті, 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы, Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Бекіністердің құрылымы қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Аймақта патша үкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіруі Абылай бастаған ықпалды сұлтандардың Ресей бодандығын сақтай отырып, Цин боғдыханның сюрезендік жоғарғы өкімет билігін қабылдауына түрткі болды. Өлкені отарлауды тездету мақсатында басқарудың Ресейлік жүйесі енгізіле бастады. Мұның өзі қазақ халқының үлкен бөлігінің көтеріліске ұласқан қарсылығын туғызды
