
- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабулын уақытша бәсеңдетті. Олардың 1680 ж. Оңтүстік Қазақстанда шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерлері мен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастауды, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді. Қазақ хандығының әлсірей бастауына тек мемлекеттік, хандарға бағынышты жерлердің тұтастығына ғана емес, сонымен бірге этникалық тұтастыққа да кері әсер етпей қоймады. Билік жүргізіп, иелік жасау үшін жайылымдық жерлер мен қалалар үшін бақталастыққа түскен хандардың,сұлтандардың,тайпалар ақсүйектері топтарының өзара ұрыс таласы қоғамдық мәдени дамудың қарқынын бәсендетті. Қазақстан аймағында мемлекеттіліктің нығаюы үшін жағдай туғызуға, оны халықтың ата қонысы жерлерінің көмегімен тиімді қорғап қалуына кедергі келтірді. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп,ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін, ол бірсыпыра шараларды іске асырды.
Тәуке көрші жатқан Ресей елімен мәмілегерлік қатынас орнатқан. Тәуке Ресей еліне арнаған хатында достық қарым қатынасты сақтай отырып, бейбіт көрші болуға шақырады. Тәуке өзінің әкесі Жәңгірдің ісін жалғастырушы болды. Соғыс тәсілдерін тиімді пайдаланған. Тәуке батыр атағына ие болған. 1689,1702 жылдары қазақ жасақтары ойрат жерлеріне шабуыл жасаса 1711,1712,1714 жылдары ойраттар қазақ жеріне бірнеше дүркін болып кірді. Тәуке көрші жатқан мемлекеттермен өз заманына сай тиімді мәмілегерлік қарым қатынас орнатты. Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында басқару жүйесінде хандық билікке негізделген саяси жағынан орталықтанған мемлекет болды.Тәуке хан тұсында қазақ қоғамында шала отырықшы болу нышаны көзге түсерліктей болғанын айта кетуіміз қажет. Keйбіp тарихи деректерде: «Тәуке ханда бидай, арпа жәнетары көп өседі, — деп көрсетіледі. Егін шаруашылығы әciрece Қарсақты, Сарысу, Арысөзендері, Балқаш көлі, Сырдария бойларында дамып, егіншілікпен айналысу кәсіпкеайнала бастайды. Сол секілді Сырдарияның Аралға құяр жеріндегі қолтықтары —Жамандария, Қуаңдария, Жаңадария бойларында да егіншілік дамыған.Тәуке хан тұсында,ы жер - су, жайлау —қыстау, көшу - қону, қоныстары туралы болыптұратын күрделі дау - жанжалдарды шешуде ұстанатын белгілі заң, жол - жобаларыболған. Жер - су, жайылым, ата - қоныс, мекеніне иелік ету үшін талапкерге қойылатынсалт - сана заңдарының түрлі шартты сұрақтары мен қажет белгілері баршылық ондадаулы жердің талапкердің пайдасына қанағат тандыр арлық тай, төменде аталғананықтамалардың негіздерінің болуы шарт.Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мем лек ттік құрылымның негізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық «Жеті жарғы» деп аталған нормалар жиынтығы жасалды. Ол көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қарым қатынас орнатудың жолдарын іздестірді. «Жеті Жарғының» бip үлкен бөлігін ел қонысы, жер дауы деп топшылауға болады. Онда қазақ қоғамындағы әpбip рудың қонатын қыстауы мен жайлауын анықтап, белгілеп беруpeттepi айтылған. Өйткені сол заманда жоңғарлықтардың көп жерін басып алуынәтижесінде, жердің, қоныстардың тарылуы себепті Тәуке хан жер, су, қоныстардықайтадан реттеп, таңбаларын көpceтiп бepгeнi ақиқат. Сөз жоқ, «Жер — ана, мал — бала» деп халық мақалында айтылғандай, күнелтудің көзі — мал мен жерді пайдалануда ең шұрайлы, ең шүйгін, суы мол жерлер басып иеленуі салдарынан туған дау - жанжалдарелдің ыдырауына, өзара қырғиқабақ болуына апарып соқты. «Жеті Жарғы» нормаларыосыларды тежеп, рулар арасындағы дауды бәсеңдетуге арналады. Қоныс дауы, жердауының реттеулі рулар үшін ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдарүшінде қажет болды.«Жеті Жарғы» заңы бойынша — ант алып, ант беру көпшілік жағдайларда: ер құны, жесір дауы, ұрлық, жер дауы сияқты күрделі дау – жан жал дарда қолданылатын дәстүрлі заң.«Жеті жарғыда» қылмысты іс-қүқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, үрлық істеу жэне тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай эртүрлі жазаға кесілген. Бүл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны қүн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Қүн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе жэне күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер эйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жүбайлар арасындагы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда жэне «қүдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болган: дарға асу жэне тас лақтыру әрекеттерін қолдану. «Жеті жарғыны» қазақ халқы XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дэуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншағы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жаз- балары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жап- пас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820- жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нүсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бүл нүсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бүл заңдар жинағының толық нүсқасының бізге жетпегені белгілі.
33.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы. Жоңғарлар XVIIғ. 2 жарт мен XVIIІ ғ. басында әскерін жорықтап, Сібірдегі орыс қамалдарын көптеп қару –жарақтар сатып алып, әбден күшейді. Ал қазақтар 1652-ж салқам Жәңгір өлген соң ішкі батыраңқылық, өзара таққа талас, қырқыс күшейіп әлсірей береді.Әр сұлтан өз ұлысын дербес басқарып, батыраңқылық күшейген заманда хадыққа келген Әз-Тәуке (1680-1718) бұлардың бәрін тыйып , береке – бірлікті барынша күшейтуге тырысты. Сұлтандар емес, 3 жүзге 3 биді басқарып , ел болу мәселесін талқылаған, “Күлтөбенің басында күнде кеңес ”ашып жету жеті жарғыны жасап, береке бірлікті ішкі берекесіздікті бәрін тыю оны даңқа бөледі. Сондықтан сол кезде джоңғарлардың қазақ еліне шапқыншылығы барынша күшейіп кетсе де (Жоңғарлар қазан жеріне 7 жүрпін басып кірді: 1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725-1723) оларға батыл тойтарыс беріп, елді қорғап қалы. Мысалы, 1710 ж Тәуке жан елді жаудан қорғау жөнінде Қарақұмда үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақтың құрылтай өткізед. Халық жасақтары құрылып, оның бас ққолбасшылығына қанжығалы қар Бөгенбай батыр сайланады. Нәтижеде қазақтар жоңғарлармен соғыста біраз табысқа жетіп, бұрын айрылған біраз жерлерін қайтарып алады. 1718 ж тәуке хан қайтыс болған соң ішкі қырқыс, таққа талас қайта өршіді, сыртқы жау шапрқыншылығы да үдеді. 1718 ж көктемде Аягөз өзінінің бойында 3 күндік қан төгіс болды. қазақ жасақтары алғашқы 2 күнде басымдылық көрсеткенімен Әбілхайыр мен Қайып сұлтандардың бас араздығынан, соғысты келісіп, жүргізбей бірі соғысқа 2-сі қарап тұоғандықтан 3 – ші күні жеңіліске ұшырады. Сөйтіп сол жау анталап тұрған кезде өзінде де билеушілер алауыздағы үзілмеді. Қазақ халқының басына ауыр күн туды. Қазақ едінің халықаралық жағдайда ауыр болды. жоңғарлардан өзге батыста – қалмақтар, башқұрттар және орыстар – қазақтар да қазан еліне жиі – жиі шапқыншылықтар жасап отырды. Оңтүстікте - Орта Азия хандықтары көз аларды. Қазақ айналу 4 құбыласы түгел жау болып, оларды бәрімен соғысып отыруға тура келді. Оладың артына екі алып империя Ресей мен Қытай тұрды.1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді.Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады.Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі.Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді.1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті.Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді.Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен.«Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге жетіп отыр.Ел есінде сақталған «Елім-ай» әнінің бұл шұмақтары халық бұқарасының зар замандағы мұң-зарын бейнелейді.«Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтарға шабуыл мен талан-тараж түс-түстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға, Еділ бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға бір жағынан Қоқан бектері қоқандаса, тағы бір жағынан Бұхара мен Хиуаның хандары жаппай құлдыққа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің маңына ығысып барған қазақтар, Иран шахы Нәсір Афшардан зорлық-замбылық көрді. Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың еш қайсысына құлдық ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты.Қазақтардың XVIII ғасырдың басындағы (алғашқы 25 жылы) халін Ш.Ш. Уалиханов былай деп сипаттайды: «XVIII ғасырдың алғашқы 25 жылы қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьяларымен тұтқынға әкетіп отырды» .«Ақтабан шұбырындының» ауыр апаты жеті жылға (1723-1730 жж.) созылды. Бұл аппатың зардабы қазақ даласының барлық жерінде біркелкі болған жоқ. 1723 жылы көктемде тұтқиылдан шапқыншылыққа ұшырған Оңтүстік Қазастанның аудандарында, Талас өзенінің алқабы мен Сырдария өңірінде өте ауыр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің осы өңірді мекендеген ұлыстарын ойрандап, бұл осы өңірдегі егіншілік пен қала мәдениетін қиратты. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі жоңғарлар басып алған жерлердегі қазақтар уақытша жоңғар билеушілеріне бағынып, аманат қойып, ауыр алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Орта жүздің сұлтаны Әбілмамбет пен Ұлы жүздің ханы Жолбарыс осылай істеді.
Аңырақай шайқасы — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі (1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730). Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келді (1727). Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы бедерлі жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40 – 45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Итішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Аңырақай шайқасына 30 – 35 мың қазақ, 35 – 40 мың жоңғар әскері қатысты деген болжам бар. Орыс зерттеушілерінің деректеріне қарағанда 1723 – 25 жылдары қырғынға көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10 мың жасақ шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15 мыңдай болған.. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әртүрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы Дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қарабатыр, жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақты Саңырық, ысты – Төлек, шапырашты – Қазыбек бек, албан Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), Кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17 – 20 жасар Әбілмансұрдің (Абылайдың) жауға «Абылайлап» шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар – шымыр Ақша, күнту Барлыбай, сиқым Қарабатыр, т.б. шейіт болды. Итішпестің Алакөлі маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады. Оған шайқастың соңғы жағында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Болат ханның інісі Сәмеке (Шахмұхамед) ұлы хандыққа сайланбады. Көпшілік Болат ханның баласы Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолының көбісін Сәмеке хан соңынан ертіп солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Бұл жеңіс Орта Азиядағы саяси ахуалды күрт өзгертіп, етектен тартқандар енді қазақ елімен санаса бастады. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.