
- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. 1457 жылдың күзінде Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті
Қыпшақта Ақ орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады. Cөйтіп 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы еді.
28.XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрібірауыздан мойындап отыр. Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша, алғашқы қазақ ханы Керей хан болған. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".