
- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
1. Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;
пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.1) Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан - 12 мың жылдыққа дейін). Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі.2) Мезолит – орта тас дәуірі ( б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).3) Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит ( б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мың жылдықтар).Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка мен Азия территория-ларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар. Қазақстанның табиғат жағдайлары және ертеде өмір сүрген гоминиттердің ортасы. Тас ғасырын археологиялық дәуірлеу және оның хронологиясы. Кейінгі палеолиттік ескерткіштер Қазақстанның Жамбыл облысындағы Қаратаудан өткен ғасырдың 50 жылдарында, ғалым Қ.Алпысбаевтың зерттеуімен табылған болатын.Бізге Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы сонымен қатар Шу өзенінің жағалауын-дағы Қазанғап қоныстары белгілі. Бұлардан көбінесе тастан жасалған шапқыштар табылған.Мыс: ТӘҢІРҚАЗҒАН – Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының солтүстік –шығысынан 34 км жерде табылған ерте палеолит дәуірінің ең ірі қоныс орны. Зерттеу жұмыстары 1958 жылы Қ.Алпысбаевтың басшылығымен жүргізілген болатын.Қазба жұмыстарының барысында шақпақ тастардан жасалған екі жағы өңделген доғал шапқыштар, қол шапқылар ж.т.б. еңбек құралдары табылды. Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан.Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Кейінгі палеолит ескерткіштері Орталық және Шығыс Қазақстаннан табылған. Батпақ, Семізбұғы, Қарабас осындай ескерткіштер тобына жатады. Бұл дәуір тас өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп, белгілі бір дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды. Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д. 12-5 мың жыл қамтиды. Бұл кезеңнің ерекшелік-теріне тоқталатын болсақ, мезолитте садақ пен жебені ойлап табуға байланысты аң аулау үрдісі күшейіп, соның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды. Бұл кезеңнің тағы бір жаңалығы – ұсақ тастардан жасалған микролиттер болатын. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген.Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Мезолиттік тұрақтар өзендер мен көлдердің жағалауларына орналасты. Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық сағаларынан табылған тұрақтар оған дәлел. Ал Маңғыстауда (Қызылсу) белгілі мезолиттік тұрақтар бар. Неолит - жаңа тас ғасыры, тас өңдеу техникасының жоғары дамыған кезеңі.Еңбек құралдарының жаңа түрлері дәнүккіш пен балта пайда болды, сонымен қатар адамдар қыш құмыра (керамика) жасауды үйренді.Сондықтан бұл кезеңді кейбір деректерде «қыш құмыралар» кезеңі деп те атайды. Соңғы жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Келтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит дәуірінің қоныстарын 1926 ж. М.П. Грязнов пен М.Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде археолог ғалым С. Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» және «Усть-Нарым» қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде Хорезм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.Х. Марғұланның, тас дәуірінің маманы Х.А. Алпысбаевтың еңбегі зорБатыс Қазақстанда Келтеминар мәдениетінің бір түрі – батыс-қазақстандық үлгісі оқшау көзге түседі, оны С.П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар мәдениеті б.з. дейінгі 4 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдың бас кезінде болған және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір территориясын қамтыған. Батыс Қазақстанда Шаңдыауыл, Құлсары, Шатпакөл, Қайнар, Жыланқабақ, Сарықамыс, Шаянды және т.б. тұрақтар бар. Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады.Энеолитте мыс пен тастан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылды.Мысты тас ғасырында еңбек бөлінісі мен аталық ру орнады.Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалар-дың гүлденуімен байланыстырады. Қаз.терр ерекше ескерткіш Солт.Қаз Ботай тұрағы болып табылабы. Ботай тұрағы 3-2 мыңж жатады, қазу кезінде 158 тұрғын үй табылған. Сонымен қатар, Маңғыстаудан энеолит дәуіріне жататын Шебір тұрағы табылды.Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дәуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы және алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.
3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Шаруашылығы: Дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. ОңтүHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"стHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"ік ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"азақстан мен Жетісудан қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96"олаHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96" дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары Таутары, Бесарық, Алакөл ойпатында Қарақұдық қорымы зерттелген еді. Олардың мерзімделуі — біздің заманымызға дейін XVI—XIII ғасырлар.. Өлікті жерден қазылған, бетін үлкен қақпақ тастармен жапқан қабірге жерлеген, өлікті өртеп барып қою ғұрпы басым болған. Өлген адаммен бірге қыш кұмыралар қойылған. Олар көбіне тарақ жүзді өрнекпен өрнектелген. Жетісудағы кола дәуірі қорымдарының үлгісі ретінде Қаракұдық кешенін алуға болады. Ондағы жер беті құрылыстары тақта тастардан шеңберлей немесе тіктөртбұрыштанып соғылады. Қабірдің екі түрі кездеседі: ірі қақпақ тастардан жасалған тас сандық және қабырғасы тақта тастардан каланған тас сандық (циста). Сонымен бірге қабірден қола айна, қола моншақтар, білезіктер, қыш ыдыстар табылған.
Андронов мәдениеті. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті-ғылымда Андронов мәдениеті деп аталды. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған оңт.Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- Андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 ж Б.В.Андрианов жүргізген. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: 1) Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі)-б.з.б. ХVIII-XVIғғ 2) Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) - б.з.б XV-XIIIғғ 3) Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) - б.з.б ХІІ-VIIIғғ Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі ерекшеліктері мынадай: *Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі *Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал және егін шаруашылығы болып бөлінуі; *Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті; *Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болған. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазаұстанның оңтүстігінен табылды.Жетісудың орта қола дәуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы ашылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесі ашылд
4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. Сақтар (б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғғ.). Б.з.д. 1 мың. Орт.нан бастап Қаз-н жеріндегі көшпелі тайпа «сақ» атауымен белгілі. Жазба дерек/р.ң мәліметі б.ша о/р Қаз-ң барлық этникалық терр-нда қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңт.те тиграхауда сақтары (гр. Дерек/рінде массагет/р, дон тайпа/ры), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.Солт. шығыста – аримаспы, Орта Қаз.н – исседон/р, Батыс савромат/р, Геродот б.ша савромат/р аржағында, «биік тау.р.ң етегінде», оңт.к шығыс Орал тау/ры болуы мүмкін, аргипей тайпа/ры өмір сүрген.Жазба дерек.рі: Антика.қ автор Арриан.ң дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езі.ң сатрап.ры (қызметші.рі) арқылы басқарды. Олар патша.ң белгілі бір аймақтағы н.е тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақ.р.ң басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпа.қ ақсүйек.р болатын.Геродот грек автор/ры.ң көпшілігі сияқты сақ/рды "азия.қ скиф/р" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солт.к Қара теңіз өңірі мен Алд. Азия.ң көшпелі тайпа/рына қатысты қолд.ды Ертедегі гр. географы әрі тарихшысы "География" еңбегі.ң авторы Страбон.ң (б.з.д 64 — б.з 23 ж.ж) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізі.ң шығысына қарай тұратын/р массагет/р мен сақтар делінеді. Шығ. ирандық көшпелі тайпа/р жазба.рнда сақтар жайлы "турлар" делінген.Материал.қ және рухани мәде.і: Далалық өркениет Күнге, табиғат күш/рі мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осы.ң барлығы "аң стиліндегі" олар.ң қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелі/р.ң идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтар.ң өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейне/р символикалық мәнге ие болды. Жауынгер.ң бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүние.ң келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киім.ң жоғ. жағындағы алтын қой.ң бейнесі Митра Құдайы.ң кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебе.р күн7ң сәулесі болып есептеледі." Алтын адам.ң" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киім.ң беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалық.ң белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейне.рді бір жерге топтастырады: құс — жоғ. әлем, аспан; ат — орт. әлем, жер; ешкі — төм. жақ, жер асты әлемі; қанатты жебе/р — Жер.ң 4 тарабы. Бұл рәміз көсем.ң билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғ. билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты. Бас киімдегі ағаш басындағы құс/р.ң бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейне/р өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күн.ң жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап, Құдай.рға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құс/р бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанат/р "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді.Әскери жасау/рда жыртқыш/р.ң яки барыс.ң, арыстан.ң, жолбарыс.ң, қасқыр.ң бейнеленуі осы аң/р.ң жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыс.ң бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солар.ң бейне.рі мен табыну бұйым.ры алтарь және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.Белгілі бір түс және олар.ң туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдау.ң маңызды элементі деп табылады. Киім.ң қызыл түсі және оның алтын жасауы — Күн.ң түстері, күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоция.қ сипаттама.р Құдайға және күйдіретін Күн.ң буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі.Осылайша сақ/рда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістік.ң антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.Қоғам.қ құрылысы:Сақ қоғ.да халық-ң 3 тобы б-н.Олар:жауынгер/р,абыз/р,қауымшыл сақ.Патша/р.ң белгісі жебелі садақ б-ды.С әйел.рі қоғамдық өмір.ң барлық сала.рына,тіпті соғыс шайқас.рына да ер/мен бірдей қатынасып,ерлік көрсетіп отырған.Б.з.д 4-5 ғ-р-ң өзінде-ақ сақ/р.ң қоғамдық құрылысы.ң сол заманғы прогрес.ң неғұрлым жоғ. сатысына көтерілгендігін,оған эконом-қ ж.е саяси алғы шарт-р-ң болғандығын көрсетеді.
5)Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы Ұлы «Жібек Жолы» —ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз(620-630ж.ж) Б.з.б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар -Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай. -Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. -Дала жолыжолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:Батыстан шығысқа бакғытталатын жол,Іле бағыты, Еуропа бағыты,Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттарыЖол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан,Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды.
6) Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Үйсіндер б.з.б. IIIғ – б.з. IVғ (700 жылдай өмір сүрген мәдениет).Саяси тарихы. б.з.б. II ғ-дан бастап қытай жазб-нда бат-ғы көрші-р үйсін-р тур дерек-р кездеседі. Үйсін қытайша «аспан елі» деген ұғым.Қытай-ң сипаттауы бойынша үйс-р «аққұбаша, сары шашты». Антропологиялық жағынан еуропоидтық. Б.з.б. II ғ-да үйсін-р Жетісуға қоныс аударды. б.з.б. 138ж Қытай императоры Уди-ң елшісі Чжань – Цянь үйсін және қаңлы ел-ін 13 ж-й аралап, дер-р жинап қайтты. Сол дерек-р бой-ша Қытай тарихшысы Сымя–Цянь кітап жазды. Ондағы:Үйсін-р астанасы – Ыстықкөл бойындағы Қызылаңғар (Чигучен немесе Чегу) 1)жоғары билеушісі – гуньмо (күнби) 2) халқы-ң саны – 630 мың 3) түтін саны – 120 мың 4) әскер саны – 188 800 мың5Байлар-ң жылқысы 5) мыңға дейін жетеді. Байлар жылқы-ына таңба салған.Үйсін мем-ті Бат, Орт, Шығ болып 3-ке бөлінген. 3 бөлік-ң басшысын – «бек» деп атайды. Бекке тайпа көсем-і, әскербасы-р табынған. Үйс-р қытай-ң Хан империясымен елшілік, туысқандық қатынаста болған. Олар бірігіп Бат-ғы қаңлылар, Шығ-ғы ғұн-мен соғ-қан. Архео-қ еск-р. Үйсін-ң арх-қ ес-ші қорған-р мен оба-р,қоныс-р. Олар негізінен Жетісу мен Тянь-Шаньда. Тарбағатай бөктер-інде шоғырланған. Үйс. қорған-ң айналасын қазандай тас-мен көмкеріп қояды. Үйсін қорған-ы 3 топқа бөлінеді:1-ші топқа жататын-р – Сол-тен Оңт-ке қарай тізбектеліп салынады.2-ші – 3-3-тен топталып салынған3-ші– шашыраңқы, берекетсіз салынғанАқтас қонысы. мал бағумен қат егін-пен де айнал. Оған дәлел – 60 шаршы м-ден 150 шаршы м-ге дейін өңделген егіс алқабы табылды. Қазба жұмыс-ы кезінде тас кетпен, қала орақ, дәнүккәштер табылды.Тау бөктер-гі қыста тұруға арн-ған шикі кірпішпен салынған үйлер-ң орны табылды.Қарғалы шатқалынан табылған алтын тәті (диадема). Қаңлылар(б.з.б. II-II ғ. – б.з. V ғ)Саяси тарихы. Оңт. Қ-ды мекендеген иран тілдес тайпа. Қаңлы-р тур. дерек-ді қытай жазб-нан және ирандық-ң қасиетті кітабы «Авестадан»кездестіреміз. Б.з.б. 138 ж қаңлы еліне қытай императоры Удидің елшісі Чжань-Цянь келіп, 13 жалдай саяхаттап қайтты. Оның жазб-на сүйеніп, тарихшы Сыма – Цянь кітап жазды. Ондағы дерек-де: «қаңлы-р саны -600 мың, түтін саны- 120мың, жауынгер-р саны- 120 мың». Қаңлы-р б.з.б. 46-36ж-ры ғұндармен одақтасып, қытай-мен соғ-қан. Қаңлы-р Сол-гі көрші-і сармат-р мен алаң-ды тәуелділікте ұстаған. Ұлы Жібек жолы бақылауында ұстап, Қытай, Рим, Кушан, мем-мен сауда және егіншілік қатынаста болған. Қоғам-қ құрылысы. Қаңлы мем-кеті 5 иелікке бөлінген. Иелікті кіші хан-р басқарған, олар жоғары бас ханға бағынған. Хан-ң 3 уәзірі болған. Астанасы – Битянь. Ғалым-ң пікірінше, Түркістанға немесе Таразға жағын жерде орн-н. Салық жинау жүйесі қалыптасқан. Архео-қ ес-і. Қаңлы-ң арх-қ е-рі Сырдария бой-да орн-қан. Оларды өзгешіліктеріне қарай ғалым-р 3 мәдениетке бөледі: 1)Қауыншы мәдениеті – Ташкент төңір-де таралған. Ерекшелігі - қайтыс болған адамды киімімен жерлеген. Қабір-ң ішіне тамақ, су құятын ыдыс-р құйған. Мұндай жерлеу дәстүр-і б.з.I мыңж-та алғ-қы жартысында кең тараған. 2)Отырар-Қаратау мәдениеті – Сырдария-ң орта ағысы, Қаратаудан бастап Талас өзеніне дей-гі ар-та таралған.3)Жетіасар мәдениеті – Арал маңы, Қуаңдария мен Жаңадария аңғ-да тараған.Жақсы зерттеліп, мол мағлұмат беретін ес-р: 4) Көк – Мардан қала-ң орны. Қала шағын, тұйық көше-ден тұрған. Үй-р ортасында тік бұрышты жерошақ болған. Қабырға-ды жағалай аласа сәтілер орналасқан.5)Қостөбе қонысы. – Пұшық-Мардан қала-ның маң-да орналасқан. Қала б.з. 1 мыңж-ң алғ-қы жарты-да салынған.. Металл өндірісі, темір ұсталығы, қала құю, зергерлік ісі жақсы дамыған. 7)Құлаата қаласы. Қала 5 га жерді алып жатыр. Металл өңдеу-ң ірі орталығы болған ж/е металл балқытатын оны табылды. 8)Мардан қорымы. Б.з.б. 2 ғ-дан бастап айналысқа түскен қытай теңге-і табылды. Ғұндар(Б.з.б.- IVғ. б.з.IIIғ)I. Саяси тарихы. б.з.б. IV ғ - дан Моңғолия территориясын жауынгер ғұн тайпа-ы мекендеді. Ғұн-р тур. ең алғаш рет б.з.б. III ғ. аяғында Қытай жазб-да п.б. Б.з.б. 209ж. ( III ғ.- аяғы) Л.Гумилев-ң дерегі бой-ша қолбасшы Мөде ғұн тайпа-н біріктіріп, мем-кет құрған. Жоғ. Билеушісі-шаньюй. Ғұн мем-ң құрамына 24 ру кірген. 24 руды шаньюйдың туысқан-ынан тағайынд түменбасы-р басқарған. Әрбір түменбасы-ң қарамағында 10 мыңға атты әскер болған. Мем-кет әскери демократия тәртібімен басқарылған. Мем-кет оң, орталық, сол болып 3 қанатқа бөлінген. Маңызды мәселе-р жылына 3 рет жиналатын ақсақал-р кенесіңде талқылаған. Ғұндар қытай-мен 300 ж-дай соғысқан. Қытайлар ғұн-ға салық төлеп тұрған және олардан қорғану үшін қорған соққан. Мөде әскери реформа-р жасап, мем-ті күшейтті, ғұндар Оңт-гі дунхуа-ды жеңді. Мем-ң шек-сы – Солт-те Байкалдан Оңт-те Тибетке дей., Бат-та Шығ. Түркістаннан Шығ-та Хуанхэнің орта ағысына дей. созылды.Б.з.б. 55 ж. Ғұн-р солт. және Оңт. боп 2-ге бөлінді. Оңт. Ғұн-ды қытай-р, ал Солт ғұн-ды Чжи-Чжи бастап Жетісудағы Талас өзен-ң бойына келіп қоныстанды. Ғұн-р мен қаңлы-р әскери одақ құрып, үйсін-қытай одағына қарсы соғысты. Ғұн-р жеңілген соң, қаңлы-мен одағы үзілді. Ғұн-р Талас бойына 2 қала салып, бекінді. Бұл қала-ға қытай-р шабуыл жасап, толықтай қиратты. Чжи бастаған 2 мыңдай ғұн-ды өлтіріп, қалған-ын құлдыққа сатты. Осылайша, ғұн-р-ң 1-ші келуі (Қаз-ға) сәтсіз аяқталды.Ғұндар-ң 2-ші келуі- б.з.б. 93 ж. болды. Осы жолы ғұн-р тоқтамастан көшіп, Европаға жетті. Ғұн-ң осы көшін тарихта «Халықтар-ң ұлы қоныс аударуы» д.а. Ғұн-ң ұлы патшасы – Аттила (Еділ) Европаны дүр сілкіндіріп, Рим империясын құлатты. 451 ж. Каталау даласында үлкен шайқас болды. 453 ж . Аттила қайтыс болған соң, Европадағы ғұн мем-ті ыдырады. Аттила-ң жорық-ы тур деректі рим тарихшысы Прискі-ң еңбек-нен оқимыз. Ғұн жорық-ң тарихи маңызы:1) Құл иеленуші құрылысты құлатты 2) Европаны римдік-ден азат етті. Аттила тур еңбек-р VI ғ-дан бастап әлі күнге дей. жазылуда. Ең көрнектісі – Джзуппе Верди «Аттила» операсы.
.
7. Бірінші Түрік қағанатының тарихы VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар.Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар біріккен. Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.Түріктер әуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерлерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрып, 587 ж. Бұхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді.Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.
8.Көне түрік жазба ескерткіштері. түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. К. т. ж. е. арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. К. т. ж. е. табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М. Ядринцев 1889 ж. Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735 ж.), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732 ж.) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары “Сібір руналарына”, Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға ұқсас (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан “руникалық” немесе “руна тәріздес” деп те аталды). Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 ж. түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В. Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді (қ. Күлтегін жазуы). Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін К. т. ж. е. тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығ. Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 ж. Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е. Малов, Х.Н. Оркун, А.М. Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де К.т.ж.е-нің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл обл.) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы обл.) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңт. Қазақстан обл.) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н. Бернштам 1948 ж. жариялады (Шығ. Қазақстан обл.). Сондай-ақ 1985 ж. Шығ. Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 ж. бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе обл.) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 ж. жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М. Мелиоранский, В.Банг, Г.И. Рамстед, А.Габэн, С.Е. Малов, В.М. Насилов, И.А. Батманов, А.Н. Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.