Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12клЛабыЭкзамен-7-12кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.47 Mб
Скачать

Көлбеу жазықтықтың пәк -нiң көлбеулік бұрышына тәуелдiлiгiн анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Дененің көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты қозғалысы кезінде орындалатын жұмысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: транспортир, штатив, сызғыш, динамометр, ағаш білеуше, ағаш тақта.

Жұмыстың барысы:

1. Трибометрді тұрғыға бекітіп, көлбеу орналастырыңдар.

2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығын өлшеңдер.

3. Білеуге динамометрді іліңдер

4. Білеуді көлбеу жазықтық бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар, F тарту күшін өлшеңдер.

5. Дененің көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты қозғалыс кезінде атқарылатынтын Ат жұмысты келесі формула бойынша есептеңдер :

Ат=Fl

6. Б ілеушені көтеретін h биіктікті өлшеңдер.

7. Білеушеге әсер ететін Fa ауырлық күшін анықтаңдар.

8. Білеушені биіктікке көтергендегі Ап жұмысты формула бойынша есептеңдер.

Aп= Fah

9. ПӘК-ін формула бойынша есептеңдер: = 100%

10. Көлбеу жазықтық биіктігін өзгерте отырып, тәжірибені екі рет қайталаңдар.

10. Өлшеу және есептеу нәтижесін кестеге толтырыңдар.

Тәжірибе

Көлбеу жазықтықтың биіктігі

h,м

Трибометрдің ұзындығы l, м

α

Fa,Н

Білеуді тік жоғары

көтергендегі пайдалы жұмыс

Aп=Fah, Дж

Тарту күші

F,Н

Ат , Дж

ПӘК

ŋ,%

0,2 м

0,495 м

1

0,2

0,64

0,32

62%

0,25 м

0,25

0,8

0,396

64%

0,3 м

0,3

0,88

0,435

68%

11. Өлшеу қателігін есептеңдер:

Қорытынды. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і көлбеулік бұрышына тура пропорционал.

Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: әртүрлі денелердің меншікті жылу сыйымдылықтарын тәжірибе арқылы анықтап, кестедегі мәндерімен салыстыру.

Құрал-жабдықтар: термометр, ыстық су құйылған ыдыс, салқын су құйылған ыдыс, калориметрлік денелер жинағы, калориметр

Ж ұмыс барысы:

1 тапсырма Дененің массасын анықтау

  1. Электрондық таразының бөлік құны 1г

  2. Таразының көмегімен калориметрлік дененің массасын өлшеңдер.

2 тапсырма Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын өлшеу

  1. Стақанға абайлап 150 г ыстық су құйыңдар.

  2. К алориметрге 150 г салқын су құйыңдар.

  3. Калориметрдегі суды термометрмен араластырып, салқын су температурасын өлшеңдер.

  1. Ыстық су құйылған стақанға калориметрлік денені абайлап салыңдар.

  2. 1 -2 минут өткен соң, калориметрлік дене батырылған суды араластырып, стақандағы тұрақталған су мен дене температурасын өлшеңдер.

  1. Өлшеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.

  2. Іскек немесе ілгіштің көмегімен калориметрлік денені ыстық су құйылған стақаннан алып, салқын су құйылған стақанға абайлап батырыңдар.

  3. Суды араластырып, калориметрдегі су температурасын өлшеңдер. Нәтижені кестеге жазыңдар.

  1. Салқын судың алған жылу мөлшерін келесі формула бойынша есептеңдер:

Q=4200

Мұндағы сс –судың меншікті жылу сыйымдылығы, m1 –салқын судың массасы, t- калориметрлік дене мен судың температурасы, t1- калориметрге құйылған судың бастапқы температурасы.

  1. Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер:

Мұндағы m- калориметрлік дененің массасы, t- калориметрге құйылған судың температурасы, t2 – калориметрлік дененің бастапқы температурасы.

  1. Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.

Тәжірибе №

Калориметрдегі суық судың массасы m1, кг

Калориметрдегі судың бастапқы температурасы t1 ,0С

Калориметрлік дененің массасы m, кг

Калориметрлік дененің бастапқы температурасы t2,0С

Су мен калориметрлік дененің жалпы температурасы t,0С

1

0,15

19

0,08

62

21

2

3

  1. 3-11 тармақтарын басқа денелермен қайталаңдар.

Қорытынды. Калориметрлік дененің меншікті жылу сыйымдылығы өлшеу қателігімен есептегенде мынаған тең болды:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]