Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12клЛабыЭкзамен-7-12кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.47 Mб
Скачать

ФИЗИКА МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Физика пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға арналған көмекші құрал

(7-11сынып)

Семей қаласы

2012 жыл

Физика пәні бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға арналған оқу құралы физика- математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» 7-12 сыныпқа арналған физика пәні бойынша эксперименттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Бұл көмекші құрал оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін арттыруға және өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз.

Көмекші құрал бойынша жұмыс жасаған: физика пәнінің мұғалімі Балажігітова Н.Қ.

Құрметті оқушы!

Сіздерге ұсынылып отырған жинақ зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға арналады.Ол өздеріңнің теориялық білімдеріңді тексеруге арналған оқу құралы болып табылады. Ұсынылып отырған жинақ оқу жұмысын өз бетінше жасаудық практикалық дағдыларын қалыптастыруға, материалды жүйелеуге, талдауға, салыстыруға,жинақтап қорытуға,ғылыми тұжырым жасап, оны эксперимент жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Берілген жинақта зертханалық жұмыстар мен тәжірибелік жұмыстардың құрылымы көрсетілген.

  1. Жұмыстың тақырыбы. 7-11 сыныпқа арналған физика пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған

  2. Жұмыстың мақсаты. Оқушылар берілген тақырыпқа сәйкес тұжырымдайды.

  3. Құрал-жабдықтар. Эксперимент жүргізуге берілген аспаптар тізімі.

  4. Жұмыстың барысы. Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі осы бөлімде сипатталады. Қажет болса қондырғы сызбасы салынады. Өлшеу және есептеу нәтижелерін жазатын кесте сызылады. Кестенің астына формулалар жызылып, математикалық есептеулер жүргізіледі. Өлшеу қателігі шығарылып, талап етілсе графиктер тұрғызылады.

  5. Қорытынды.Әр оқушы эксперимент нәтижесі бойынша жазбаша түрде тұжырымдайды.

Ең алдымен оқушы «Жұмыстың барысымен» мұқият танысып шығады. Нұсқаулыққа сүйене отырып және қажетті аспаптарды, құралдарды пайдаланып қондырғыны құрады. Эксперимент жасап, қажетті өлшеулер мен есептеулер жүргізеді. Өлшеу және есептеу нәтижелері кестеге толтырылады.

Бұл жинақ ішіндегі зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізген аспаптар PHYWE компаниясының құрал -жабдықтары. Өлшеу қателігі сіздердің аспаптарыңызбен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ жұмыс барысында, өлшеу қателіктері мен салыстырмалы қателікті есептегенде көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Назар аударыңыздар! Зертханалық жұмысты орындауғы кіріспес бұрын физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысуларыңыз қажет.

Физика кабинетіндегі(зертхана) қауіпсіздік техникасы бойынша оқушыларға арналған нұсқаулық

  • Жұмыс жасау барысында өте ұқыпты, сақ, тәртіпті болыңдар; мұғалімнің нұсқауын бұлжытпай орындаңдар.

  • Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдырып кетпеңдер.

  • Жұмыс орнындағы аспаптарды, материалдарды, құрал-жабдықтарды мұғалімнің нұсқауы бойынша реттеп орналастырыңдар.

  • Жұмыс орнында тапсырманы орындауға қажеті жоқ заттар болмасын.

  • Жұмысқа кіріспес бұрын, оның сипаттамасымен мұқият танысып, оның орындалу тәртібін меңгеріп алыңдар.

  • Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау ток көзі ажыратылған кезде жасалуы тиіс.

  • Ток көзіне мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.

  • Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар, жоқ екенін кернеу көрсеткіштің көмегімен тексеріңдер.

  • Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

  • Бақылаулар және өлшеулерді орындағанда, ашық сымдарға тиіп кетпес үшін өте мұқият жасаңдар.

  • Конденсаторларға ток көзі ажыратылған соң да тиісуге болмайды, оларды алдымен разрядтау керек .

  • Сынап организмге қауіпті, сондықтан термометрді дұрыс қолдана білген жөн.

  • Спиртовканың темір қақпағы болуы керек.

  • Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған жөн.

  • Жұмыс соңында алдымен ток көзін өшіріп, содан кейін тізбекті бөлшектеңдер.

  • Аспаптардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, мұғалімге хабарлаңдар.

Серпінділік күшiнiң серiппенiң ұзаруына тәуелдiлiгiн зерттеу. Серiппенiң қатаңдығын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтау. Гук заңын тексеру.

Құрал-жабдықтар: штатив, серiппе, сызғыш, сағат немесе секундомер, массалары 100 г жүктер жиынтығы.

Жұмыстың барысы:

  1. Тұрғыға серіппені бекітіңдер.

  2. Тұрғыға миллиметрлік бөлік құны бар сызғышты орнатыңдар.

  3. Сызғыштың бөлік құнын анықтап, жазып алыңдар.

  4. Серіппеге массасы 100 г жүкті іле отырып, серіппенің ұзаруын өлшеңдер.

  5. Серіппеге 200 г және 300 г жүктерді іле отырып, серіппенің ұзаруын анықтаңдар.

  6. пайдаланып серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

  7. Өлшеу және есептеу нәтижесін кестеге жазыңдар.

  8. График тұрғызыңдар.

  9. Абсолют және салыстырмалы қателікті анықтаңдар:

F,Н

l0,м

l

к, Н/м

корт , Н/м

, Н/м

,%

1

0,98

0,178

0,226

0,048

20,4

20,3

0.5

2,5

2

1,96

0,178

0,278

0,1

19,6

3

2,94

0,178

0,316

0,138

21

Қорытынды. Серпінділік күші серіппенің ұзаруына тура пропорционал.

Қатты дененің тығыздығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: қатты дененің тығыздығын эксперимент арқылы анықтау.

Құрал-жабдықтар: таразы, өлшеуіш цилиндр (мензурка), тығыздығы табылатын қатты дене, жіп.

Жұмыстың барысы:

  1. Таразыны пайдаланып дене массасын өлшеңдер. Электрондық таразының бөлік құны 1г

  2. Өлшеуіш цилиндрдің бөліктерінің құнын анықтаңдар. Бөлік құны 1см3

  3. Цилиндрге су құйыңдар және оның көлемін V1 анықтаңдар.

  4. Цилиндрге жіп байланған денені салып, сұйық пен дене көлемін V2 анықтаңдар.

  5. Дененің көлемін анықтаңдар: V=V2-V1

  6. Дененің тығыздығын есептеңдер:

  7. Тығыздықты кг/м3-пен өрнектеңдер.

  8. Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірибе

Тығыздығы

анықталған

дене

Дененің массасы m,г

Дененің көлемі V,см3

Тығыздық

г/см3

кг/м3

1

алюминий

28

10

2,8

2800

V=V2-V1=160 см3 -150 см3 =10 см3

=2,8 г/см3

Қорытынды. Қатты дененің тығыздығын эксперимент арқылы анықтап, мынандай өлшеу қателігімен жазуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]