Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар (этно) 28-36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.21 Кб
Скачать

31. Орыс халқы мемлекеттегі этнопсихологияның даму тарихына эссе жазыңыз.

Ресейде этнопсихология ғылым ретінде шетелдегі М Лацарус, Х. Штейнталь және В.Вундттың халықтар психологиясы теориясынан 10 жыл бұрын пайда болған. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында этнопсихологиялық зерттеулер кең трде болды.. Ресейде этнопсихология білімнің ең маңызды бөлімі болып саналады. Көп халықты мемлекеттің дәстүрлі психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге себеп болды.

Выготский Лев Семенович (1846-1934). Көрнекті психолог ғалым психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімнің методологиялық принциптері тұрғыснан ісдестірді. Выготский адам психикасының мәдени тарихи дамуы және бала психикасының жақын арадағы даму аймағы деп аталатын тұжырымдарын айрықша атап өтуді қажет етті. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.

Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зарттеле түсті. Егер И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М.Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті.

К.Д.Ушинский: «Мінез мінезбен тәрбиелейді» - деген болатын, «Ата-аналардың балалар алдындағы беделінің басты негізі олардың өмірі мен жұмыстағы қызметі, адамгершілік қасиеттері, олардың мінез-құлқы» - дейді. Осыған орай отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің көбісін ол ата-аналардың балалар алдындағы беделінің көріністерімен байланыстырды.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мүғалім бұл жағдайда дайы білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.

32. Әлеуметтенудің этномәдени вариативтілігіне өз көзқарасыңды білдір.

1. Әлеуметтені, инкультурация, мәдени трансмиссия

Балалардың әлеуметтенуінің қазіргі салыстырмалы-мәдени зерттеулерін шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

  • Әлеуметтену процесін зерттеу, оның құралдарын, әдістерін және халқының мәдениетін балалардың үйренуінің спецификалық тәсіл – амалдары.

  • Балаларды тәрбиелеудегі өзара байланыс және басқа да қоғамның аспектілерін зерттеу. Ең негізгі назар мақсат пен тәрбие беру құралын және оның нәтижелерін бақылайтын, анықтайтын әлеуметтік институттарға аударылады.

  • Әлеуметтенудің тікелей нәтижелерінің шартталған мәдениетпен салыстырылуы.

  • Әлеуметтенудің алшақ нәтижелерін зерттеу, яғни, балаларды тәрбиелеу әдістерінің өзара байланысы мен ересек адамның мінезі, біз білетіндей, «Мәдениет және тұлға» теориясының негізгі, өзекті мәселесі болып табылады. Бірақ, қандай да бір мәселелер қаралмасын, олардың барлығы дерлік балалардың өзінің халқының мәдениетіне енуімен байланысты, яғни, инкультурациямен. Бұл терминді мәдени антропологияға енгізген М.Херсковиц болды.

Инкультурация процесінің соңғы нәтижесі – адам. М.Херсковиц әлеуметтену және инкультурация процесінің бірдей жүретінін және де адамның мәдениетке қосылмай тұрып, қоғамның мүшесі ретінде бола алмайтындығын ерекше айтып өтіп кеткен. (Herskovits, 1967).

М.Херсковиц инкультурацияның екі деңгейін бөліп көрсетті:

  • Балалық шақ, мұнда тілді, нормаларды және мәдениеттің құндылықтарын үйрену жүзеге асады.

  • Ересек шақ, адамның мәдениетке қосылуы оның жеткіншек шаққа жетілуімен аяқталып қоймайды. Екінші деңгейдің негізгі ерекшелігі – пікірталасу және шығармашылықтағы мүмкіншілігі.

Қазіргі таңда этнопсихологияда инкультурация және әлеуметтену процесін біріктіретін тағы бір ұғым - мәдени трансмиссия термині қолданылады. Жалпы, трансмиссияның негізгі үш түрін бөліп қарастырады:

  • Тігінен (тік) трансмиссия, бұл процесте мәдени құндылықтар, білімдер, нанымдар және т.б. атадан балаға беріліп отырады.

  • Көлденең трансмиссия, туылғаннан ересек шаққа дейін бала өзінің құрдастарымен қарым - қатынаста әлеуметтік тәжірибелер мен мәдени дәстүрлерді игереді;

  • Бұрма(тура емес) трансмиссия, мұнда индивид әлеуметтенудің арнайы институттарында (мектеп, ЖОО) білім алады және отбасларынан, туысқандарынан, ересек адамдардан тәжірибе жинайды.

Г.Барри жетекшілігімен бастаған американдық мәдениантропологтар әлеуметтенудің бірнеше агенттерін бөліп көрсетті:

  • Балалардың физикалық және эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және оларды күтетін қамқоршы;

  • Жазаларды үлестіретін дисциплинатор;

  • Балаларға білімдер мен дағдыларды беріп, үйрететін тәрбиешілер;

  • Балалармен бірге іс – әрекет жасауға қатысатын компаньондар;

  • Балалармен бірге бір үйде өмір сүретін, бірге тұратын адам.

2. Балалық шақ этнографиясы

«Бөлеу детерминизмі» баланы күтудің көптеген тәсілдерінің ішінде бір элементке соншама көп мән бергенде, оның баланың тұлға болып қалыптасуына мүмкін болатын әсерін де ескеру керек.

Балалық шақтың этнографиясының алғашқы теоретигі «Мәдениет және тұлға» мектебінде А.Кардинер болды. Ол адамның тұлға ретінде қалыптасып келе жатқандағы өмір сүру кезеңдерін уақытпен байланыстыра отырып, қарастырды.

М.Мид көп аймақтарда пионер болып, «өрісті зерттеу эталонын» жасап шығарды. (Лурье, 1997).

Мидтің пікірінше, агрессия махаббат пен жылулықтың жетіспеушіліген туындайды, ал, мейірімділік пен жұмсақтық жақсылыққа, пацифизмге әкеледі. Этнологтардың пайымдауынша, әскери мемлекеттердегі халықтарда балалар барлық ортақ махаббаты мен қамқорында тәрбеленеді, және осыған қоса оларда агрссивтілікке бейімділігі жоғары болып келеді.

Р.Ронер ата – ананың балаға мүмкін болатын,көрсете алатын қарым – қатынасының үш түрін бөліп көрсетті:

  • Түсінушілік (понимание), жылы қарым – қатынас және махаббат;

  • Қастасу (қарсыласу) және агрессия;

  • Индифференттілік.

Қазіргі таңда әлеуметтенудегі Ронер ұсынған өзгертулер ата – аналардың бақылауын қабылдаудағы зерттеулерде қолданылады.