
- •Этнопсихологияның ғылыми пән ретіндегі негізгі мәселелері.
- •2. Этнопсихологияның даму тарихына шолу.
- •3. Қазақ ойшылдары мен ғұлама ғалымдарының ұлттық психологияның табиғаты жайлы көзғарастары.
- •4. Жансақ нанымдар – этнопсихологияның зерттеу пәні.
- •6. Тұлғаның этноәлеуметтенуі мен мәдениеттенуі.
- •7. Адамның этностық әлемі этнопсихологияның пәні ретінде.
- •8. Әлем халықтарының ұлттық психологиялық ерекшеліктері.
- •9. Этнопсихологиялық феномендерді зерттеу мәселелері.
- •2. Қызығушылықтары мен құндылық бағыттылықтары.
- •5. Этникалық таптауырындар. (стеротип)
4. Жансақ нанымдар – этнопсихологияның зерттеу пәні.
Психологияның әр кезеңдеріндегі даму, қалыптасу тарихында сана мәселелері өзекті орын алып келеді. Жансақ нанымдар белгілі жағдайларды қабылдауынан туындайтын, танымдық іс әрекет барысында өзгерістерге ұшырасып, мінез құлық таптауырындарының, бағыттың даму, қалыптасуында негіз болатын адамның оң немесе теріс көзғарасы, қатынасы, яғни өзіндік сана сезімнің бастапқы көзі.
Жансақ нанымдардың санамызда пайда болуының, көрінуінің физиологиялық негізін кқрсететін болсақ, ол миымызға келіп түскен ақпараттардың сұрыпталу нәтижесінде жүзеге асады деп айтуға болады. Яғни, адам санасының реттеушілік, функционалдық әрекеттері негізінде ондағы ақпараттар жинақталып, реттеліп белгілі қозу және тежелу ошақтары арқылы өз бағыттарын қабылдайды.
Ендеше, жансақ нанымдар адам мен әлеуметтік орта арасындағы байланыстардан туындайтын оң және теріс ұғымдар, түсініктер болып табылатындығын сананың психофункционалдығы тұрғысынан көрсетеміз. Бұрынғы кеңестік психологияда жаңсақ наанымдарды қарастырған И.С. Кон . Ол өзінің еңбегінде көптеген ғалымдардың еңбектерін талдай келіп, олардың жаңсақ нанымдарды белгілі этностық топқа, топ мүшесіне, нақтылы обьектіге деген жаукештік немесе ыңғайсыз, жағымсыз бағыты, қатынасының эмоционалдықи таптауырынданған, тұрақтанған көрінісі және өзгерту өқпалына берілмейтін құбылыс деген анықтамаларын көрсетеді. Сөйтіп, жансақ нанымдар адамдардың ішкі бағытынан туындайтын таптауырынданған сенімдерімен сипатталады және сол топтың нақтылы қасиетін тексеруге мүмкіндік бермейтін топқа немесе жеке индивидке деген жағымсыз, теріс бағыт деген анықтаманы қолданады.
И.С. Кон этностық жансақ нанымдардың пайда болуын таптауырындар мен бағыт негізінен қарау қажеттігін және ондағы ұлттық мәдени құндылықтардың рөлін баса айтады.
Жаңсақ нанымдардың генезисін таптауырындар мен бағыттар жүйесінен қарастырған ғалымдардың бірі Тодд Нельсон. Адамның жансақ нанымдарының пайда болуы мен сезімталдық қасиеттерін байланысты. Ендеше, адам қабылдап отырған ақпаратын белгілі ой елегінен өткізіп, өңдейді
5 Ұлттық сана-сезім, ұлттық бағыт, таптауырындар және этностық жансақ нанымдар. Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана тілі. Көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыратын азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Қазақстанды мекендейтін әрбір ұлттың өзінің мемлекет алдындағы міндеті – қоғамдық байлықты, яғни мемлекеттің материалдық базасын нығайту, өмірдегі тату-тәтті тірлікті, азаматтық келісімді жолға қойып, ұлттық бірлікті сақтау. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатардағы ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік-психологиялық сезім болып саналады. Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. Ал парыз – өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары парасаттылық ұғым. Бағамдасақ, патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Әрбір халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси, мәдени, дамуына мүдделі. Ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері әм елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Ұлттық тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік қажеттіліктері: Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрғанымызда «туған ұлт», «ұлттық», «ұлтшылдық», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық тәрбие» мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің «жасампаз» интернационалистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін. Қазір уақыт өзгерді, заман басқа, уақыт сұранысына жауап беретін талап та басқа. Бүгінде ұлт, ұлттық, ұлтшылдық мәселесі жақсы мағынада елдік санаға ұласып отыр. Елдік сана дегенде ең алдымен ойға оралатын нәрсе, қазақ елінің мәңгілігі туралы идея. Бұл не деген сөз? Қазақ елінің мәңгілігі туралы идея – біздің тәуелсіз мемлекетімізде жетекші ұлттық санаға айналуы керек деген сөз. Ұлттық сана. Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
1. сезімдік, түйсіктік.
2. саналы теориялық.
1-сі ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады.