
- •Этнопсихологияның ғылыми пән ретіндегі негізгі мәселелері.
- •2. Этнопсихологияның даму тарихына шолу.
- •3. Қазақ ойшылдары мен ғұлама ғалымдарының ұлттық психологияның табиғаты жайлы көзғарастары.
- •4. Жансақ нанымдар – этнопсихологияның зерттеу пәні.
- •6. Тұлғаның этноәлеуметтенуі мен мәдениеттенуі.
- •7. Адамның этностық әлемі этнопсихологияның пәні ретінде.
- •8. Әлем халықтарының ұлттық психологиялық ерекшеліктері.
- •9. Этнопсихологиялық феномендерді зерттеу мәселелері.
- •2. Қызығушылықтары мен құндылық бағыттылықтары.
- •5. Этникалық таптауырындар. (стеротип)
3. Қазақ ойшылдары мен ғұлама ғалымдарының ұлттық психологияның табиғаты жайлы көзғарастары.
Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдіснамалық негіздерінің табиғатын, жалпы адамгершілік, таптық әлеуметтік, ұлттық қарым қатынас белгілерін ажырату арқылы беруге болады.
Қазақ психологиясының ғылыми тарихы жайлы иағұлматтар болмаған. Қазақ тарихының кеңестік дәуірдегі өзіндік баяндалу, танылу жолында да көптеген теріс жансақ нанымдарды байқаймыз.
Бұл жөнінде М. Мағауни өзінің «Қазақ тарихының әләппесі» атты деректі толғауының әуелгі сөзінде «Жетпіс жылғы комунистік билік заманында жекелеген ұлттардың тарихын жазудағы ең басты мақсат сол халықтардың тарихи болмағанын ділелдеу еді. Бұл реттегі ең озық мысал 1943жылдан бастап 1980жылға диін жазылған қазақ тарихының ресми нұсқалары.»
Қазақтың бойындағы қаншылдық, намысқойлық, жауынгерлік мінез сонау Сақ кезеңінен қалған дей аламыз.
YIII-IX ғасырлардағы Қорқыт ата нақылдарында имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік мінез бітістерінің негізін құрайиын жансаө нанымдарды ол көруге болады. Қазақтың даму тарихын сипаттай келіп, ғалым зерттеуші А.Айталы мемлекеттің дамуы отаршылдық езгі мен социалистік заман түсында үзіліп қалғандығын, ал оның егемендік алуы, мемлекеттің қайта түлеуі дәстүрлік пен тарихқа жаңаша қарауға мүмкіндік туғызып отыратындығын баса айтады. Ендеше, Қазақ психологиясының даму, жетілу тарихы оның өмір жолын зерттеу арқылы, мәдени әлеуметтік құндылықтарын талдау арқылы білеміз.
Қ.Жарықбаев халқымыздың жалпы даму тарихын, оның психологиялық қалыптасу кезеңдерін үшке бөледі. Бірінші кезіңде психологиялық ой пікірлердің ілкі бастауы, түп төркіндері. Екінші кезеңде Қазақ хандығы дәуірінен бастап азан төңкерісіне дейін психологиялық ой пікірлердің даму жағдаяты. Үшінші кезеңде Психология ғылымының Қазақстанда Кеңес өкіметі жолдарында даму тарихыү Қазақ психологиясының оның ішінде ұлттық сана сезімнің даму жолын Асанқайғы, Қ Жалайыр М Дулати Ө Тілеуқабылқлы Шалкиіз т.б этнопсихологиялық ой пікірлерініен шығаруға болады. Қазақ этносының өзіндік психологиялық ерекшеліктерін өзіндік сана сезімін жетілу деңгейіндегі динамиканы анықтауға мүмкіндік беретін және күні бүгінге дейін келген мідени әлеуметтік жағдайларының қалыптасу жолын аңғаруға мүмкіндік беретін тағлымдарды Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Махамбет жырларының көруге болады. Табиғатында ой тереңдігі барғ дарынды қазақ даласында өз елінің, жерінің қоғам қайраткері, ойшылдары дүниеге келді. Оларды саяси қоғамдық, мәдени әлеуметтік ұғымдарымен демократтар деп атады. Олардың қатарында Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың, Ө. Тілеуқабылұлы, Ш. Уалихановтың Екінші буын ретінде С. Көбековты, М. Көпеевті, Ғ. Қарашевті, С. Торайғыровты т.б жатқызамыз. Бұлардың еңбектерінде ұлттық сана, өзіндік сана мәселелері елеулі орын алады. Шоқан қазақ ақындарының суырып салма қасиетін халқымыздың ерекше көрсеткіші деп бағалады. Ал, Ы. Алтынсарин еңбектері ағартушылық бағытта, сана сезімі жаңа оянып,ғылым білімге жаңа беттеп келе жатқан халық білімдарлық, қылымда дәріптеуге шақырады. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде этнопсихологиялық ойларды С. Дөнентаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т.б сол кездегі репрецияға құрбаны болғандардың еңбектерінен көреміз. Қазақ тарихын, білім ғылымның даму жолын зерттеген ғалымдар зерттеулерінде қазаққа тән қайрымдылықты, парасаттылықты, қонақжайлылықты, адалдықты, шыдамдылыұты жақсы көрсетеді.