Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11- тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
205.31 Кб
Скачать

К әсіпорын экономикасы

Xі тарау күрделі қаржы салымдары мен инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі

11.1. Инвестициялар – экономикалық санат ретінде

Күрделі қаржы салымдары (жұмсалымдары) – кейіннен пайда алу немесе әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатымен экономиканың түрлі салаларының объектілеріне жұмсалатын мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері. Кәсіпорынның деңгейінде күрделі қаржы жұмсалымдары – негізгі және айналым қорларының көлемін ұлғайтуға және құрылымын жақсартуға жұмсалатын бір жолғы шығынның сомасы. Олардың едәуір бөлігі жаңа негізгі қорларды жасауға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, жаңартуға және техникалық жағынан қайта жарақтандыруға жұмсалады.

Кәсіпорындар күрделі қаржы салымдарды — жаңа өндірістік қуаттарды іске қосуға, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды қолдауға, еңбек жағдайын жақсарту және еңбек өнімділігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға, өнімнің сапасын арттыруға жұмсайды. Күрделі жұмсалымдар құрылыс – монтаж жұмыстарына, жабдық сатып алуға, жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау жұмыстарына, кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

Инвестициялар – капиталдың ел ішінде және шетелдегі экономикаға пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен кәсіпорындарға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға, жаңа жобаларға арналған ұзақ мерзімді жұмсалым.

Инвестицияның объектілерге жұмсалатын түрлері:

қаржы инвестициясы – бағалы қағаздарды сатып алу (қоржындық инвестиция);

нақты инвестиция – өндіріске, жабдықтар мен тұтыну заттарына қаражаттың ұзақ мерзімді жұмсалымы;

зияткерлік инвестиция – патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" сатып алу, қызметкерлерді даярлау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық талдамаларға жұмсалым.

Нарықтық экономикада мемлекет те, акционерлік және сақтандыру компаниялары, коммерциялық банктер, түрлі қорлар, жекелеген кәсіпкерлер де инвесторлар болуы мүмкін.

Инвестицияға қатысу сипатына қарай: тікелей және тікелей емес түрлерге бөлінеді. Инвестициялау кезеңдері бойынша күрделі қаржы ұзақ және қысқа мерзімді түрлерге бөлінеді. Ал меншік нысаны – бірлескен, шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестициялар болуы мүмкін.

Шетелдік инвестиция – шетел инвестиция салатын, ал мемлекеттік бюджет – қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жеке инвестиция — инвестордың меншікті қаражаты, алған несиелер мен басқа да қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ал аймақтық белгі бойынша инвестициялар – шетелдік және ішкі түрлерге ажыратылады. Инвестициялар, микродеңгейде мына мақсаттарды орындауы керек:

– өндірісті кеңейту мен дамытуға;

– өндірістің техникалық деңгейін көтеруге;

– кәсіпорынның өнім сапасын көтеру мен оның бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз етуге;

– табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға;

– бағалы қағаздарды сатып алу мен басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат салуға.

Инвестициялардың соңғы мақсаты – кәсіпорынның келешекте тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз етуге, пайданың мөлшерін барынша көбейтуге қызмет ету.

Сонымен, инвестициялар маңызды экономикалық санат бола тұрып, жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті жүзеге асыруда, пайданы барынша көбейтуде, соның негізінде көптеген әлеуметтік жағдайларды шешуде айрықша рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]