
- •X тарау
- •10.1. Қаржы туралы түсінік
- •10.2. Қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржысы
- •10.3. Кәсіпорынның қаржы ресурстары мен олардың көздері
- •10.4. Кәсіпорынның қаржы ортасы
- •10.5. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •10.6. Несие
- •10.7. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
- •10.8. Қаржы коэффициенттері
- •10.9. Қаржылық есеп беру
10.4. Кәсіпорынның қаржы ортасы
Халық шаруашылық қаржы жүйесі – мемлекеттік бюджетпен, банктермен, сақтандыру және лизингілік компаниялармен, зейнетақы қорларымен, жинақ банктермен, қор биржаларымен көрсетіледі. Осы жүйеде, қаржы рыногінде маңызды орын алады, мұнда ақшаны сатып алу - сату процесі жүргізіледі. Қаржы рыногінде тауарлар айырбасы қаржы талаптары (міндеттемелері) болып саналады. Қаржы міндеттемелері - бұл бүгін алатын ақшаға, келешекте ақша төлеймін деген уәде.
Қаржы рыногі - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі. Мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің не бағалы қағаз кепілдігімен немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып саналады.
Қаржы рыногіне қатысушылардың барлығы былай бөлінеді:
- жұмыс істейтін секторларға (кәсіпорындар, кәсіпкерлер, үкімет органдары);
- қаржы делдалдарына (коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары).
Қаржы саласында шешім қабылдау процесінде мына факторларды есепке алу қажет: уақыт, инфляция мен тәуекелдік.
Ақша ағындарын бағалауда – уақыт факторларына түзету жасау қажет. Белгілі шамадағы ақша қаражатының болашақтағы құнын мына формуламен есаптеуге болады:
ҒС = М (1 + ч)t, (10.1)
мұндағы ҒС – бүгін алған ақшаның болашақтағы құны;
М – бүгінгі күні алған ақшаның мөлшері;
ч – банк ставкасы (пайызы);
t – пайыз төленетін кезеңдердің саны.
Ал енді болашақтағы ақша ағындарын бүгінгі күнге келтіру керек болса, онда мына формуланы пайдаланған жөн:
PV = Mк / (1 + ч) t, (10.2)
мұндағы PV – болашақтағы ақша ағынының бүгінгі күндегі құны.
Ақша – ортаның белгісіздігіне, инфляцияға әсер етеді. Инфляция- айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни оның сатып алу қабілетінің құлдырауы, тауарлар мен қызмет бағаларының тұрақты өсуі. Инфляция – пайыздық мөлшерлемеге, инвесторлардың табысына, күрделі қаржы салымдарына, яғни барлық қаржы саласына ықпал етеді.
Айталық, қарызгер несиегерден 1 млн теңге қарыз алды делік, оның жылдық мөлшерлемесі 20 %. Мәміле жасаған кезде инфляция нөлге тең болған, бірақ жыл бойы оның мөлшері 10% көтерілді. Жыл аяғында қарыз алушы 1 млн 200 мың теңге қайтару керек. Бірақ несиегердің табысы 20-дан 10 %-ға төмендейді. Сонымен, инфляция әсерінен несиегердің табысы:
1 млн 200 мың / 1,1 = 1 млн 091 мың теңге.
Келесі жағдайда қарыз беруші әрине, пайыздық ставкаға инфляциялық сақтандыру пайызын қосады.
Сонда:
Пайыздың атаулы = Пайыздың нақты + Инфляцияның
мөлшерлемесі мөлшерлемесі күткен деңгейі
Қарыз беруші (алашақ) тәуекелдікті де есепке алуы қажет. Тәуекелдік - экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, ақшалай қаражаттың болжанбаған шығысына ұшырау қаупі. Тәуелділік мынадай түрлерге ажыратылады:
ақшаның сатып алуға қабілеттілігінің түсуіне байланысты инфляциялық қатер;
кәсіпорын қызметінің тұрақсыздық жағдайына байланысты операциялық тәуекелдік;
кәсіпорынның қаржы жағдайымен байланысты, қаржы-қаражаттық тәуекелдік.
Тәуекелдік факторы былай есептелінеді:
К = іс + ів, (10.3)
мұндағы К – инвесторға керекті инвестицияға жұмсалған теңгеге табыстың нормасы;
іс – тәуекелдіктен бос табыс нормасы;
ів – тәуекелдікке сыйақы.