
- •X тарау
- •10.1. Қаржы туралы түсінік
- •10.2. Қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржысы
- •10.3. Кәсіпорынның қаржы ресурстары мен олардың көздері
- •10.4. Кәсіпорынның қаржы ортасы
- •10.5. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •10.6. Несие
- •10.7. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
- •10.8. Қаржы коэффициенттері
- •10.9. Қаржылық есеп беру
К
әсіпорын
экономикасы
X тарау
Тау-кен кӘсіпорныныҢ Қаржысы
10.1. Қаржы туралы түсінік
Қаржы – ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдаланылуы барысындағы экономикалық қарым-қатынас жүйесі. Ақшалай қаражаттың қозғаласына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, жекелеген кәсіпкерлер арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы – қаржы қатынастарын қалыптастырады. Сондықтан ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болмайды. тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдалануымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып есептеледі.
Қаржы – қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді және экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Қаржы қатынастарын тұтас алып қарағанда, үш ірі салаға ажыратылады: кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қаржысы, сақтандыру және мемлекеттік қаржы.
Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде басқа кәсіпорындармен, фирмалармен бірлесіп әрекет жасайды. Олар жеткізушілер мен сатып алушылар, бірлескен қызметте серіктес болады. Ал құрылтайшы ретінде жарғылық капиталды қалыптастыруда өздерінің үлесін төлейді және банктермен, бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен өзара қатынаста болады. Қаржының ажырағысыз бөлігі - кәсіпорындар мен банктер және түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары арасындағы қатынастар.
Мұнда мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындар мен сақтандыру мекемелері арасындағы қаржы қатынастары, маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда, олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салық және аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды. екінші жағдайда – өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдары арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.
Сонымен, қаржы қатынастары тек кәсіпорынның меншіктік қаражаты мен оның табысын, шаруашылық қызметті қаржыландыруға қарыз алу көздерін тартудың, осы қызмет нәтижесінде құралған табысты бөлуді, оларды кәсіпорынның даму мақсатына пайдалануды қалыптастыруы – ақша негізінде болғанда ғана пайда болады.
10.2. Қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржысы
Қаржы жүйесі деп — өзара байланысты кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы және қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдық бөлімшілерінің жиынтығын айтады.
Әрбір ірі саланың ішінде түрлі буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінің сипатына қарай топтастырылады. Айталық, кәсіпорын қаржысы саласында коммерциялық негізде істейтін кәсіпорындардың қаржысы, коммерциялық қызметпен айналыспайтын кәсіпорындардың қаржысы.
Халық шаруашылығында негізгі қорлар мен айналым қаражатының құралуы мен пайдаланылуы, өнім өндіру, өткізу, ақшалай қорланудың және пайдалану барысында туындайтын экономикалық қатынастарды — кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы дейді.
Кәсіпорынның қаржысы — бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Өйткені ол қаржы ресурстарының бастау көзі - қоғамдық жиынтық өнім, ұлттық табыс жасалатын тікелей материалдық өндіріс саласында жұмыс істейді.
Ақша қатынастарының алуан түрлілігі, қаражаттың ауыспалы айналымы барысында қорлардың тұтас жүйесінің құралуы мен пайдаланылуы, кәсіпорынның жеткізушілерімен қарым-қатынасының күрделі жиынтығы - өз қызметі үшін қажетті материалдық құндылықтар мен қызметтерді сатып алу қарым-қатынасын жасайды.
Мердігерлермен – құрылыс-монтаж, жөндеу және басқа да жұмыстардың ақысын төлеу қатынасын; сатып алушылармен – тауарды өткізу және қызмет көрсету қатынасы; бюджетпен – салық, аударым, төлем, қаржы бөлу бойынша қатынас; банкпен – несие, ақшалай қаражатты сақтау, есеп айырысу операцияларын орындау жөніндегі қатынас; жұмысшылармен, қызметшілермен - еңбекке ақы төлеу, т.б. есеп айыру бойынша қарым-қатынастарын жасайды.
Ресурстардың қозғаласы мен тиісті қаржы қарым-қатынасын негіздеу процесі – қаржы жоспарлауының негізін құрайды. Оның негізгі міндеттері:
- өнім өндіру мен өткізу, өндірісті ұлғайту, әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қаржы ресурстарының көлемін анықтау;
- қаржы-несие жүйесімен, басқа да ұйымдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, бюджеттің алдыңғы қаржы міндеттемелерін орындау;
- кәсіпорынның қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы үйлесімділік орнату;
- ақшалай қаражатты молайтатын ішкі резервтерді ашу.