8.4. “Директ костинг” және баға саясаты
Маркетинг жүйесінде баға белгілеудің бірнеше стратегиясы бар. Нақты өзіндік құнды есептеу негізінде баға белгілеудің классикалық әдісі ең қарапайым деуге болады. Осы әдіс көбінесе өндірістік бағдарлануды тілейді және азырақ нарықтық сұранысты бейнелейді.
Қазіргі кезде бағаны белгілегенде, сұраныс факторларына көбірек көңіл бөлумен қатар, уақыт факторын да ескеру керек. Батыстық басқарушылық есепте ұзақ және қысқа мерзімдегі бағаның төменгі шегі деген түсінік бар.
Бағаның ұзақ мерзімді төменгі шегі өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған толық шығындар орнын толтыру үшін, бағаның шамасы қанша болу керек екендігін көрсетеді. Ал қысқа мерзімдегі бағаның төменгі шегі бағаға бағдарланған өзгермелі шығындардың ғана орнын толтыру (өзіндік құнының өзгермелі шығындары бөлігіне тең).
Бағаның ұзақ мерзімді төменгі шегі – өнімнің толық өзіндік құнын есептеумен байланысты, ал бағаның қысқа мерзімді төменгі шегін есептеу “директ - костинг” жүйесіне негізделген.
Баға саясатының маңызды бағыты шығындарды өзгермелі және тұрақты жақтарына бөліп, бағаны төмендетудің әр түрлі нұсқаларын есептеп шығару. Бағаны төмендету, өнім өткізуден түскен пайданың жиыны өсе ме немесе бұрынғы мөлшерінде қала ма соған байланысты:
баға төмендеуі сұраныс деңгейіне қалай әсер етеді;
өнім өткізу көлемінің өзгеруі, өнімнің өзіндік құнына ықпалын тигізеді.
Айталық, тау-кен кәсіпорны есепті кезеңде 30 мың т кенді өндіріп сатты делік. Өнім бірлігінің өткізу бағасы 900, ал оның өзіндік құны 700 теңге. Рынокты зерттеу мәліметтері бойынша мынадай деректер алынған: кеннің бір т бағасын 30 теңгеге түсірген кезде, кеніш өнім өткізу көлемін 10 %-ға арттырады екен.
Кенді сатудан түскен түсім:
Баға өзгермегенде: 30·900=27000 мың теңге;
Баға өскенде және өнім өткізу көлемі төмендегенде: 33·870=28710 мың теңге.
Сонымен, өнім өткізуден түскен түсім 1710 мың теңгеге артық болады.
Енді пайданың қалай өзгеретінін көрелік (8.1-кесте).
Пайданы есептеу
8.1-кесте
Көрсеткіштер |
Көлемі |
|
30000 т |
33000 т |
|
Кен өткізу бағасы, теңге/т Кеннің толық өзіндік құны, теңге/т Пайда, теңге/т |
900 700 200 |
870 700 170 |
Жалпы пайда, теңге |
6000000 |
5610000 |
Бағаның төмендеуі өнім өткізуден түскен түсімді арттырып, пайданы 390 мың теңгеге азайтты. Бірақ осы фактордың әсері өзгермелі және тұрақты шығындардың арақатысымен байланысты. Кен өткізу көлемі 3 мың т асуы, шын мәніндегі жағдайды көрсетуі мүмкін (8.2-кесте). Айталық шығындар арақатысы – 60–40 %.
Пайданы есептеу
8.2-кесте
Көрсеткіштер |
Көлемі |
|
30000 т |
33000 т |
|
Кен өткізу бағасы, теңге/т Өзгермелі шығындар теңге/т Маржинальдық табыс, теңге/т |
900 700*0,6=420 480 |
870 420 450 |
Жалпы маржинальдық табыс, теңге Жалпы тұрақты шығындар, теңге Жалпы пайда, теңге |
14400000 30000*700*0,4=8400000 6000000 |
14850000 8400000 6450000 |
Пайданы “директ-костинг” әдісімен санағанда, кеніш 450 мың теңгеге артық пайда табуы мүмкін.
