Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8- тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139.26 Кб
Скачать

8.3 Кәсіпорынның баға саясаты

Баға саясаты – негізгі рынок түрлерінде шаруашылық қызмет мақсаттарына жету үшін кәсіпорындардың мінез-құлқы туралы шешім қабылдау үлгісі. Кәсіпорынның даму мақсаттары мен міндеттеріне, ұйымдық құрылымына, басқару әдістеріне, өндіріс шығындарының деңгейіне, т.б. ішкі факторларына сүйеніп, өзі дербес баға саясатын, сұлбасын құрады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік ортаның жағдайы мен дамуын, яғни сыртқы факторларын есепке алады.

Бастапқы кезеңде кәсіпорын тауарлар шығарудағы шаруашылық мақсаттарын шешіп алуы қажет.

Сұраныс заңдылықтары

Баға саясатын құруда, шығарылатын өнімге сұраныс қалыптастыру заңдылықтарын зерттеу – маңызды кезең болып табылады. Осы заңдылықтар төменде сұраныс пен ұсыныс қисықтар арқылы және баға бойынша икемділік коэффициентімен талданады.

Баға

S (ұсыныс қисығы)

Артықшылық

A

P0 B

P1

Тапшылық D (сұраныс қисығы

Q0 Q1 Өнім көлемі

8.1-сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисықтары, мұндағы Р0 мен Q0

тепе-тең баға мен өндіріс көлемі.

Баға бойынша = Сұраныс пен ұсыныс / Бағаның пайыздық

икемділік коэффи- көлемдерінің пайыздық өзгеруі

циенті өзгеруі

А нүктеде тепе-тең бағада Р0 сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең. Баға бойынша сұраныс икемділігі арқылы есептелген бағаны оның жоғарғы деңгейі деп қарастыруға болады. Неғұрлым сұраныс икемді болса, солғұрлым өндірілген өнім бағасын түсіруге мүмкіндік болады, ал ол ­ өнім өткізу көлемін ұлғайтады. Мысалы, өнім бағасын Р1 ­ге дейін түсірген кезде, сұраныс көлемі Q1-ге дейін ұлғаяды.

Шығындарды бағалау

Баға құрылу тәжірибесінде (іс жүзінде) өндіруші шығындары бойынша баға анықтау көбірек таралған. Баға саясатын жүзеге асыру үшін мынаны қарастыру керек:

­ шығындардың деңгейі мен құрлымын талдау;

­ өнім бірлігіне шаққан орта шығындарды бағалау;

­ орта бағаларды жобалайтын өндіріс көлемі мен рыноктағы қолданылып жүрген бағаларды салыстыру. Ал өндіріс шығындары, бағаның төменгі шегін құрады.

Шығындар ТС (толық шығындар)

Рм

Пайда

P

MR=FC VC (өзгермелі шығындар)

VC

Q Өнім көлемі Q

8.2-сурет. Залалсыздық бағаны (Р) анықтау кестесі

Толық шығындар:

ТС = FC + VC. (8.13)

Залалсыздық нүктеде пайда нөлге тең, яғни өнім өткізуден алынған табыс ­ өндірістің толық шығындарына тең, яғни:

В = F C + V C, (8.14)

мұндағы В - өнім өткізуден түскен түсім.

В = P · Q, (8.15)

[QP = (F C + V C)]/ Q.

P = (F C / Q) + (V C / Q) = (F C / Q) + A V C, (8.16)

мұндағы AVC – орта өзгермелі шығындар.

Мысал: Өндіріс құаты 1 млн т, FC = 300 млн теңге, AVC=1500 теңге/т, сонда залалсыз баға:

P=300000000/1000000 + 1500=1800 теңге/т.

Ал зиян келтірмейтін нүктеде өнім өндіру көлемі мына формуламен есептелінеді:

Q=FC / (P – AVC) = 300000000 / (1800 – 1500) = 1 млн т.

Өнім көлемі Q-ден асқанда, пайда түсе бастайды (ұсыныс заңына сәйкес). Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы, өнім шығару көлемінің әртүрлі бағаның шамасында барынша көп пайда алуын көрсетеді.

Фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы ­ орта өзгермелі шығындардың ең аз деңгейінен асқан бағаларға, оның шекті шығындарының қисығымен біртектес болады. Егер баға AVC-ден төмен болса (оны қысқа мерзімдегі жою бағасы дейді), онда фирма жұмысын тоқтатып, жабылуы қажет.

Баға

МС

P1

D

ATC

A

AVC

P0

P2 Өндірісті тоқтату бағасы

Q1 Өнім көлемі

8.3-сурет. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы, мұндағы

Р0 – залалсыздық баға.

А нүктеде залалсыздық баға ATC-ке тең:

Р0 = A T C .

Ал өнім өндіруді арттыру үшін:

Р0  AVC, өндірісті тоқтатуда Р0 < AVC.

Ұзақ мерзімді кезеңде, онда шығындардың барлық түрлері өзгермелі, фирманың ұсыным қисығы LMC қисығының бөлігі болады да, LMC қисығының ең төмен деңгейі нүктесінен жоғары орналасады.

QA Qb Өнім көлемі

8.4-сурет. Кәсіпорын ұсынысының ұзақ мерзімді қисығы.

мұндағы РА – залалсыздықтың ұзақ мерзімдегі бағасы;

РА=LACmіn (ұзақ мерзімдегі орташа шығындардың ең төменгі деңгейі).

РА – дан жоғары бағада фирма табыс таба бастайды, оны мына теңдеу арқылы есептейді:

Э = (Рв - Рf) · QB , (8.17)

мұндағы Э – кәсіпорынның үнемділігі.

Бәсекелес нарықтық экономикада баға ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағыттайды. Айталық, бәсеке жағдайында өнім өндіруші, тағы да 10 мың т руда шығаруға шешім қабылдағанда, сол руданың сату бағасын басшылыққа алып зерттейді. Баға ­ тұтынушыға да сол кенді сатып алуға керек негізі шешім болып саналады. Айталық, сұраныс қисығы D жағдайдан D1 жағдайға жылжып барды.

Q0 Q1 ­ ­Өнім көлемі

8.5-сурет. Бәсекелес салада өнімге сұраныстың жылжуы

Осы кезде фирма кен өндіруді сол көлемде жалғастыра береді де, Р2 бағамен сатып, қосымша пайда табады:

Э = (P2 - P0) · Q0 . (8.18)

Кен бағасы шекті шығындардан жоғары болғандықтан, фирма өз өнімін ұлғайта беруге мүмкіншілігі бар, бірақ сала тепе-тең жағдайға Е1 нүктеде тепе-тең Р1 баға мен өнім көлемі Q1.

Осы процесте тұтынушылар да, өндірушілер де, толық бағаға көңілді жұмылдырылады. Тұтынушылар өндіріс шығындарын білуді қажет етпейді, ал өндірушілер ­ тұтынушылардан сол қосымша кенге ақы төлеуге дайын. Олардың барлығына керекті ақпаратты кен бағасы береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]