8.2. Баға белгілеу әдістері
Баға белгілеу шаруашылық қызметінің құрамды бөлігі, тиімді шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін тәсіл. Сол себепті, кәсіпорынның баға саясатының әдіснамалық негізі – маркетинг болып саналады.
Баға, маркетинг элементі ретінде көбінесе басқа маркетингтік элементтермен бірге пайдаланылады (мысалы, тауар сапасы мен баға, рынокка тауар жеткізу және баға). Сонымен, баға саясаты дербес сала бола тұрып, маркетингтің басқа элементтерімен де тікелей үйлестіріледі. Баға белгілеу әдісін таңдау өндіруші немесе тауар жеткізуші орын алған рыноктың түріне байланысты.
Тау-кен және геологиялық барлау кәсіпорындарында пайдалануға орай баға белгілеудің негізгі мүмкін бес әдісін атап кетуге болады:
1. “Орташа шығындар, плюс пайда” принципі бойынша келісім-шарттық баға белгілеу, өнімнің өзіндік құнына стандарттық үстеме баға есептеуге негізделген. Мұның көпшілікке белгілі әдіс болуы, мына себептерге байланысты:
а) шығындарды бағаға байланыстырып, өндіруші баға белгілеу мәселелерін жеңілдетеді;
ә) баға бәсеке ең төменге саяды;
б) осы принцип бойынша, тапсырыс беруші келісім-шарттың калькуляциялық ведомосын тексеруге құқығы бар.
Осы әдіс – өндіріске дәстүрлі бағдарлауын төмен дәрежеде нарықтық сұранысқа бейнелеп көрсетілгендіктен, кен өндірісінде кең пайдаланылады. Бұл әдістің екі нұсқасы бар: толық және шектеулі өндіріс шығындарды пайдалану. Баға белгілеу әдісі толық шығындарды пайдаланып, өнім бірлігіне есептелген барлық тікелей және жанама шығындардың сомасы арқылы, өзіндік құнды анықтауға негізделген.
Шектеулі өндіріс шығындары әдісімен пайдалы қазбалардың бағасын есептегенде, өндіріске тікелей жұмсалған шығындарды ғана есепке алады. Осы әдіс баға белгілеу процесінде экономикалық талдау элементтерін ендіріп және пайдалылықты жоспарлау мен бақылауда пайдаланылуы мүмкін. Ол жаңа өнім шығарғанда да, өнім көлемі өзгергенде де жанама және шартты-тұрақты шығындар нақты жағдайда өзгеріссіз болады деп болжанады.
Сондықтан, неғұрлым баға (өткізуден түскен түсім) және өзгермелі шығындар арасындағы айырма жоғары болса, солғұрлым өндіріс пайдалы. Осы әдіс, қосылған құн (маржинальдық табыс-төменгі шекті табыс) принципін пайдалануға негізделген. Маржинальдық табыс өнім өткізуден түскен түсім мен тікелей өзгермелі шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады, яғни:
M R = P – A V C , (8.1)
мұндағы MR - өнім бірлігіне шаққан маржинальдық табыс (Margіnal Revenue);
P – өнім бірлігінің өткізу бағасы;
AVC – орташа өзгермелі шығындар.
Маржинальдық табыс үстеме, тұрақты шығындарды өтейді, одан қалған бөлігі, таза пайда мөлшерін құрайды.
Орта шығындар плюс пайда әдісін қолданғанда белгілейтін баға (Р) мына формула бойынша айқындалады:
P = P C + m = P C + P C · R / 100; (8.2)
мұндағы PC – өндіріс шығындары (Productіon costs);
m – пайда мөлшері;
R – өнім немесе өндіріс пайдалылығы.
Толық шығындар әдісін пайдаланғанда “капитал пайдалылығы” деген көрсеткіш пен өнім пайдалылығын мына формуламен есептейді:
R = m’ · A · FC / Q · AVC , (8.3)
мұндағы m’ – авансланған капиталдың пайда нормасы;
А – баланстың актив бөлігінің жиыны;
FC – тұрақты шығындардың барлық сомасы;
Q - өткізілетін пайдалы қазбалар көлемі;
AVC – орташа өзгермелі шығындар.
Пайданың шамасын мына формула арқылы есептеуге болады:
m
= R (НҚ + АҚн)
/ PC, (8.4)
м
ұндағы
R - өндіріс пайдалылығы;
НҚ – негізгі қорлардың орташа жылдық құны;
АҚн – нормаланатын айналым қаражаттың орташа
жылдық құны.
2. Бәсеке сауда-саттық арқылы бағаны анықтау. Бәсекелестік сауда-саттық жабық немесе келісімді болуы мүмкін. Жабық сауда-саттық негізінде анықтайтын баға (“мөр соғылған конверт” әдісі) ірі тапсырыстарға белгіленеді. Оны айқындағанда бәсеке бағаларына бағытталады, бірақ болжамды баға кәсіпорын шығындарынан кем болмауы қажет.
3. Залалсыздық талдау мен мақсатты пайда негізінде бағаны есептеу. Осы әдісті қолдану негізінде кәсіпорын, керекті пайданы қамтамасыз ететін бағаны белгілеуге тырысады. Мұнда өндірілетін өнім көлемін есептеп шығару, маңызды рөл атқарады. Баға белгілеудің осындай әдісі кәсіпорыннан бағалардың әр түрлі нұсқаларын, олардың өткізу көлеміне әсерін, өнімнің әрбір бағасында залалсыздық деңгейін қарастыруды талап етеді. Әдіс негізінде өндірістің пайдалылығы мен залалсыздығының баға сынақтамасы жатыр. яғни, өнім шығару көлемінің ең аз шамасы анықталады да, сол көлемде өндіріс шығындарының барлығының орны толтырылады.
Келесі кезеңде сатуға жоспарланған өндіріс көлемі анықталады. Бұл әдістің кемшіліктері: баға белгілеу кезінде өндіріс көлемін пайдалану, ал өндіріс көлемі өз кезегінде бағаға байланысты; баға мен сұраныс арасында тәуелділік есепке алынбағандықтан, баға өте жоғары немесе ең төмен болуы мүмкін.
4. Тауар “сезінерлік” құндылығы негізінде баға белгілеу. Осы әдісте негізгі фактор – кәсіпорындардың шығындары емес, тұтынушыға ақпарат құндылығы болып саналады.
Сұраныс көлеміне болжам жасау үшін мына үш көрсеткіш пайдаланылады: бағаның сұраныс икемділігінің коэффициенті, айқасқан икемділік коэффициенті және табыстың икемділік коэффициенті.
Тікелей икемділік коэффициенті мына формуламен есептелінеді:
E = ΔQ / ΔP, (8.5)
мұндағы Е – берілген өнім бағасының сұраныс икемділігінің коэффициенті;
ΔQ – пайызбен көрсетілген өнімге сұраныстың өзгеруі;
ΔP – тауарға бағаның өзгеруі, %.
Егер Е>1 – икемді сұраныс, яғни бағаны аз ғана өзгерткенде, ол тауарға сұраныс артық мөлшерде өзгеріп отырады.
Егер Е<1 – икемсіз сұраныс, яғни тауарға бағаның неғұрлым көп өзгеруі сұранысқа салыстырмалы онша әсер етпейді.
Қысқа мерзімді кезеңде өндірушіге, яғни сатушыға сұраныстың икемді болғаны тиімді. Ұзақ мерзімді кезеңде неғұрлым сұраныс икемді болса, солғұрлым бағамен айла – жарғысын жасауға болады.
Айқасқан икемділік коэффициенті (ЕАВ) мына формула бойынша анықталады:
ЕАВ= ΔQA / Δ PB , (8.6)
мұндағы ΔQA – А тауарға сұраныстың өзгеруі, %;
ΔPB – В тауарға бағаның өзгеруі, %;
Егер ЕАВ>0 - өзара алмастыруға болатын тауарлар, мұнда бірінің бағасының өсуі, екіншісінің сұраныс көлемінің өсуіне әкеледі.
Егер ЕАВ<0 - өзара толықтыратын тауарлар, бірінші тауар бағасының өсуі, екінші тауарға сұраныс көлемінің кемуіне әкеледі.
Егер ЕАВ = 0 – тәуелсіз тауарлар.
Тауарға сұраныстың өзгеруін білу үшін сатып алушы табысының өзгеруін талдау керек. ол үшін табыстың сұраныс икемділігінің коэффициентін (Ет) есептеп шығару керек:
Ет= ΔQ /ΔT, (8.7)
мұндағы ΔT – сатып алушы табысының өзгеруі, %.
Егер Ет > 0 – қалыпты тауар, табыс көбейгенде, сұраныс өседі.
Егер Ет < 0 – төмен сапалы тауар, яғни табыс өзгергенде оған сұраныс төмендейді.
Егер 0 < Ет < 1 – бірінші қажеттілік тауарлар, ал Ет >1 – сән-салтанат тауарлары.
5. Баға прейскурант (бағанама) негізінде өнім бағасын есептеп шығару. Тау-кен жұмыстарында мемлекеттік тапсырыс орындағанда, тапсырма бағасы объектінің сметалық құнына сай анықталады. Барлық әдістің мақсаты – баға ауқымын тарылту және өнімнің соңғы бағасын белгілеу. Сонымен, қазіргі кезде отандық және әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып, баға қалыптастырудың негізгі үш әдісін бөліп көрсетуге болады. Олар: шығынға, сұраныс пен бәсекеге бағдарланған тәсілдер.
Жоғарыда айтып кеткендей, шығынға бағдарланған тәсіл “шығынға + пайда (немесе сауда үстемесі, үстеме баға)” принципі бойынша, сондай-ақ, пайданың жалпы көлемін алу мен залалсыздық арқылы белгілеуді көздейді.
Бағаны “шығын+пайда” формуласы бойынша белгілеу, шығыннан тыс пайыз ретіндегі пайданы қоса отырып, өнімнің толық өзіндік құнын есептеуге негізделген. Яғни, баға өнім түрінің пайдалылық деңгейі бойынша белгіленеді. Осы әдісті – шығындар әдісі дейді. Сұранысқа бағдарланған баға белгілеуде де екі тәсіл қолданылады, олар:
Кемісіту тәсілі, яғни сұраныстағы ауытқу айырмашылыққа қарай табысты көбейту үшін түрлі баға белгілеу тәсілі және тауардың сұрыптамалық тобы бойынша белгілеу тәсілі, мұнда белгілі бір мақсатта (мысалы пайданы, сатуды көбейту мақсатында) баға белгілеуге бүкіл сұрыптамалық топ шеңберінде қол жеткізіледі.
Бәсекеге бағдарланған баға белгілеуде, жеткізушілер (өндірушілер) тауардың белгілі бір түрінің жеткізіліміне арналған сауда-саттыққа шақырылады. Бұл ретте баға тағайындау туралы шешім меншікті шығынға ғана емес, сонымен бірге бәсекелестердің ықтимал ұсыныстарын талдауға да негізделуі тиіс.
Тау-кен өнеркәсібінде өте маңызды бағалардың түрлері мыналар:
пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорынның көтерме сауда бағасы;
өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы.
Көтерме сауда бағасы бұл баға бойынша кәсіпорындар мен басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер бағыныштығылығы, меншік нысанына қарамастан, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім мен тауарларды халықтан басқа, барлық сатып алушыларға өткізеді (босатады, сатады).
Онда өнімнің толық өзіндік құны (салықпен, салыққа жатпайтын төлемдерді қоса), пайда, жанама салықтарды (қосылған құн салығы мен акциздерді) қамтиды.
Қалыпты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның өндіріс шығындарының орнын толтыру, бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдерді төлеу, басқа да шығындарды қаржыландыру мен пайда алуын қамтамасыз етуге тиіс.
Көтерме сауда бағаларды мына түрлерге ажыратуға болады:
1) өндірушінің көтерме сауда бағасы (Р0) – кәсіпорынның өндіріс шығындарының орнын толтырып, қалыпты өндіріс қызметін жүргізу үшін жеткілікті пайда алуды қамтамасыз ететін баға:
Р0 = ӨӨҚ + П , (8.8)
мұндағы ӨӨҚ - өнімнің өзіндік құны;
П – кәсіпорынның қалыпты қызмет атқаруына жеткілікті пайда мөлшері.
2) көтерме сауда сату бағасы (Рс) - өнім өткізу бағасы:
Рс = Ро + ҚСС + АК, (8.9)
мұндағы ҚҚС – қосылған құн салығының сомасы;
АК – акциздер сомасы.
Акциздер сомасы мына формула бойынша анықталады:
АК = Рс · а / 100 немесе а · Ро / (100 – а); (8.10)
мұндағы а – акциз ставкасы (мөлшерлемесі).
Қосылған құн салығының сомасын мына формуламен есептеп шығаруға болады:
ҚҚС = ӨӨ
·
в - (М+Э) ·
в /
, (8.11)
мұндағы ӨӨ – кәсіпорынның көтерме сауда бағамен өткізілген өнімі;
в – қосылған құн салығының ставкасы, 0,13 (ҚҚС проценттік
ставкасы 13);
М – материал шығындары;
Э – энергия, отын шығындары.
3) жабдықтау - өткізу ұйымдарының көтерме сауда бағасы - бұл өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы (Рп), оның құрамына кәсіпорынның көтерме сауда бағасы (Рк) және жабдықтау - өткізу ұйымдардың шығындары мен пайдасы. сондай-ақ, қосылған құн салығы мен акциз сомалары кіреді, яғни:
Рп=Рк+Жабдықтау- +Жабдықтау- +ҚҚС +Акциздер. (8.12)
өткізу өткізу
ұйымдардың ұйымдардың
ш
ығыны
пайдасы
көтерме сауда-өткізу үстемесі (шегерімі)
Көтерме сауда бағасы негізінде тауарлардың халыққа сатылатын (бөлшек сауда) бағасы қалыптасады. Бөлшек сауда бағасына өнеркәсіптік көтерме сауда бағасынан басқа, сауда ұйымдарының айналыс шығындары мен пайдасы және жанама салықтар кіреді. Бөлшек сауда тіркелген немесе еркін бағалармен жүргізіледі.
Көтерме сауда үстемесі – айналыс саласының көтерме сауда буынында құралатын үстеме ақша. Тараптардың жабдықтау-өткізу, көтерме сауда және басқа кәсіпорындар атынан жасалынған келісімі бойынша белгіленуі. сонымен қатар, тауар қозғалысымен байланысты шығынның орнын толтыру, осы операциялардан пайда алу мақсатын көздейді.
Айталық, тау-кен кәсіпорны пайдалы қазбалардың 1 т өндіру үшін әртүрлі материалдарды сатып алды. олардың 1 т шаққандағы құны 92 теңге, материал жеткізушіге қосылған құн салығын (12 теңге) аударған. Өнімнің өзіндік құны 800 теңге/т, оның ішінде материал шығындары 80 теңге/т.
Өнім бірлігіне шаққан пайда 150 теңге, акциздер сомасы 110 теңге. Енді өнім өткізу бағасын есептеп шығару керек.
Салық салуға жататын қосылған құн сомасы мынаған тең:
800-80+150+110=980 теңге.
Өнім бірлігіне тиісті қосылған құн салығы былай есептелінеді:
980· (13/100)=127 теңге.
Кәсіпорынның өнім бірлігіне шаққан көтерме сауда өткізу бағасы:
800+150+12+127+110=1199 теңге.
Пайдалы қазбаларды тұтынушы бюджетке аударуға тиіс:
12+127=139 теңге/т.
Ал пайдалы қазбаларды өндіруші кәсіпорын бюджетке әрбір тоннаға 127 теңге аударуы тиіс.
