Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7- тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

7.3. Кәсіпорынның табысы

Кәсіпорынның табысы – олардың активтерінің көбеюін немесе міндеттемелерінің азаюын сипаттайды және оның меншікті капиталын көбейтеді. “Табыс” түсінігі мемлекетке тиісті ұлттық табыс, жеке адамға – жеке табыс деп пайдаланылады.

Кәсіпорынның табысына: өнім өткізуден алынған табыс, басқа өткізуден алынған табыс және өткізуден тыс операциялардың сальдосы кіреді.

Өнім өткізуден алынған табысты – өнім өткізуден түскен түсімнен қосымша құн салығын, акциздер мен өнімнің өзіндік құнын шегергенде есептеп шығаруға болады.

Бухгалтерлік есептің бас жоспар шоттарына сәйкес кәсіпорындардың табыстар тізімі 7.1-кестеде келтірілген.

7.1-кесте

Табыстардың құрамы

Шот коды

Шоттың атауы

70

701

702

703

704

705

706

707

708

709

71

711

712

713

72

721

722

723

724

725

726

727

VІІ тарау. Табыстар

Негізгі қызметтен алынған табыс

Дайын өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс

Сатып алынған тауарларды өткізуден түскен табыс

Алынған тауарларды сатудан алынатын табыс

Құрлыс-монтаж, жобалық-зерттеу, геологиялық-барлау, ғылыми-зерттеу, т.б. жұмыстардан алынатын табыс

Жалға беруден алынатын табыс

Байланысты ұйымдастыру қызметінен алынатын табыс

Сақтандыру компанияларының қызметінен алынатын табыс

Инвестициялық қызметтен алынатын табыс

Басқадай негізгі қызметтің табысы

Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату шегерімдері, сондай-ақ, баға шегерімдері

Сатылған тауарлардың қайтарылуы

Сату шегерімдері

Баға шегерімдері

Негізгі емес қызметтен алынатын табыс

Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс

Негізгі қорларды сатудан алынатын табыс

Бағалы қағаздарды сатудан алынатын табыс

Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі табыстар

Бағамдар айырмашылығынан алынатын табыс

Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары (жәрдем қаражаты)

Басқадай, негізгі емес қызметтен алынатын табыс

Кәсіпорындарда пайданы жоспарлау мен оны бөлу тәртібі

Кәсіпорынның барлық қызмет түрлері бойынша пайданы жоспарлау, даралап жасалады. Пайданы жоспарлау процесінде кәсіпорынның қаржы нәтижесіне әсер ететін факторлардың барлығы есепке алынуға тиіс. Тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбаларды өткізуден түсетін пайданы жоспарлайды. Іс жүзінде пайданы жоспарлауда әр түрлі әдістер қолданылады, олардың ішінде тікелей есеп әдісі кең таралған.

Тікелей есепте ­ алдағы кезеңде өткізуге жататын өнімге жоспарлы пайда, қолданыстағы бағамен есептелген өнім өткізуден түсетін жоспарлы түсім (қосылған құн салығы, акциздер мен сауда және өткізім шегерімдерді қоспағанда) және алдағы кезеңде өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны арасындағы айырма болып анықталады.

Тікелей есеп әдісінің артықшылығы ­ оның оңайлылығында. Бірақ пайданы жоспарлағанда, осы әдісті қысқа мерзімді кезеңде пайдаланған тиімді.

Пайданы жоспарлаудың талдамалы әдісі ­ көпфакторлық үлгілерді құруға негізделген. Ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әр түрлі факторлардың ықпал етуін ескереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]