Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
397.82 Кб
Скачать

6.7. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру

Өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған шығынның есебін – калькуляция дейді. Калькуляция – кәсіпорын дайындаған өнімнің жекелеген түрлері өлшемінің, өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Шығындарды баптар бойынша калькуляциялау – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.

Шығындар топтастырудың калькуляциялық принципі біздің елде және шетелдерде халық шаруашылығының барлық салаларының бухгалтерлік есепшоттарының жоспарын құруға негіз болады. Шығын баптары бойынша үлгі топтастыру мына түрде болады:

  1. шикізат, негізгі материалдар, шала өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);

  2. қосалқы материалдар;

  3. технологиялық мақсаттарға арналған отын;

  4. технологиялық мақсаттарға арналған энергия;

  5. өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы;

  6. әлеуметтік сақтандыру төлемдері;

  7. амортизация (өтелім);

  8. өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар;

  9. жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;

  10. цехтық шығындар;

Өнімнің цехтық өзіндік құны:

11) жалпы өндіріс шығындары;

Өнімнің өндірістік өзіндік құны:

  1. өндірістен тыс шығындар.

Өнімнің толық өзіндік құны.

Келтірілген жіктеуде шығындардың алғашқы жеті бабы жұмыс орнында тура жүзеге асырылып, өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Қалған баптары кешенді. Өндіріске қызмет ету және басқару жөніндегі шығындар үш түрлі кешенді баптарға бөлінеді: цехтық шығындары, жабдықтарды күту және пайдалану шығындары, жалпы өндіріс шығындары.

Цехтық шығындар – өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсалған шығындар, олар:

– әлеуметтік сақтандыру төлемдермен қатар цех қыметкерлеріне жалақы төлеу;

– цехтың негізгі құралдарының амортизациясы, жөндеуі және күтуі;

– құнсыздау және құрал-саймандардың тозуы;

– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығындары;

– осы баптарда қарастырылмаған басқа да шығындар, мысалы, материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, әр түрлі ысыраптар себебінен шығындар, т.б.

Жалпы өндірістік шығындарға мыналар жатады: кәсіпорынның әкімшіл-басқару персоналды ұстауы, жалпы өндірістік негізгі қорларды күту, амортизациялау мен ағымдағы жөндеу жүргізу, іссапар, пошта-телеграф шығындары, т.б.

Өндірістен тыс шығындар – негізінде өнім өткізуге байланысты шығындар мен әр түрлі төлемдерді қамтиды.

Жабдықтарды күту мен пайдалану шығындарына – жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы, ағымдағы жөндеу, қызметкерлердің жұмысақысы жатады.

Цехтық шығындар мен жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындардың құрамында өндіріс көлемінің ұлғаюына байланыссыз және байланысты да болып келетін шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын элементтері бар. Өндіріске қызмет ету мен басқару жөніндегі шығындардың, өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы жоғары болғандықтан, олардың шығындарын кемітудің маңызы зор.

6.8. Кен өндіретін саладағы өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері

Өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері – кен өндіру тәсілдерімен, қазу жүйесімен, қолданатын техникамен байланысты. Мысалы, кен өндіру үшін қазым кеңістікті толтырмалап қазу жүйесі пайдаланылатын болса, онда бірталай шығын толтырмалау жұмыстарына кетеді. Сонан соң кен өндіру үшін күрделі кен және кен-даярлау – қазбаларды жүргізу керек, оған жұмсалған шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізіп өтеу қажет.

Кен өндіретін салада "Өндірісті дайындау мен игеруге арналған шығындар" бабында, кен-даярлау жұмыстарының шығындары, кенорнын жете барлау, ашық кен жұмыстары аймағындағы жер көлемін тазалау жұмыстарының құнын өтеу шаралары ескерілген.

Негізгі қорлар амортизациясында, күрделі кен жұмыстарының үлес салмағы кейде 50 %-дан асып кетуі мүмкін. Ал өнімнің өзіндік құнында негізгі қорлар амортизациясының үлес салмағы 20-30 % болғандықтан, негізгі қордың амортизациясы бөлек бап ретінде шығарылған. Сонымен қатар, жерді қайта шұрайландыру шығындарын өтеу, осы бапта құрастырылады.

Тау-кен кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорларын қалпына келтіруге амортизациялық аударым нормаларын анықтау үшін, сол қорлар екіге бөлінеді.

Негізгі корлардың бірінші бөлігіне – кенорынның немесе оның бір бөлігінің пайдалы қазбалар қорын ашу, дайындау және қазымдаумен тікелей байланысты күрделі кен қазбалары (ККҚ), сондай-ақ, арнаулы үймереттер, ғимараттар мен беріліс құрылғылары жатады. Олар тек осы кәсіпорынға қажетті кенорнының қорын қазып алғаннан кейін, басқа мақсаттарға пайдалануға болады.

Негізгі қорлардың екінші бөлігіне – қалған басқа негізгі қорлар жатады: жұмыс машиналары, жабдықтар, көлік, өндірістік аспаптар мен құрал-саймандар, т.б. қорлар.

Негізгі қорлардың бірінші бөлігі бойынша амортизациялық аударымдар, тонналық мөлшерлемемен есептелінеді. Тонналық мөлшерлеме – пайдалы қазбалар өтелген қорының бір тоннасына шаққан арнаулы негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған амортизациялық аударымдар мөлшері.

Күрделі кен қазбалар, арнаулы үймереттер, ғимараттар мен беріліс құрылғылар өтелімі, толық тонналық мөлшерлеме бойынша белгіленеді. Пайдалы қазбаларды қазымдау үшін пайдаланылатын негізгі қор топтары екі немесе үшке бөлінеді.

Бірінші топтық тонналық мөлшерлеме – тау-кен кәсіпорнының барлық қызмет ету мерзімінде пайдаланылатын және кенорынның барлық қорларын қазып алуға арналған негізгі қорларға бөлінеді.

Екінші топтық тонналық мөлшерлеме – деңгейжиек, кен бөлікше қорларға қызмет жасайтын, карьер алабы бөлігінің қорларын ашуға арналған арнаулы негізгі қорлар бойынша есептелінеді.

Үшінші топтық тонналық мөлшерлеме – деңгейжиек бөлігінің қорларын қазып алуға арналған кен қазбаларға, оның ішінде тазартым забойды тілмелеу үшін жүргізілген қазбалар анықталады.

Тонналық мөлшерлеме шахта, кеніш бойынша арнаулы негізгі қорлардың шын құны, түсімдік қорлар көлемі және пайдалы қазбалардың жобалық қазымдылық жоғалымдарына байланысты, бір жылға есептеледі.

Тонналық мөлшерлеме – әр топ бойынша арнаулы негізгі қорлардың қалдық құнын, солар қызмет ететін пайдалы қазбалардың барлық өтелген қор көлеміне бөлумен есептелінеді.

6.1-кесте

Амортизациялық аударымдарды есептеу

Көрсеткіш атаулары

Өлшем бірлігі

2-топ

3-топ

1

Арнаулы үймететтер мен ғима-раттардың, күрделі кен жұмыстарының (ККЖ) құны, оның ішінде үш деңгейжиек жазық қазбаларының құны

мың теңге

мың теңге

5100000

7500000

2

Үш деңгейжиектегі тауарлық кен қоры

мың тонна

30000

3

Тонналық ставка (мөлшерлеме)

теңге

170

4

Амортизациялық аударымдардың жыл-дық сомасы (3-топтың нормасы 4 %)

мың теңге

255000

300000

5

Арнаулы үйлер мен ғимараттардың, оқпандардың күрделі жөндеуге кеткен шығындары, оның ішінде окпандардың күрделі жөндеуге кеткен шығындары

мың теңге

мың теңге

37500

16500

6

Амортизация:

Арнаулы үйлер, ғимараттар,

жабдықтар

мың теңге

мың теңге

17000

490000

7

Жерді қайта шұрайландыру шығын-дарын өтеу

мың теңге

20000

Амортизациялық аударымдардың барлығы:

оның ішінде ККЖ өтеуі;

барлығынан 1) тазартып өндіруге, оның ішінде ККЖ өтеуі;

2) КДЖ-нің амортизациясы, оның ішінде КДЖ өтеуі

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

1119000

592500

1034000

550500

85000

42000

Жерасты тәсілімен кен өндіру кезінде калькуляцияның жай түрі қолданылады, онда экономикалық мазмұны бойынша шығындар өзіндік құнының жай элементтеріне жіктеледі. Кеніш өнімнің бір түрін өндіретіндіктен, барлық өндіріс шығындары тек қана осы өніммен байланысты болса да, кеннің өзіндік құнына калькуляция жасағанда, шығындарды тікелей және жанама не негізгі және үстеме деп бөлудің қажеті жоқ. 6.2-кестеде көп металдық кен өндіретін кәсіпорынның жылдық пайдалану шығындары көрсетілген.

Көп металдық кен өндіретін кәсіпорынның мысалымен амортизациялық аударымдардың калькуляциясы 6.3-кестеде көрсетілген.

Амортизациялық аударымдардың барлығы 1119000 мың теңге болыпты. Соның құрамында күрделі-кен жұмыстарын өтеуі – 592500 мың теңге, оның ішінде кеніштің барлық қызмет ету мерзімімен байланысты күрделі қазбалар үлесі 57% (337500 мың теңге) және үш деңгейжиектерге қызмет көрсететін жазық күрделі қазбалардың үлесі 43 % (255000 мың теңге) құрды.

6.2-кесте

Кен өндірудің өзіндік құнын есептеу

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

Мөл-шері, саны

Сомасы, мың теңге

Кеннің 1 тоннасына, теңге

Кеніштің жылдық өнімділігі

мың т

1500

1.

Қосалқы материалдары:

тазартым жұмыстарында;

тілмелік жұмыстарында; Жиынтығы:

мың теңге

мың теңге

200000

150000

350000

133,33

100,00

233,33

2.

Өндірістегі жұмысшы-лардың негізгі және қосымша жұмысақысы

мың теңге

360000

260

93600

62,40

3.

Әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

мың теңге

20 %

18720

12,48

4.

Энергия шығындары:

Электроэнергия

Сығылған ауа; Жиынтығы:

мың квт-с

мың м3

1

0,2

80000

210000

80000

42000

122000

53,33

28,00

81,33

5.

Қазым кеңістікті толтыр-малау шығындары

мың теңге

150000

100,00

6.

Амортизация:

оның ішінде күрделі кен жұмыстарын өтеу

мың теңге

мың теңге

1034000

550500

689,34

367,00

7.

Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар:

кен-дайындау жұмыстарын өтеу

мың теңге

226024

150,69

8.

Жабдықтарды күту және пайдалану жөніндегі шы-ғындар

мың теңге

200000

133,33

9.

Цехтық шығындар

Кеннің цехтық өзіндік құны

мың теңге

мың теңге

270000

2464344

180,00

1642,9

10.

Басқа өндірістік шығын-дары. Роялти төлемдері;

Кеннің өндірістік өзіндік құны

мың теңге

мың теңге

54150

2520000

36,1

1680

Талдау үшін кейбір шығындардың элементі нақтыланады, бұл үнемділік немесе артық жұмсау бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді.

Келесі ерекшелік – кен-дайындау қазбаларын жүргізуге арналған шығындарды өтеу коэффициенті арқылы жойылады. Мысалы, кенорнының өндірістік қорлары 27 млн т, ал осы кенбайлық көлемін қазып алуға 3000 мың шаршы метр кен-дайындау қазбаларын өтеу қажет болса, онда кен-дайындау қазбаларды өтеу коэффициенті былай есептелінеді:

К  3000000 / 27000000  0,111 м3/ т.

6.3-кесте

Кен-дайындау жұмыстарының шығынын есептеу

Шығындар баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

Көлемі, саны

Сомасы, мың теңге

КДЖ-тардың 1м3, теңге

Кен-дайындау жұмыстарының (КДЖ) жылдық көлемі

мың м3

27000

1

Қосалқы материалдары

мың

теңге

75000

2,78

2

Өндірістегі жұмысшы-лардың негізгі және қосымша жұмысақысы

мың теңге

360000

40

14400

0,53

3

Әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

мың теңге

20 %

2880

0,11

4

Энергия шығындары:

Электрэнергиясы;

Сығылған ауа;

Жиынтығы

мың квт-с

мың м3

1,0

0,2

6200

17000

6200

3400

9600

0,23

0,13

0,36

5

Амортизация

мың

теңге

85000

3,15

6

Жабдықтарды күту және пайдалану жөніндегі шығындар

мың теңге

18000

0,67

7

Цехтық шығындар

Барлығы:

мың теңге

мың теңге

21000

225880

0,78

8,37

Сонымен, ай сайын анықталған қазбаның 1 шаршы метрінің өзіндік құны мен кен-дайындау қазбаларды өтеу коэффициенті бойынша "Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар" элементі бойынша кеннің өзіндік құнына қандай соманы қосу (енгізу) керектігін айқындайды.

Айталық, бір айдағы кеніш өнімділігі 125 мың т, кен-дайындау қазбаларының 1 м3 өзіндік құны 1357 теңге. Сонда кеннің 1 т өзіндік құнына енгізу керек сома былай есептелінеді:

1357  0,111  150,63 теңге /т,

ал кен өндіру барлық көлеміне:

125  150,63  18829 мың теңге.

Егер деңгейжиектер бойынша күрделі-кен жұмыстарының құны белгілі болып, сол деңгейлер бойынша кен қорлары белгілі болса, онда тонналық ставка (6.1- кестеге) былай анықталады:

Тонналық Күрделі-кен қазбалардың құны

мөлшерлеме 

Деңгейжиектер бойынша кен қорлары

6.3 және 6.4-кестелерде кен-дайындау жұмыстарының шығыны мен тазартым жұмыстарында кеннің 1 т шаққан қосалқы материалдар құны көрсетілген.

6.4-кесте

Тазартым жұмыстарында кеннің

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]