- •V тарау қызметкерлерге еңбекақы төлеу
- •5.1. Мемлекет және еңбекақы төлеу
- •5.2. Тарифтік жүйе
- •Сағаттық тарифтік мөлшерлемері
- •5.4. Еңбекақы жүйесі мен нысандары
- •Еңбекке мерзімдік ақы төлеу
- •5.5. Ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •5.6. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі
- •5.7. Сыйлық беру жүйесі. Үстеме ақылар және жалақыға үстеме
- •5.8. Жұмысақы құрамы мен құрылымы
- •5.9. Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
5.9. Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
Жұмысақыны жетілдіру бағыттарының бірі – кәсіпорынның жұмысақы, еңбекақы, материалдық көтермелеу қорларын дербес жоспарлау. Нарықтық экономикада қызметкерлер саны жұмысақы мөлшерімен анықталады. Ал кәсіпорындағы жұмысақы деңгейі –еңбекке сұраныс пен оған ұсыныс арқылы анықталады.
Шетелдерде материалдық ынталандыру нысанының осындай түрі – пайдаға қатысу, едәуір кең қолданылады. Мұнда еңбек өнімділігі өскеннен немесе өнім сапасының жоғарылауынан алынған қосымша пайданы қызметкерлер мен компания өзара бөледі. Пайдаға қатысу жүйелерінің ең белгілері – Скэнлон, Раккер және Импрошейр (Emproshare) жүйелері.
Скэнлон жүйесінде – өнім өткізу көлемінің құнында жұмысақы үлесінің төмендеуінен алынған үнемділік бөлінеді. Үнемділіктің мөлшерін табу үшін, нақты сатылған өнім көлемін базалық кезеңдегі өткізілген өнім құнындағы жұмысақы үлесіне көбейтеді де, еңбекке төлеген нақты шығындарды шегереді. Үнемділік болатын кезде ол қызметкерлер мен компания арасында 3:1 мөлшерінде бөлінеді. Бұл жүйе – еңбекті көп тілейтін (мысалы, тау-кен кәсіпорын) компанияларда пайдаланылуы мүмкін.
Капитал сыйымдылығы жоғары салаларда – Раккер жүйесін пайдалануды ұсынуға болады. Мұндағы негізгі үнемділік көзі – шартты таза өнімдегі (ШТӨ) жұмысақы үлесінің төмендеуі. Үнемділік сомасын есептеу үшін, шартты таза өнімнің нақты мөлшерін Раккер стандартына (бірнеше жылғы ШТӨ-дегі жұмысақының орташа үлесі) көбейтіп, еңбекке ақы төлеудің нақты шығындарын шегереді.
«Импрошейр» жүйесін М. Файн ойлап шығарған. Осы жүйеде өнімділіктің базистік коэффициенті анықталады (ӨБК):
Барлық еңбек шығындары, өндірістік және қосалқы
Ө
БК
Жиынтық норма-сағаттары
Сыйлық төлемдер – норматив уақыты мен өнім бірлігіне, жұмыс уақытының төмендеуінен алынған еңбекақының үнемділігін қосқанда болуы мүмкін. Сыйлықтарды ӨБК негізінде есептеп шығарады.
Жұмысақы төлеуді жетілдіру үшін келісім-шарт жүйесін кең пайдалану керек. «Казақмыс» корпарациясы өз кеніштерінде мынадай жалақы төлеу жүйесін енгізді. Бригадаға әрбір адамға 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейінгі мөлшерде бір айға қаражат бөледі. Осы сома шегінде бригада, басқа да жұмысшыларды қатыстыруы мүмкін. Тапсырманы табысты орындаған үшін, бригада мүшелеріне сыйлық беріледі.
1 П. Самуэльсон, В.Нордхаус: Экономика. М.: Бином, 1994.
