Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 - тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
384.51 Кб
Скачать

5.8. Жұмысақы құрамы мен құрылымы

П. Самуэльсон мен В. Нордхаус: «Жалақы рыноктік бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы1» деп жазды. Жаңа классиктер жалақының дәрежесі мен серпінін рыноктық факторлар (сұраныс пен ұсыныс) деп түсіндірді.

Атаулы және нақты жұмысақын ажырата білу керек. Атаулы жұмысақы ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер – күндік, апталық, айлық үшін алады. Атаулы жұмысақы мөлшеріне қарай еңбекке ақы төлеу дәрежесі туралы түсінік алуға болады. Алайда, ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жұмысақыны білу керек. Нақты жұмысақы қызметкерлердің күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни олардың тапқан ақшасына өзі және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жұмысақының дәрежесі тікелей атаулы жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді. Нақты жұмысақының индексі мына формуламен анықталады:

ІНа / Іб, (5.27)

мұндағы ІН – нақты жұмысақының индексі;

Іа – атаулы жалақының индексі;

Іб – тауарлар мен қызметтер бөлшек сауда бағасының индексі;

Тау-кен кәсіпорындарында жұмысақыны есептеу мен жоспарлау – негізгі жене қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Негізгі жұмысақы – өндірістік жұмысшылардың және басқа қызметкерлердің өнімді өндірумен, қызметті көрсетумен тікелей байланысты еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды қамтиды. Қосымша жұмысақы құрамына өндірісте істелмеген, жұмыста болмаған уақыт үшін еңбек туралы заңдарда және кәсіпорында қабылданған еңбекақы туралы ережелерде көзделген төлемдер кіреді.

Жұмысақыны құрастыратын әр түрлі элементтердің өзара қатынастары – оның құрлымын сипаттайды. Негізгі жұмысақының үлесі 85-90 %, ал қосымша жалақының үлесі 10-15 % (5.7. -кесте)

5.7-кесте

Кеніштегі жұмысақының құрамы мен құрылымы

Жұмысақының құрамы

Жұмысақының

құрылымы, %

Кесімді бағалама бойынша жұмыс істейтін жұмысшыларға ақы төлеу

36,21

Тарифтік мөлшерлеме бойынша жұмыс істейтін мерзімдік жұмысшыларға ақы төлеу

23,86

Кесімді жалақы төленетін жұмысшылардың сыйлықтары

12,14

Мерзімдік жұмысшыларға сыйлықтар төлеу

5,04

Мерзімнен тыс жұмыстарға үстеме ақы төлеу

0,01

Бригадирлерге үстеме ақы төлеу

0,17

Оқушыларды оқытуға үстеме ақы төлеу

0,01

Жасөспірімдерге жұмыс уақытының қысқартылғаны үшін үстеме ақы төлеу

0,03

Жыл сайынғы (кезекті) еңбек демалыстарға ақы төлеу

9,95

Тегін коммуналдық қызметтер мен заттай төлемдердің құны

0,48

Еңбек еткен жылдар үшін сыйақы төлеу

6,34

Сағаттық қор бойынша басқа үстеме ақылар

1,64

Күндік қор бойынша басқа үстеме ақылар

1,03

Басқа үстеме ақылар

3,09

Барлығы:

100,0