Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 - тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
384.51 Кб
Скачать

5.7. Сыйлық беру жүйесі. Үстеме ақылар және жалақыға үстеме

Сыйлық беру – жұмысақы ұйымдастырудың, материалды ынталандыру жүйесінің маңызды элементі. Қызметкерлерге еңбектің жоғары жеке және ұжымдық нәтижелері үшін тікелей табыстан (тарифтік мөлшерлеме, кесімді бағалама мен жұмысақы бойынша есептелген) артық төленетін материалдық көтермелеу түрін – сыйлық дейді.

Тау-кен кәсіпорнының өндірістегі нақты жағдайлары мен факторларын ескере отырып, оның алдындағы экономикалық міндеттерге сай, жұмысшылар мен басқа санаттарда істейтіндерге сыйлық беру тәртібін әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.

Қызметкерлерге төленетін сыйлықтардың барлық түрін екі топқа бөлуге болады: бір жолғы беретін жәрдем сыйлық және еңбеккеақы төлеу жүйесінде алдын ала белгіленген сыйлық.

Бірінші топқа: жаңа техниканы өндіріске енгізгені, экспортқа жоғары сапалы өнімдерді жөнелткені, өнертапқыштық пен оңтайлы ұсыныстарды өндіріске енгізуге жәрдем еткені, ерекше маңызды әрі шұғыл жұмыстарды орындағаны, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыруды жасағаны үшін берілетін, негізгі сыйлықтар жатады.

Екінші топқа: жұмысшылардың белгіленген техникалық экономика-лық көрсеткіштерге жеткендігі үшін берілетін сыйлықтар жатады. Бұл сыйлықтар негізінен жұмыскерлердің өндіріс табыстарын есептеу жолымен анықталады. Сыйлық беру көрсеткіштері, жұмысшының тиісті мөлшерде сыйлық алуға жетуі үшін қажетті нақты өндірістік талаптарды бейнелеуі тиіс.

Тау-кен өнеркәсібінде сыйлық беру көрсеткіштері мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: көрсеткіштер осы топтағы жұмыскерлердің жұмыс нәтижесіне сай және олардың саны аз болуы, сыйлық беру көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі (мәселен, өнім өндіру көлемін арттыру және өнімнің жоғары сапалылығы).

Сыйлық берудің неғұрлым көп тараған көрсеткіштері мыналар:

- учаскенің немесе бригаданың жоспарлы тапсырманы орындауы және асыра орындауы. Тапсырманы орындағаны үшін тарифтік немесе кесімді табыстан сыйлық пайызы (негізгі жұмысшыларға 20 %, көмекші жұмысшыларға 10–15 %-дан аса) және айлық тапсырманы асыра орындаудың әрбір пайызы үшін сыйлық пайызы (негізгі жұмысшыларға 2 %, ал көмекші жұмысшыларға 1-1,5 %) белгіленеді;

- қосымша материалдарды үнемдегені үшін;

  • өнімнің техникалық нормасын асыра орындағаны үшін, жоспарды асыра орындаудың әрбір пайызы үшін 1-ден 2-ге дейін сыйлық беру пайызы белгіленуі мүмкін.

Сыйлық төлеудің әрбір жүйесі бойынша сыйлықтың айлық мөлшерінің шегі белгіленеді. Мәселен, Шығыс Қазақстан кеніштерінде 70 %-дан артық сыйақы төленбейді.

Сыйлық берудің жоғарыда аталған түрлерінен басқа, жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлерге іске асырылатын қосымша сыйлық беру бекітілуі мүмкін.

Қосымша сыйлыққа мыналарды жатқызған жөн:

  • кәсіпорынның бір жылғы қорытындысы бойынша берілетін сыйлық;

  • еңбек сіңірген жылдар үшін сыйлық;

  • жұмыс істеушілердің жекелеген санаттарына отын мен электр қуатын үнемдеу жөніндегі көрсеткішті орындағаны үшін берілетін сыйлық.

Сыйлық берудің әрбір жүйесі – экономикалық жағынан негізделген және берілетін ақы, сыйлық беру жүйесін енгізу нәтижесінде жасалған үнемнен аспауы тиіс. Ал материалдық жағынан көтермелеудің негізгі көздері – кәсіпорынның жұмысақы қоры мен оның жасалған үнемі, материалдық ынталандыру қоры, яғни кәсіпорынның тұтыну қоры болып саналады.

Кейбір кәсіпорындар сынау ретінде экономикалық ынталандыру жүйелерін жетілдіру, өндірістің тиімділігін арттыру мақсатымен жоғарыда аталған қорларға қаражат бөлудің басқаша факторлары мен тәртіптерін белгілеуі мүмкін.

Тау-кен кәсіпорнының жұмыскерлеріне тарифтік мөлшерлемелер, кесімді бағалама мен қызметақылар, сыйлық берудің белгіленген жүйелері бойынша есептелген еңбекақыдан басқа, әр түрлі қосымша төлемдер мен жалақыға үстемелер төленуі мүмкін.

Жұмыскер белгілі бір кәсіпорында жеке еңбек шартымен келісілген негізгі жұмысымен қатар, өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан, басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердің орнындағы адамға қосымша ақы төленеді.

Қызметті қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін орындағаны үшін, жұмыс беруші қосымша ақының мөлшерін қызметкерлермен келісім бойынша белгілейді. Ал мерзімнен тыс жұмысқа ақы, бір жарым есе мөлшерінен кем төленбеуі тиіс. Мереке мен демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін өтемақы, қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін. Қызметкерге түнгі уақыттағы (22-ден сағат 6-ға дейін) жұмысының әрбір сағатына бір жарым есе мөлшерінен кем ақы төленбеуі тиіс.

Жұмыс тұрып қалған уақытына жұмысшыға ақы төлеудің тәртібі мен талаптары, жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленеді.