- •V тарау қызметкерлерге еңбекақы төлеу
- •5.1. Мемлекет және еңбекақы төлеу
- •5.2. Тарифтік жүйе
- •Сағаттық тарифтік мөлшерлемері
- •5.4. Еңбекақы жүйесі мен нысандары
- •Еңбекке мерзімдік ақы төлеу
- •5.5. Ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •5.6. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі
- •5.7. Сыйлық беру жүйесі. Үстеме ақылар және жалақыға үстеме
- •5.8. Жұмысақы құрамы мен құрылымы
- •5.9. Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
5.4. Еңбекақы жүйесі мен нысандары
«Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің» Заңының 10-тарауына сәйкес жұмыс беруші, қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзгеде еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай белгіленеді, өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделігін күшейту үшін, жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі мен материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.
Нарықтық экономика саласында әр кәсіпорын, бірлестік – өзіне сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін, сыйлық пен үстемеақы нысандарын пайдалануды өздері тағайындайды.
Еңбек шығындарын өлшеу тәсіліне, айталық жұмыс уақыты бірлігіне немесе өндірілген өнім санына байланысты еңбекке ақы төлеудің екі нысаны қолданылады: мерзімдік және кесімді (5.1-сурет).
Кесімді ақы, сол сияқты мерзімдік ақы – жеке немесе бригадалық болуы мүмкін. Соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібінде еңбекке ұжымдық ақы төлеу барынша кең тарауда. Мұның өзі еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық нысанын дамытуға, жұмыстың бірқалыптылығын сақтау үшін ұжымның күш-жігерін қажет ететін циклдік-тасқынды әдіске, сондай-ақ жұмысшылардың ұжым жұмысының жалпы қорытындысына, жауапкершілігінің артуына байланысты болып отыр. Сонымен қатар, тау-
5.1-сурет. Еңбекақы төлеу түрлері
кен кәсіпорындарының техникалық дәрежесінің өсуіне, технологиялық процесті жетілдіруге, өндірілетін кен сапасына, үнемділікке қойылатын талаптарының артуына байланысты еңбекке мерзімдік ақы төлеудің аз болса да, кеңейтіліп отырғандығы байқалуда.
Жеке кесімді еңбекақы төлеу мынадай негізгі шарттарға сәйкес келуі қажет: орындалатын жұмысты есептеу және нормалау мүмкінділігі; белгілі жұмыс орнында жұмыстың көлемін арттыру қажеттілігі; өнім шығару көлемін арттыру үшін жұмысшыға белсенді ықпал ету мүмкіндігі; орындалған жұмыс сапасына бақылау мүмкіндігі бар жерде қолданылады.
Кесімді жалақы төлеу кезінде жұмысшының еңбекақысы тікелей өндірілген өнім көлеміне тәуелді. Осы жұмысақы төлеу нысанының тиімділігі, кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеуді ұйымдастыру деңгейі және еңбек нәтижесін есептеу жүйесімен анықталады.
Кесімді еңбекақының артықшылығы мынада – жұмысшы еңбек өнімділігін арттыруды, жұмыс уақыты мен негізгі қорларды көбірек тиімді пайдалануды, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жақсартуды, өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылатуға материалдық жағынан мүдделі.
Тау-кен кәсіпорындарында өндірістің нақты жағдайларына байланысты еңбекақының кесімді нысандар жүйесінің мына түрлері қолданылады: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, үдемелі кесімді, жанама кесімді және аккордтық.
Кесімді еңбекақы төлеу негізіне, атқарған жұмыстың түріне қарай кесімді бағалама алынады. Кесімді бағалық өндірілген өнім бірлігіне еңбекке ақы төлеу мөлшерін белгілейді және ол мына формула бойынша анықталады:
Рк Тс / Нө немесе Рк Тс Ну , (5.5)
мұндағы РК – кесімді бағалама (расценка);
ТС – орындалатын жұмыс разрядына сәйкес келетін ауысымдық немесе сағаттық тарифтік мөлшерлеме, теңге;
НӨ – ауысымдық немесе сағаттық өндірім мөлшері (нормасы), т, м, м3 / адам-ауысым (сағат);
НУ – уақыт нормасы, адам-ауысым (сағат)/ т, м, м3.
Тікелей кесімді еңбекақы – жұмысшылар жалақысының мөлшері және адамның өндірілген өнім көлемі мен өнімнің бір өлшемі үшін төлемақының белгіленген мөлшерінің (кесімді бағалама) көбейтіндісімен анықталады:
ЗК РК Q, (5.6)
мұндағы ЗК – жұмысшының табысы (заработок), теңге;
Q – белгілі уақыт кезеңінде жұмысшының өндірген өнім көлемі.
Есеп: Түсті металл өндіру кенішінде 5 разрядтағы бұрғылаушының тікелей жеке кесімді еңбекақысын есептеп шығару керек, егер жұмысшы бір айда 600 м шпурларды бұрғылады делік, оның ауысымдық өндірім нормасы – 20 м, сағаттық тарифтік мөлшерлемесі - 150 теңге, жұмыс ауысымының ұзақтығы 6 сағат.
Шешуі: жұмысшының ауысымдық тарифтік мөлшерлемесі 900 теңге (150 6). Оның жеке кесімді бағалығы:
Рк Тс / Нө 900 /20 45 теңге/м;
Ал айлық табысы:
ЗК 600 45 27000 теңге.
Кесімді бағалама мен өндірім норма арасында кері байланыс бар; егер өндірім нормасы өссе (ΔНӨ), кесімді бағалама мөлшері төмендейді:
ΔР 100 ΔНӨ /(100 + ΔНӨ). (5.7)
Жеке тікелей кесімді еңбекақы төлеуде жұмысшы тек қана өз табысын ұлғайтуды ойлайды, ал цехтың, телімнің нәтижесі оны аз ынталандырады. Осы кемшіліктерді жою үшін, кесімді сыйлық жүйе пайдаланылады.
Кесімді сыйлықақы жүйесі. Бұл жүйе бойынша жұмысшылардың тікелей кесімді еңбекақысының үстіне белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлық төленеді. Сонымен, жұмысшының табысы екі бөліктен тұрады: кесімді жалақы және сыйлықтар.
Еңбекақының кесімді-сыйлық жүйесінде жұмысшының табысы былай есептелінеді:
ЗКС ЗК + ЗК (а + в *с)/100, (5.8)
мұндағы ЗКС – жұмысшының кесімді-сыйлық жүйесіндегі жалпы еңбекақысы, теңге;
а – тапсырманы немесе басқа сыйлық көрсеткіштерді орындау үшін, пайыз бойынша бекітілген сыйлық мөлшері;
в – сыйлық көрсеткіштерін асыра орындаудың әрбір пайызы үшін бекітілген сыйлық мөлшері;
с – сыйлық көрсеткіштерді асыра орындау, %.
Тау-кен өнеркәсібі саласында еңбекке ақы төлеудің кесімді- сыйлық жүйесі кең пайдаланылады. Еңбекке кесімді-үдемелі ақы төлеу – берілген норма (база) шеңберінде бірқалыпты кесімді бағалама бойынша атқарылған жұмысқа ақы төлеуді, ал базадан артық орындалған жұмысқа, тапсырманың орындалу дәрежесіне қарай көтеріңкі бағалама бойынша ақы төлеуді көздейді.
Еңбекке үдемелі кесімді еңбекақы төлегенде, жұмысшының табысы мына формула бойынша айқындалады:
ЗКҮ ЗТ + ЗҮ (М-1), (5.9)
мұндағы ЗТ – тікелей кесімді бағалама бойынша есептелген жұмысшының негізгі табысының сомасы, теңге;
ЗҮ – еңбектің үдемелі жүйе бойынша жұмыстың бөлігіне тікелей кесімді бағалама бойынша төленген жұмысшының кесімді табысының сомасы, теңге;
М - үдемелі кесімді бағаламаның негізгі кесімді бағаламаға қатынасын көрсететін коэффициент,
М>1.
Еңбекке жанама – кесімді ақы төлеудің бұл жүйесін – көмекші жұмысшылардың кейбір кәсіптері үшін тікелей топтарда (телімде, бригадада) істейтін жұмысшылар мен өнім өндіруге тікелей әсер ететін кесімді ақы бойынша істейтін негізгі жұмысшылар үшін қолдану орынды. Осы еңбекақы төлеу жүйесі – көмекші жұмысшыларға арналған, олардың табысы негізгі жұмысшылардың тапсырманы орындауына байланысты. Осы жүйеде жұмысшының еңбекақысы былай есептелінеді:
ЗЖ РЖ QФ, (5.10)
мұндағы РЖ – көмекші жұмысшылардың бағаламасы;
QФ – негізгі бөлімшенің нақты өндіріс көлемі.
Ал көмекші жұмысшылар бағаламасын былай есептеп шығаруға болады:
РЖ
/
QЖ,
(5.11)
мұндағы Тcі – і –көмекші жұмысшының тарифтік ставкасы (сағаттық, ауысымдық);
QЖ – көмекші жұмысшылар қызмет көрсетіп отырған бөлімшенің жоспарлы тапсырмасы.
Еңбекке аккордтық әдіспен ақы төлеу – тұтас белгілі бір жұмыс көлемін атқарып шығудың ақырғы мерзімін анықтау жолымен кесімді бағалама қойылатын, ал кейбір жағдайда жұмыс күнінің ұзақтығына шек қоймайтын, еңбекке кесімді ақы төлеудің бір түрі болып табылады. Егер жұмыстың барлық көлемін көрсетілген уақыттан ерте бітіріп, сапасы жоғары болса, жұмысшыларға сыйлық – қосымша қаражат төленетін шарт жасағанда белгіленеді.
