- •V тарау қызметкерлерге еңбекақы төлеу
- •5.1. Мемлекет және еңбекақы төлеу
- •5.2. Тарифтік жүйе
- •Сағаттық тарифтік мөлшерлемері
- •5.4. Еңбекақы жүйесі мен нысандары
- •Еңбекке мерзімдік ақы төлеу
- •5.5. Ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •5.6. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі
- •5.7. Сыйлық беру жүйесі. Үстеме ақылар және жалақыға үстеме
- •5.8. Жұмысақы құрамы мен құрылымы
- •5.9. Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
5.2. Тарифтік жүйе
Әр кәсіпкер өнім өндіру сипатына, нақты технологиялық процеске, басқару деңгейіне, өткізу рыногіне, сұраныс көлеміне ең жоғары дәрежеге сәйкес келетін еңбекке ақы төлеу жүйесін таңдайды. Еңбекақы нысандары – тарифтік жүйе, келісім-шарт және тарифсіз жүйелер болып саналады. Еңбек өлшемі өндірім, уақыт және қызмет көрсету нормаларымен анықталады.
Сыйақы өлшемі тарифтік жүйемен және қызметкерлерге берілген санатқа еңбекақы төлеу үшін қабылданған жұмысақы нысаны және жүйесімен айқындалады.
Тарифтік жүйе – қызметкерлер еңбегінің күрделілігі мен біліктілігіне байланысты және оның негізгі ерекшеліктерін есепке алу үшін қажетті нормативтер жиынтығы. Ол еңбекақы төлеудің негізгі элементі бола отырып, қызметкерлердің әр түрлі топтары мен санаттары еңбегінің күрделігін, мәнін және жағдайын ескере отырып саралау үшін пайдаланылады.
Тарифтік жүйе мынадай қызметтерді орындайды:
1) қызметкерлердің еңбекақы төлеу деңгейін де, негізгі айырмашылықтар мен орындайтын жұмыстың жауапкершілігін де белгілейді;
2) ғылыми-техникалық прогресті, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын дамытуды анықтайтын қызметкерлерге еңбекақы төлеуде артықшылық береді.
Тарифтік жүйенің негізгі элементтері мыналар: тарифтік-біліктілік анықтамалығы, бірінші разрядтың тарифтік мөлшері, тарифтік тор, тарифтік мөлшерлемелер мен қызметақыларға қосымша төлемдер мен үстемелер.
Тарифтік-біліктілік – анықтамалық-біліктілік немесе тарифтік разрядтар бойынша бөлінген барлық кәсіптегі қызметкерлердің кәсіптік-өндірістік сипаттамаларының жинағы. Мұнда жұмыскерлер әр кәсібі бойынша не істеуді білуі қажет, жұмыс орындау үшін қандай білімі болуы керек, осы жұмысты орындағанда не үшін жауапкершілікке тартады, т.б.
Жұмыс пен жұмысшы кәсіптерінің біліктілік анықтамалықтар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарды әзірлеу мен қолдану тәртібін, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Жұмыс күрделілігін, жұмыс разряды мен жұмыс істейтіндердің біліктілік разрядтарын жұмыс беруші дербес жүргізеді. Қызметкерлерді тарифтеу бүгінгі күндері Үкімет бекіткен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қабылданған Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалық (БТБА) пен біліктілік анықтамалық (БА) бойынша жасалады.
Тарифтік тор – тарифтік разрядтары мен оларға сәйкес тарифтік коэффициентері бар шкала. Тарифтік тор арқылы әр түрлі кәсібі, мамандығы бар қызметкерлердің еңбекақысы анықталады. Тарифтік тор бойынша еңбекақы мөлшерлемесі, қызметкерлердің жалақысы мен лауазымдылық айлықтарының деңгейі белгіленеді.
Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 21 разрядты Бірыңғай тарифтік тор мен әр разрядқа сәйкес тарифтік коэффициенттер арқылы жүргізіледі (5.1-кесте)
5.1-кесте
Бірыңғай тарифтік тор
Бірыңғай тарифтік тордың разрядтары |
Тарифтік коэффициент (1 - разрядқа) |
Бірыңғай тарифтік тордың разрядтары |
Тарифтік коэффициент (1 - разрядқа) |
1 |
1,0 |
11 |
2,05 |
2 |
1,07 |
12 |
2,20 |
3 |
1,15 |
13 |
2,37 |
4 |
1,24 |
14 |
2,55 |
5 |
1,33 |
15 |
2,74 |
6 |
1,43 |
16 |
2,95 |
7 |
1,54 |
17 |
3,17 |
8 |
1,66 |
18 |
3,41 |
9 |
1,78 |
19 |
3,67 |
10 |
1,91 |
20 |
3,94 |
|
|
21 |
4,24 |
Тарифтік тор мына көрсеткіштермен сипатталынады: тарифтік разрядтар саны, тарифтік коэффициенттер, тарифтік тор ауқымымен, орташа тарифтік разрядпен, разряд аралық қатынастармен.
Тарифтік разрядтар саны – жұмысшыларға, басқа қызметкерлерге бөлек белгіленеді және ол дене еңбегі мен ой еңбегіне тәуелді.
Бірыңғай тарифтік тор бойынша жұмысшылар 1-ден 8-ші разрядқа дейін тарифталынады, қызметшілер, мамандар, басшылар разрядтары 2-ден 21-разрядқа дейін белгіленеді (5.2-кесте).
5.2-кесте
Қызметкерлердің разрядтары
№ |
Санат және лауазым |
Разрядтардың аралық ауқымы |
1. |
Қалыпты еңбек жағдайындағы жұмысшылар |
1-8 |
2. |
Техникалық орындаушылар |
2-5 |
3. |
Орта білімдері бар мамандар |
4-11 |
4. |
Жоғары білімдері бар мамандар |
7-14 |
5. |
Бөлім басшылары |
10-15 |
6. |
Шебер, аға шебер |
6-10 |
7. |
Ауысым, телім бастықтары |
9-12 |
8. |
Цех бастықтары |
10-14 |
9. |
Өндіріс, басқарма бастықтары |
11-15 |
10. |
Ұйым, басқарма басшылары |
13-18 |
11. |
Бірлестік басшылары |
16-20 |
Кәсіпорындарда біліктілік разряды бойынша тарифтік мөлшерлемелері (ставкалары) тағайындалады. Тарифтік мөлшерлеме – қызметкер мамандығының дәрежесін және соған байланысты, оның еңбекақысының мөлшерін көрсетеді. Біліктілік разряды - қызметкерлердің өзі орындайтын жұмыстардың күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.
Тарифтік мөлшерлеме – жұмыс уақытының бір өлшемінде ақшалай тұлғада көрсетілген еңбекақының абсолюттік мөлшері. Жұмыс уақытының таңдаған бірлігіне байланысты тарифтік мөлшерлеме: сағаттық, күндік, айлық болуы мүмкін.
Тарифтік мөлшерлеме – еңбекке ақы төлеу деңгейін айқындайтын негізгі бастапқы шама. Неге десеңіз, жұмыскердің табысы ең алдымен тарифтік мөлшерлеме шамасына байланысты.
Тарифтік коэффициент – бірінші разрядтың тарифтік мөлшерлемесі мен одан кейінгі разрядтың тарифтік мөлшерлеме арасындағы ара салмағын сипаттайтын тарифтік тордың элементі. Ол осы разрядтың тарифтік мөлшерлемесі бірінші разрядтың мөлшерлемесінен қанша есе көп екенін айқындайды. Бірінші разрядтың тарифтік мөлшерлемесінің коэффициенті, әрқашан бірге тең. Тарифтік тор ауқымы деп – шеткі тарифтік коэффициенттер қатынасын айтады. Ол 1- разрядтың мөлшерлемесі ең жоғары тарифтік мөлшерлемеден қанша есе кем екенін көрсетеді. Мысалы, Бірыңғай тарифтік тордың ауқымы – 4,24.
Тау-кен және басқа да өнеркәсіптерде жұмыстардың орта разряды, жұмысшылардың орташа тарифтік разрядына сәйкес келуі керек. Ал орташа тарифтік разряд, арифметикалық орта мәні формуласымен анықталады:
ТР
/
,
(5.1)
мұндағы ТР – орташа тарифтік разряд;
Nі – і тарифтік разряд бойынша істейтін қызметкерлер саны;
ТРі – қызметкерлер санына сәйкес тарифтік разрядтары.
Осыған ұқсас орташа тарифтік коэффициент пен орташа тарифтік мөлшерлеме анықталады.
Разряд аралық қатынас деп – разрядтан разрядқа, тарифтік коэффициентінің өсуін айтады. Ол: абсолюттік және салыстырма болып бөлінеді. Разрядаралық қатынастың абсолюттік өсуі – көршілес, шектес тарифтік коэффициенттер арасындағы айырма, ал оның салыстырма өсуі – шектес тарифтік коэффициенттер арасындағы пайыздық артығы, яғни:
ΔКа КТ3 –КТ2; (5.2)
ΔКС (КТ3 –КТ2) *100/ КТ2; (5.3)
мұндағы КТ2 және КТ3 –2 және 3-ші разрядтарға сәйкес тарифтік коэффициентер.
Бірінші разрядтың тарифтік мөлшерлемесі – белгілі жұмыс уақыты ішіндегі ең жай еңбек ақысын анықтайды және ол ең төмен жалақы мөлшері болып саналады.
Ал басқа разрядтардың тарифтік мөлшерлемесі (Тcі ) бірінші разрядтардың тарифтік мөлшерлемесін (ТС1 ), сол разрядқа сәйкес тарифтік коэффициентке (КТ ) көбейтумен табылады:
Тcі =ТС1 * КТі . (5.4)
5.3. Тау-кен өнеркәсібінде жұмысшыларға еңбекақы төлеу
Рынокқа негізделген экономика жағдайында материалдық салада қызмет ететін кәсіпорындар, корпорациялар меншік нысанына қарамастан, еңбекке ақы төлеу мәселелерін дербес ұжымдық шарттар негізінде шешетінін айтып кеткенбіз және қызметкерлердің еңбекақы төлеу жағдайлары сол ұжымдық шартта жазылып қойылуы тиіс.
Кәсіпорындар мен корпорациялар ұжымдық шартты жасағанда еңбекақы қоры шегінде салалық, аймақтық келісімдермен қабылдаған тарифтік мөлшерлемелерді, жалақыға үстемелер мен үстемеақыларды арттыруға құқығы бар.
Әр түрлі кәсіптік-біліктілік қызметкерлер топтарының тарифтік мөлшерлемелері мен лауазымдық қызметақылары кәсіпорында немесе корпорацияларда бекітілген 1-разрядтың тарифтік мөлшерлемесі арқылы анықталады. Кәсіпорында бекітілген 1-разрядтың тарифтік мөлшерлемесі «Мемлекеттік бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген ең төмен жалақы мөлшерінен және Бірыңғай тарифтік торда бекітілген тарифтік-біліктілік коэффициенттерінен кем болмауы тиіс. Осы екі көрсеткіш, жұмыс берушіге жалақының кепілді мөлшері болып табылады. 2006 жылы ең төмен жалақы мөлшері – 1-разрядтың тарифтік мөлшерлемелесі 9200 теңге болды, ал 2007 жылға «Мемлекеттік бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында оның мөлшері 9752 теңге деп бекітілген.
9752 теңге бюджет саласында қызмет атқаратын ұйымдардың 1-разрядтың айлық тарифтік мөлшерлемесі болып саналады. Орташа алғанда аптасына 40 сағат жұмыс істегенде, айлық жұмыс уақытының қоры 169,2 сағат, ал 36 сағат жұмыс істегендерге – 152,3 сағатқа тең. Егер кезекті демалыс күнтізбелік күндермен берілсе, онда орта айлық күнтізбелік күндер саны 2008 жылы 29,5-ге тең [(366 –12)/12].
Қызметкерлерге тарифтік разрядтар, сонымен олардың мөлшерлемелерін тарифтік-біліктілік комиссиясының шешімімен белгіленеді де, оны кәсіпорынның басшысы бекітеді. Жұмысшыға тарифтік разряд, оның теориялық білімі негізінде және оның шеберлігін сынау жұмыстарын қалай орындауына байланысты беріледі. Әр негізгі және көмекші жұмысшыларға тарифтің сағаттық мөлшерін бөлек белгілейді. Бірақ, тарифтік коэффициенттердің шамасы бірыңғай болуы тиіс.
Тау-кен кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысандары кең таралған. Сол үшін бригададағы жұмысшылардың мамандық құрамына ерекше көңіл бөлген жөн. Бригаданың әр мүшесі өзінің разрядына сай, жұмыспен қамтылуы тиіс. Егер бригада орындайтын жұмыс разряды бригададағы жұмысшылардың орташа разрядынан төмен болса, онда одан да төмен разряды бар жұмысшы, материалдық жағынан онша ынталы болмайды. Өйткені, бригадада еңбекақы жұмысшы разрядына және оның атқарған жұмыс сағатының мөлшеріне қарай төленеді.
Техникадағы, технологиядағы, өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, жұмысшылардың мәдени-техникалық дәрежесінің артуына және инфляция мөлшеріне байланысты тарифтік жүйенің элементтері оқтын-оқтын қайта қаралып отырады. Қызметкерлерді қайта тарифтеу мен аттестаттау, заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарифтік тор әр түрлі мамандықтағы жұмысшыларға есептелетін жалақы арақатынасының шәкілін көрсетеді, осы кеніште әр түрлі мамандар топтардың саны 12-ге жетуі мүмкін. ал тарифтік тордың тарифтік коэффициенттері, бірыңғай тарифтік коэффициенттерінен едәуір жоғары және геометриялық прогрессия бойынша өзгереді. тордың бірінші разрядтағы тарифтік коэффициенттің 7 разрядындағы тарифтік коэффициентіне қатынасы (тарифтік тордың ауқымы) – 2,04 жоғары болуы мүмкін (5.3-кесте).
Кәсіпорын басшыларының, мамандардың және қызметкерлердің разрядтары 1996 жылы 20 ақпандағы № 2-1 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаулысымен бекітілген Бірыңғай тарифтік мөлшерлемені пайдалану Әдістемелік ережеге сәйкес, мөлшерлемелер топтарына байланысты белгіленеді.
“Қазақмыс” корпорациясы акционерлік қоғамның бір кенішінде жұмысшылар топтарына қолданған сағаттық тарифтік мөлшелемелері мен тарифтік коэффициенттері 5.3-кестеде берілген. Бірақ мұнда қосымша коэффициенттер, үстеме төлемдер көрсетілмеген.
5.3-кесте
