Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 - тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
384.51 Кб
Скачать

К әсіпорын экономикасы

V тарау қызметкерлерге еңбекақы төлеу

5.1. Мемлекет және еңбекақы төлеу

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу – бұл өндірістік процесте жұмсалған еңбек ресурстарының бағасы. Жұмыс беруші жалданған қызметкерге есепті кезеңде орындалған жұмысы үшін ақшалай сыйақы төлеу керек. Көбінесе еңбекақы – жұмсалған еңбектің саны және сапасымен анықталады, бірақ оған мынадай нарықтық факторлар – еңбекке сұраныс пен ұсыныс, рынок жағдаяты, заң нормалары әсер етеді.

Қазақстан Республикасында жұмысақы төлеуді “Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы №170 қаулысы, оған 2000 жылы 2 ақпанда № 293, сол жылғы 26 қазанда №1597 және 2001 жылы 19 қаңтардағы №73 енгізілген өзгерістер мен 2007 жылы 1-ші маусымнан бастап қолданысқа енгізілген “Қазақстан Республикасы-ның еңбек кодексі” реттейді.

Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Ең төмен жалақы мөлшері – меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері. Оның мөлшері жыл сайын «Мемлекеттік бюджет туралы» Заңда белгіленеді.

Жұмыс беруші жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметтерге еңбегіне ақы төлеуге міндетті. Ал жұмыскерлердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.

Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделігін күшейту үшін, жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.

Жалақы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмысшылардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі, жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және қызметкерлер лауазымдарының анықтамалығына сай дербес жүргізеді.

Қазіргі кезеңде мемлекет жалдамалы еңбекке ақы төлеудің құқықтық реттеуінің қандай әдістерін пайдаланады? – деген сұрақ тууы мүмкін. Біріншіден - еңбек рыногінде серіктестердің еңбекке сыйақы мөлшерін белгілеуінің келісім-шарт тәсілдерін кең пайдалануы. Мемлекет жұмыс берушіге және жалдамалы қызметкерлерге еңбекақының мөлшерін анықтауға еркін құқық бере отырып, оның барынша жоғары мөлшеріне шек қоюдан бас тартты. Бірақ, жалдамалы еңбектің әлеуметтік қорғауының маңызды қызметін атқара отырып, мемлекет еңбекақының ең төмен мөлшерін заңды жолмен белгіледі.

Еңбекке ақы төлеу – жеке еңбек және ұжымдық шарттар арқылы реттеледі. Жеке еңбек шартында қызметкер мен жұмыс беруші келісім жасап, екіжақты міндеттерді белгілейді. Ол бойынша қызметкерлер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндетті. ал жұмыс беруші қызметкерлерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Ұжымдық - келісімді реттеу, еңбекақы төлеу жағдайларын салалық, салааралық, кәсіптік келісімдер мен ұжымдық шарттарда бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет пайдаланатын еңбекақы реттеудің басқа да әдісі –бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің сыйақы мөлшерін бір орталықтан нормалау әдісі болып табылады.

Еңбекке ақы төлеу саласындағы саясатты одан ары өзгерту мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылы 6 ақпанда №170 «Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулы қабылдады, онда осы қаулыға 2001 жылы 19 қаңтарда №73 енгізілген өзгерісте:

– Қазақстан Республикасының бюджеттік саладағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бірыңғай тарифтік тор бекітілді (5.1-кесте);

– бюджеттік саладағы қызметкерлердің тарифтік ставкалары (мөлшерлеме) мен лауазымдық айлықтарын айқындау үшін заң актісімен бекітілген жұмысақының ең төмен мөлшері пайдаланылады;

– бірыңғай тарифтік тор мен разрядтар аралық коэффициенттері негізінде есептелген тарифтік ставкалары мен лауазымдық қызметақы, тарифтік келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау негізі болып саналады;

– мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, олардың жалақысы қолданылып жүрген заңнамада көзделген барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар, салалық, аудандық коэффициенттер, биік таулы, шөл далалы және сусыз жерлерде жұмыс істегені үшін коэффициенттер ескерілгенде, бұрын алып жүрген жалақысынан төмен және сол лауазымында жұмыс істеуін жалғастырған жағдайда, қызметкерлерге жалақы айырмасын төлейді. Бұл ретте көрсетілген айырма жалақы қорында көзделеді;

– меншік нысанына қарамастан, материалдық саладағы ұйымдар еңбекке ақы төлеу мәселелерін дербес ұжымдық шарттар негізінде шешеді.

Нарық жағдайында еңбекақы төлеуге көзқарас өзгерді, ол еңбек шығындарына емес, тауар ретінде нарық мойындаған еңбек өніміне, яғни еңбек нәтижесіне ақша төленеді. Тауарларды өткізуден алынған қаражаттар – тауар саны мен сапасының ең жоғары критерийі (пайымдау негізі) және еңбекке ақы төлеу көздері болып табылады. Жұмысақы ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар:

еңбекке ақы төлеу. Осы принцип, екі аспектіні білдіреді: еңбектің саны мен сапасына ақша төлеу және бірдей еңбекке бірдей ақы төлеу;

еңбекақы деңгейінің ұдайы артуы. Тау-кен өнеркәсібінде осы принцип өндіріс тиімділігін арттыру, ресурстары оңтайлы және өндіріс факторларын ең жақсы пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

– еңбек өнімділігінің артуы – жұмысақы өсуін басып озуы;

– еңбекақы деңгейіне мемлекеттік реттеу. Мемлекет жыл сайын кәсіпорындар мен фирмаларға – олардың меншік нысандарына қарамастан, еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді;

– қызметкерлердің еңбегіне материалдық ынталандыру;

– бірдей кәсіптегі жұмысшыларға бірдей еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету;

– жұмысшылардың еңбекақысының тарифтік мөлшерлеме үлесін арттыру.