- •Іv тарау кәсіпорындардың еңбек ресурстары
- •4.1. Жалпы ережелер
- •4.2. Қызметкердердің кәсіптік–біліктілік құрылымы
- •4.3.2. Кәсіпорынның жұмыс уақыты
- •4.3.3. Қызметкерлер құрамы мен серпінінің көрсеткіштері
- •4.4. Еңбекті нормалау негіздері
- •4.5. Еңбек ресурстарының көрсеткіштері
- •4.6. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері
- •4.7. Қызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің
- •4.8. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық
- •4.9. Өндірістік функция. Жалпы, орташа және шекті өнім
- •4.10. Қызметкерлер санын анықтау
4.10. Қызметкерлер санын анықтау
Қызметкерлер санын анықтар алдында бір жұмыскерге тиісті жұмыс уақытының жылдық балансын құрады.
Кесімді еңбекақы төленетін жұмысшылардың жұмыста болатын құрамы мына формула арқылы табылады:
Nк Qa / НӨ *кН, (4.28)
мұндағы Nк – кесімді жұмысақы төленетін жұмысшылар саны;
Qa - өндірістік процесс түріндегі ауысымдық жұмыс көлемі, т, м3, метр, шаршы метр;
НӨ - сол жұмыс түрін орындайтын бір жұмысшының ауысымдағы өндірім нормасы, сол өлшем бірлігінде;
кН - өндірім норманы асыра орындау коэффициенті.
Жұмысшылар саны әр жұмыс процесіне сәйкес есептеліп, олардың мамандығы мен біліктілік разрядтары белгіленеді.
Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіргенде, жұмысшылар саны өндірімге және аршу жұмыстарына бөлек саналады.
Жұмыс процесіне сәйкес жұмысшылардың тізімдегі саны, тізімдік құрамы былай есептелінеді:
NT = NK· кT ; (4.29)
мұндағы Nт – жұмысшылардың тізімдегі саны,
кT – тізімдік құрамының коэффициенті, яғни жұмысқа келушілер санын тізімдік санға келтіретін көрсеткіш.
Егер қызмет көрсету нормасы белгілі болса, жұмысшылар саны мына формуламен есептелінеді:
NKK = M· пa · кT / НK, (4.30)
мұндағы NKК – қызмет көрсететін жұмыскерлер саны;
М – қызмет көрсету объектілерінің саны;
пa – тәуліктегі ауысымдар саны;
НK – қызмет көрсету нормасы.
Жұмыс орындар саны бойынша жұмысшылардың саны (N) былай есептелінеді:
N = М0 · Нс · nа · кT, (4.31)
мұндағы М0 – жұмыс орындарының саны;
Нс – жұмыскерлер санының нормасы.
Инженер – техникалық қызметкерлердің (ИТҚ), мамандардың, қызметкерлердің және кіші жұмыскерлер саны уақыт, қызмет көрсету, қызметкерлер саны нормалары, сондай-ақ үлгі штаттар кестесі негізіне қарай анықталады.
Мысалы, уақыт нормасы негізінде басқару қызметкерлерінің керекті саны (Nб) мына формуламен анықталады:
Nб
/
(ТТ
КН),
(4.32)
мұндағы ЕСЖ – қызметкерлердің і – функция (жұмыс) бойынша орындайтын жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы;
ТТ – і –қызметкердің жұмыс уақытының тиімді қоры.
Басшылар, мамандар және қызметшілер саны өндіріс көлемімен, олар орындайтын қызмет түрімен, жұмысшылар және цехтар, телімдер санымен байланысты болғандықтан, олардың саны мына функциямен өрнектеледі:
Nб а·Qx ·Ny · Мz, (4.33)
мұндағы Q, N, M - өнім көлемі, жұмысшылар және объектілер саны;
а – тұрақты шама;
х, у, z – факторлардың сандық шамаларының дәрежелік көрсеткіштері.
Түсті металлургия тау-кен кәсіпорындарының экономикалық жұмыстарды орындайтын қызметкерлер саны мына формуламен есептелуі мүмкін:
NЭ 0,0424 · N0,601·M0,313, (4.34)
мұндағы N - өнеркәсіптік -өндірістік қызметкерлер саны;
М - құрылымдық бөлімшелер саны.
Еңбекті нормалау және жұмысақы белгілейтін қызметкерлер саны:
NH 0,026 · N0,8. (4.35)
Бухгалтерлік есептегі қызметкерлер саны:
Ne = 0,005· N0,891· M0,95. (4.36)
1 «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» Егемен Қазақстан. 2007. 22 мамыр, 4-12 б.
К. Маркс. «Капитал». І-том, 1953, 46 б.
