Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.9. Өндірістік функция. Жалпы, орташа және шекті өнім

Өндірістік функция деп – өндірілген өнім көлемі мен оны шығаруға жұмсалған өндірістік факторлардың нақты шамалары арасындағы математикалық байланысты айтуға болады.

Өндіріс көлемі пайдаланған ресурстар көлеміне байланысты болғандықтан, олардың арасындағы тәуелділікті былай жазуға болады:

Q = f (L, K, T), (4.23)

мұндағы Q – пайдаланылатын техника мен технология және қажетті өндірістік факторлар арқылы өндірілген өнім көлемі;

L – еңбек ресурстары;

К – капитал (негізгі және айналмалы капитал, ақша капиталы);

Т – жер (қойнауындағы минералды ресурстар).

Өнім өндіру көлемі мен өндірістік факторлар арасында тәуелділік сызықтық немесе дәрежелілік болуы мүмкін. Мына түрдегі өндірістік функцияны, Кобб-Дугластың функциясы дейді:

Q = A Ka Lв, (4.24)

мұндағы А, а және в – тұрақты шамалар.

Өндірістің қысқа мерзімді кезеңінде үйлер, жабдықтар деген шығындар тұрақты болады. Кәсіпорын оларды апта немесе бірнеше күн ішінде өзгерте алмайды. Басқа факторлар тұрақты деген кезде, еңбек шығындары өндірістік функциясының өзгермелі факторлары болып саналады. Егер өндірілген өнімге сұраныс көтерілсе, онда кәсіпорын басшылары қосымша еңбек ресурстарын пайдаланып, өнім көлемін көбейтеді. Бірақ бұл – шексіз процесс емес.

Еңбектің (басқа өндіріс факторлардың) қосымша бір өлшемін өндіріске қосу есебінде жалпы өнім шамасының өзгеруін, еңбектің шекті өнімі деп атап, оны мына формуламен есептейді:

MPL = ΔQ / ΔL, (4.25)

мұндағы MPL – еңбектің шекті өнімі;

ΔQ – жалпы өнімнің ұлғаю көлемі;

ΔL – еңбектің қосымша бірлігі.

Еңбектің орташа өнімін – жиі еңбек өнімділігі дейді және оны өнімнің жалпы көлемін пайдаланған еңбек шығындарына бөлу арқылы есептейді.

4.1-суретте жалпы өнім (а), орташа өнім және шекті өнім (в) қисықтары көрсетілген. Жалпы өнім қисығы, өзгермелі фактордың шамасымен байланысты болып, D нүктеде барынша жоғары деңгейге жетеді, осы жерде шекті өнім нөлге тең болады.

Орташа өнім (АР) мен шекті өнім С нүктеде тең мөлшерге келеді. Осы нүктеге дейін МР>AP, ал сонан соң АР>MP. Осы нүктеде еңбек өнімділігі барынша ең жоғары мөлшерде болады.

Еңбекті пайдаланудың тағы бір көрсеткіші – еңбектің шекті табыстылығы, ол мына формуламен есептелінеді:

MRPL = MPL *MR, (4.26)

мұндағы MRPL – еңбектің шекті табыстылығы (marqіnal revenue product of labour);

MR – кәсіпорынның шекті табысы (marqіnal revenue).

Кәсіпорынның шекті табысы - өнімнің қосымша бір өлшемін сатудан түскен табыс.

Егер еңбектің шекті табыстылығы жұмысақы деңгейінен жоғары болса, қосымша жұмысшыларды қабылдауға болады.

Ал MRPL <W (жұмысақы - wages) жұмысшылар санын қысқарту керек. Егер мына шарт орындалатын болса, жұмыс істейтіндердің саны жеткілікті, әрі оңтайлы:

W = MRPL. (4.27)

а

в

С

AP (Average product)

MP (Marginal prоduct)

D

4.1-сурет. Өзгермелі фактор (еңбек шығындары)

а) жалпы өнім өзгеру қисығы (ТР);

в) орташа өнім (АР) және шекті өнім (МР) қисықтары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]