- •Іv тарау кәсіпорындардың еңбек ресурстары
- •4.1. Жалпы ережелер
- •4.2. Қызметкердердің кәсіптік–біліктілік құрылымы
- •4.3.2. Кәсіпорынның жұмыс уақыты
- •4.3.3. Қызметкерлер құрамы мен серпінінің көрсеткіштері
- •4.4. Еңбекті нормалау негіздері
- •4.5. Еңбек ресурстарының көрсеткіштері
- •4.6. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері
- •4.7. Қызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің
- •4.8. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық
- •4.9. Өндірістік функция. Жалпы, орташа және шекті өнім
- •4.10. Қызметкерлер санын анықтау
4.7. Қызметкерлер саны және еңбек өнімділігінің
өндіріс көлеміне әсері
Еңбек өнімділігінің деңгейі, жұмсалған жұмыс уақытының бірлігінде өнім өндірімімен (тікелей көрсеткіш) және еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш) сипатталынады.
Өнім өндіру көлемі еңбек өнімділігі мен қызметкерлер санын көбейтумен табылады:
ӨӨ ЕӨ•N, (4.20)
мұндағы ӨӨ – өнім өндіру көлемі, яғни нәтижелік көрсеткіш;
ЕӨ және N – еңбек өнімділігі мен қызметкерлер
саны - факторлық көрсеткіштер.
Нәтижелік көрсеткіштің серпіні осы мультипликативтік үлгіде салыстырмалы шамаларда былай жазылады:
ІӨӨ ӨӨ1/ӨӨ0 (ЕӨ1 •N1) / (ЕӨ0 •N0)= ІЕӨ*ІN, (4.21)
мұндағы ІӨӨ және ІЕӨ және ІN – нәтижелік көрсеткіштің және оған әсер ететін факторлардың индекстері;
ӨӨ0, ЕӨ0 және N0 – базистік көрсеткіштер;
ӨӨ1, ЕӨ1 және N1 – есептік көрсеткіштері.
Факторлар бойынша нәтижелік көрсеткіштің абсолюттік өсімі былай есептелінеді:
ΔӨӨ ӨӨ1 - ӨӨ0 ЕӨ1·N1- ЕӨ0·N0 (ЕӨ0+ ΔЕӨ)( (N0+ ΔN) – ЕӨ0·N0 Δ ЕӨ· N0 + ΔN·ЕӨ0+ ΔЕӨ·ΔN.
Енді :
ΔӨӨ ΔЕӨ· N0 + ΔN·ЕӨ0+ ΔЕӨ·ΔN ΔЕӨ (N0 + ΔN) + ΔN·ЕӨ0 =ΔЕӨ·N1 + ΔN·ЕӨ0.
4.2-кестеде көрсетілген деректер бойынша айтқанымызды дәлелдейік.
4.2-кесте
Тау-кен кәсіпорнының көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Шартты белгілер |
Жылдар |
Абсолюттік өсім |
Өзгеру қарқыны, % |
|
Базистік |
Есепті |
|||||
1. |
Пайдалы қаз-балар өндіру көлемі, мың т |
ӨӨ |
1000 |
1200 |
+200 |
120 |
2. |
Тізімдегі қызметкерлер-дің орташа жыл- дық саны, адам |
N |
1000 |
960 |
- 40 |
96 |
3. |
Бір тізімдегі қызметкерге шаққан орта жылдық өндір-ім, мың т/адам |
ЕӨ |
1 |
1,25 |
+0,25 |
125 |
Өнім өндірудің салыстырмалы көрсеткіші мынаған тең:
ІӨӨ ІЕӨ*ІN 1,25 ·0,96 1,2.
Пайдалы қазбалар көлемінің 200 мың тоннаға өсуі, мына факторларға байланысты:
өндірім өсуі: ΔЕӨ*N0 (1,25 – 1)*1000 +250 мың т;
қызметкерлер санының азаюы:
ΔN ·ЕӨ0 (960 –1000)*1 -40 мың т,
екі фактордың бірдей әсерінен:
ΔЕӨ·ΔN (960 –1000)(1,25-1) -10 мың т.
Ал енді пайдалы қазбалардың 200 мың тоннаға өсуін мына факторлар арқасында есептейік:
ΔӨӨЕӨ (ЕӨ1 – ЕӨ0) N1 (1,25 – 1)•960 +240 мың т;
Δ ӨӨN ЕӨ0 (N1 – N0) 1•(960 –1000) -40 мың т;
Δ ӨӨ ΔӨӨЕӨ+ ΔӨӨN +240 –40 200 мың т.
Еңбек өнімділігі мен өндірім нормасы арасында мынадай байланыс бар:
ЕӨ НӨ•КН, (4.22)
мұндағы КН - өндірім нормаларын орындау коэффициенті.
4.8. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық
Нарықтық экономикада белсенді халықтың жұмыспен қамтылуы – өте маңызды мәселе. Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттеу үшін, 2001 жылғы қаңтардың 23-інде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың Қазақстан Республика-сының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты, оларға табыс пен кіріс әкелетін қызмет.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі, әрі еркін таңдауы арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Мемлекет азаматтарға мынадай кепілдік береді: кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға; жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.
Осы Заңға сәйкес жұмыс беруші:
ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқаратындығы, босатылған қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын мемлекеттік (уәкілетті) органға толық көлемде ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары табылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде олар туралы өкілетті органға мәлімет беруге;
3) өкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе қабылдамаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы бес жұмыс күні ішінде, хабарлауға міндетті.
Нарықтық экономикада еңбек ресурстарына қажеттілікті еңбек рыногында білуге болады. Еңбек рыногі деп – экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа (экономикада жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар) сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын саланы айтады.
Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.
Жұмыссыздық деп – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылысты айтады. Жұмыссыздық – еңбекке ұсыныстың, еңбекке сұраныс шамасынан асып түсуі. Еңбек рыногында еңбекке сұраныс пен ұсыныс шамалары тең болғанда ғана,тепе-теңдік болады. Егер жұмыссыздардың бір бөлігі жалақының белгілі деңгейінде жұмыс істегісі келмесе, ондай жұмыссыздықты – ерікті жұмысссыздық дейді.
Жұмысқа қабілетті халықтың бір бөлігі ең жақсы жұмыс орнын іздестіреді. Оны – табиғи жұмыссыздық дейді. Жұмыссыздықтың тағы да мынадай түрлері бар – маусымдық, бүркемелі, құрылымдық, циклдік.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшінің әрбір нақты кезеңде жұмыспен қамтылмаған үлесі. Ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына қатынасы.
