Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.6. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері

Еңбек өнімділігі: жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі болып бөлінеді. Еңбек өнімділігі – өнім өндірілген мөлшерінің жанды (нақты) еңбек шығындарына қатынасын айтады. Қоғамдық еңбек өнімділігі, нақты және заттандырылған (өткендегі) еңбек шығындарын көрсетеді. Техникалық ілгерішіліктің дамуымен тауардағы затталған еңбек шығындарының (материал, энергия, өтелім) үлесі өседі де, өнім шығару бірлігіне шаққан жанды және заттандырылған еңбек шығындардың абсолюттік шамасы төмендейді.

Қоғамдық еңбек өнімділігі – қоғамдық өндіріс тиімділігінің критерийі болып саналады.

Еңбек өнімділігінің өсу резервтері деп – әлі пайдаланбаған нақты және заттандырылған еңбек шығындарын үнемдеу мүмкіншіліктерін айтуға болады

«Еңбек өнімділігі көптеген жағдайлармен, атап айтқанда, жұмыскер өнерінің орташа дәрежесімен, ғылымның даму деңгейімен және оның технологиялық қолданылу дәрежесімен, өндірістік процестің қоғамдық құрамдастыруымен, өндіріс құралдарының мөлшерімен, тиімділігімен һәм ең соңында, табиғат ерекшеліктерімен анықталады», - деп көрсеткен – К.Маркс.

Сонымен, еңбек өнімділігі қызметкерлердің біліктілігімен, ғылыми даму деңгейімен, қолданылатын техника және технологиясымен, өндірісті ұйымдастыруды құрамдастырумен, өндіріс құрал-жабдықтардың шама-ларымен, тиімділігімен және пайдалы қазбалардың сипаттарымен, қасиеттерімен байланысты.

Еңбек өнімділігін арттыру – барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән экономикалық заң - оның жалпы шығындарын үнемдеу деген сөз.

Резервтерді, яғни бар, бірақ әлі пайдаланылмаған еңбек өнімділігінің өсу мүмкіншіліктерін, бірнеше топтарға бөлуге болады. Бірінші топқа еңбек сыйымдылығын төмендету резервтері жатады, яғни еңбек шығындарды азайту мүмкіншіліктері, олар мына төменгі факторлармен байланысты:

– механикаландыру мен автоматтандыру;

– өндіріс пен еңбекті ұйымдастыуды жетілдіру.

Екінші топқа: жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту резервтері жатады, олар:

– әр түрлі уақыт ысыраптарын жою;

– жұмыс орнында еңбек жағдайларын жақсарту.

Ішкі өндіріс резервтері - өндірістік қуатты пайдалану деңгейлерімен байланысты резервтер, олар:

– техниканы дұрыс пайдалану, жаңа қазіргі заманғы техниканы пайдалану;

– технологияны жетілдіру;

– өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу.

Шахталарда, карьерлерде жыл сайын еңбек өнімділігін арттыруға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралары бекітіледі. Онда еңбек өнімділігінің арту факторлары белгіленіп, негізін қалаушы шаралар айқындалады.

Өндіріс көлемінің тұрақты кезеңінде ұйымдастырушылық- техникалық нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы мен еңбек сыйымдылығының төмендеуі былай есептеледі:

ЕӨ  (N1 –N2) 100/ N2, (4.16)

мұндағы ЕӨ – еңбек өнімділігінің артуы, %;

N1 – оңтайландыру шараларын енгізер алдындағы кәсіпорындағы жұмыскерлер саны;

N2 – оңтайландыру шаралары енгізілгеннен кейінгі жұмыс істейтіндердің саны.

Ал еңбек өнімділігінің өсімі белгілі болғанда, еңбек сыйымдылығының төмендеуін мына формуламен есептеуге болады:

 ЕС= 1/ЕӨ немесе

ЕС  100*ЕӨ/(100+ЕӨ), (4.17)

мұндағы ЕС – еңбек сыйымдылығының төмендеуі, %.

Өндіріс көлемінің өсуі мен қызметкерлер санының өзгеру нәтижесінде еңбек өнімділігінің өсімін, келесі формуламен анықтауға болады:

ΔЕӨ  (100·ΔQ + ΔN)/(100 – ΔN), (4.18)

ΔQ –кәсіпорында өнім шығарудың пайыздық өсімі;

ΔN – кәсіпорынның қызметкерлер санының азаюы, %.

Жұмыс уақытының қорын жақсырақ пайдалану нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуын, мына формула бойынша есептейді:

ΔЕӨ  (Қ1 - Қ 0 ) *100/ Қ 0, (4.19)

мұндағы Қ1 және Қ 0 – сәйкес жоспарлы және базистік кезеңдегі бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс уақытының тиімді жылдық қоры, адам-сағат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]