Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.5. Еңбек ресурстарының көрсеткіштері

Өндіріс тиімділігін арттыруда еңбек ресурстарын орынды пайдаланудың, жұмсалған еңбек шығындарын азайтудың үлкен маңызы бар. Еңбек ресурстарын пайдалануды жақсарту факторларының бірі – ауысым ішіндегі жұмыс уақытының ысыраптарын азайту, көмекші және қосалқы жұмысшылардың үлес салмағын төмендету.

Еңбек шығындарын азайту – кәсіпорында өндіріс технологиясы мен ұйымдастыруын жақсартумен қатар, жоғары өнімді жаңа техниканы пайдалануды, жұмысты кешенді механикаландыру мен технологиялық процестерді автоматтандыруды қамтамасыз еткен жөн.

Еңбек өнімділігі – өндіріс процесінің еңбек тиімділігін көрсетеді және өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді. Сонымен, еңбек өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны өндіруге жұмсалған еңбекке қатынасы және уақыт өлшемінде шығаратын өнімнің мөлшерімен анықталып, мына формула бойынша есептеледі:

ЕӨ  Q / N немесе ЕӨ  Q / T, (4.14)

мұндағы ЕӨ – еңбек өнімділігі;

Q – белгілі уақыт кезеңінде өндірілген өнім көлемі;

N – қызметкерлер, жұмысшылар саны;

Т – өнім өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты, адам-сағат, адам-ауысым, адам-күн, адам-ай, адам-жыл.

Еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш – еңбек сыйымдылығы, ол өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен айқындалады да, былай есептелінеді:

ЕС  N / Q немесе ЕС  Т / Q. (4.15)

Тау-кен өнеркәсібінде еңбек өнімділігін есептегенде уақыт бірлігі болып – ауысым, ай саналады, ал айлық, ауысымдық еңбек өнімділігі –қызметкерлердің мына санаттары бойынша есептеледі: тазартым забой жұмысшыларына, жер астындағы жұмысшыларға, пайдалы қазбалар өндіруге қатысатын жұмысшылар мен шахтада істейтін қызметкерлер саны.

Сағаттық және ауысымдық еңбек өнімділігін есептегенде, жұмысқа келетін қызметкерлер санын пайдаланады, ал айлық, жылдық еңбек өнімділігін анықтағанда – қызметкерлердің тізімдегі санын қолданады.

Ал, карьерде – екі бөлек технологиялық жұмыс топтары болуымен, еңбек өнімділігін, жұмысқа қатысатын қызметкерлер және өндіру мен аршу жұмыстарында істейтіндер бойынша есептелінеді.

Тау-кен өнеркәсібінде – еңбек сыйымдылығы 1000 т немесе 1000 м3 өндірілген пайдалы қазбалар көлеміне қанша адам-ауысымдар жұмсалуы керек екенімен анықталады. Тағы еңбек сыйымдылығы 1000 т немесе 1000 м3 орта ауысымдық өндірілімде жұмысшылар тізіміндегі керекті санын білдіреді.

Еңбек өнімділігі – өнім өндіру көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес заттай, еңбек, құндық әдістерімен өлшенеді. Заттай әдісте – еңбек өнімділігі заттай өлшеммен (т, м, м3, т.б.) есептелетін өнім шығару мөлшерінің жұмыскерлердің орташа тізімдік санына немесе жұмыс уақытының шығынына қатынасымен анықталады. Еңбек өнімділігі – өлшеудің заттай әдісі біртекті өнім шығару, мысалы кен өндіретін, кәсіпорындарға тән. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны (мысалы, норма – сағат) бойынша өлшенеді. Ғылыми негізделген нормаларды пайдаланғанда, осы әдіс еңбек өнімділігінің серпінін дәл сипаттайды.

Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде өндірілген өнімнің құнымен көрсетіледі.

Төменгі кестеде еңбек өнімділігінің есебі көрсетілген.

4.1-кесте

Шахта бойынша еңбек өнімділігі мен еңбек

сыйымдылығын есептеу

Шахтада жұмыс істейтіндердің санаттары

Қызметкерлер саны

Еңбек өнімділігі

Еңбек сыйымдылы- ғы, 1000 т өндіретін кен мөлшеріне жұмсалатын адам-ауысымдар

Жұмысқа келетін қызмет-керлер саны

Тізімдік құрамы-ның коэф-фициенті

Қызмет-керлердің тізімдегі құрамы

Ауысым-дық, орта ауысым-дық кен өндіру мөлшері, 3000 т

Айлық, бір айдағы кен өндіру мөлшері 75000 т

Тазартым забой жұмыс- шылары

300

1,2

360

10

208

100

Басқа жер астында істей- тін жұмыс-шылар

500

1,2

600

6

125

167

Жер астында істейтін жұмыс- шылардың барлығы

800

1,2

960

3,75

78

267

Шахта үстін-де істейтін жұмысшылар

300

1,1

330

10

227

100

Кен өндіруде істейтін жұмыс- шылар

1100

-

1290

2,73

58

367

Инженер-техникалық қызметкерлер мен қызметші- лер

180

1,05

189

16,66

397

60

4.1-кестенің жалғасы

Шахтада жұмыс істейтіндердің санаттары

Қызметкерлер саны

Еңбек өнімділігі

Еңбек сыйымдылы- ғы, 1000 т өндіретін кен мөлшеріне жұмсалатын адам-ауысымдар

Жұмысқа келетін қызмет-керлер саны

Тізімдік құрамы-ның коэф-фициенті

Қызмет-керлердің тізімдегі құрамы

Ауысым-дық, орта ауысым-дық кен өндіру мөлшері, 3000 т

Айлық, бір айдағы кен өндіру мөлшері 75000 т

Шахтада жұмыс істей-тіндердің жиыны

1280

-

1479

2,34

50,7

427

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]