Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.4. Еңбекті нормалау негіздері

Қазіргі замандағы өндірісті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеудің аса маңызды негіздерінің бірі - еңбек шығындарының объективті түрде белгіленген нормалары. Еңбекті ұйымдастыру үшін оны мөлшерлеудің, яғни қайсыбір жұмысты атқаруда қажет деп табылған еңбектің саны мен сапасын белгілеудің ерекше маңызы бар. Өнім шығару жөнінде белгіленген норманы орындау дәрежесі – жеке қызметкердің де, өндірістік ұжымның да еңбегінің табысты болуы жөніндегі маңызды көрсеткіш. Еңбекті нормалау – тариф жүйесімен тығыз байланысты бола тұрып, ол еңбекке саны мен сапасына қарай ақы төлеудің негізі болып табылады.

Еңбекті нормалау, өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып жеке жұмыскерлердің, олардың топтарының жұмыстарды орындауына қажетті шығынды (уақытты) анықтау және осының негізінде еңбек нормасын белгілеу.

Еңбекті нормалаудың аса маңызды міндеттері: еңбек пен ұйымдастыруды дәйектілікпен жақсарту; өнімге жұмсалған еңбек шығындарын төмендету, осының арқасында өнімнің өзіндік құнын азайту; қызметкерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға материалдық көтермелеуін күшейту; еңбек өнімділігінің өсуі мен жұмысақы арасындағы экономикалық тұрғыда негізделген ара салмақты қорғау.

“ҚР-ның еңбек кодексінде” еңбек нормаларына мынадай анықтама берілген: “Еңбек (өндірім), уақыт, қызмет ету еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және тиісті біліктілі бар қызметкер үшін техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес белгіленеді».

Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді. Ол жұмыс істеу нормаларының орындалуы үшін, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен, еңбек нормалары: жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету, қызметкерлер санының нормаларына бөлінеді.

Жұмыс істеу немесе өндірім нормасы – тиісті біліктілігі бар бір жұмыскер немесе жұмыскерлер тобы жұмыс уақыты өлшемінде ұйымдастырушылық - техникалық жағдайында орындауға міндетті жұмыстың белгіленген көлемі (өнім мөлшері).

Кәсіпорында еңбекті нормалау алуан түрдегі еңбек нормаларын белгілеу мен бекіту шараларын қамтиды. Еңбектің қай түрі болса да, оның өлшенетін өлшемі – ең алдымен еңбектің жұмыс уақыты.

Жұмыс уақыты - қызметкердің, жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.

Еңбек нормасының негізгі түрі – уақыт нормасы, яғни бір жұмысты орындау немесе өнімнің бір өлшемін өндіру үшін белгіленген уақыт.

Белгілі бір уақыт өлшемі ішінде (бір сағат немесе бір ауысым кезінде) орындалуға тиісті жұмыс көлемін көрсететін қажетті еңбек шығындары заттай мөлшерде (метр, тонна), бейнеленген өнім шығару нормасы болып табылады.

Жұмыс істеу нормасы мен уақыт нормасы арасында мынадай байланыс бар:

Нө  Та у , (4.13)

мұндағы Нө – өндірім нормасы;

Та – кәсіпорындағы жұмыс ауысымының ұзақтығы;

Ну – уақыт нормасы.

Қызмет көрсету нормасы – тиісті біліктілігі бар бір жұмыскер немесе жұмыскерлер тобы жұмыс уақытының өлшемі бойына қызмет көрсетуге міндетті өндірістік жабдықтың жұмыс орнының саны.

Нақты өндірістік, басқарушылық міндеттерді немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажет белгілері бар кәсіптік – біліктік құрамдағы қызметкерлердің санын - қызметкерлер санының нормасы дейді. Мамандар, қызметкерлер саны, осы нормамен есептеледі.

Еңбек нормалары осы нормаларды қолданудың нақты ұйымдастырушылық-техникалық, технологиялық, табиғат жағдайларын еске ала отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген болуға тиіс. Бұл - норма белгіленген кезде қолданылып отырған технологияның , жабдықтардың ерекшеліктерін, еңбекті ұйымдастыру мен жұмыс орнын әзірлеу жүйесін, пайдалы қазбалардың қасиеттерін есепке алу деген сөз.

Технология мен ұйымдастырудың іс жүзінде орасан, алуан түрлі нұсқалары қолданылуы мүмкін. Сондықтан шығарылатын өнімнің ең жақсы техникалық сипаттамаларын ғана емес. сонымен бірге ең жақсы экономикалық нәтижелігін де қамтамасыз ете алатын неғұрлым өнімді процестің ерекшеліктерін түгел есепке алып қана, шын мәніндегі прогрессивті норма болып саналады. Ғылыми нормалау сонымен бірге, еңбек нормаларының психофизиологиялық және әлеуметтік негіздемелерін есепке алып отыруды талап етеді.

Еңбекті нормалаудың тәжірибелік - статистикалық және талдамалы әдістерін ажыратуға болады. Біріншісі – субъективтік тәжірибе мен статистика деректерін пайдаланып белгіленген нормалар, олар оңай орындалатындықтан, жұмыскерлерді еңбек өнімділігін арттыру резервтерінің бәрін түгел пайдалануға және озық тәжірибені игеруге жұмылдыра алмайды. Бұл нормаларды кеңінен қолдану, еңбекті ұйымдастыру ісін жетілдіру міндеттеріне қайшы келеді.

Сондықтан нормалаудың талдамалы әдістерін кеңінен қолдану қажет. Бұл әдістерге жататындар: талдамалы-есептік әдіс-нормаларды нормативтер бойынша есептеу әдісі; талдамалы-зерттеу әдісі - жұмыс уақытының шығындарын қадағалау арқылы зерттеуге негізделген әдіс; есептеу-салыстыру әдісі. Бұл әдістерді қолдану арқылы белгіленген еңбек нормалары – техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделген деп аталады.

Еңбекті нормалаудың талдамалы әдістерінің негізіне, жұмыс уақыты шығындарын талдау әдісі жатады. Бір немесе бірнеше жұмыскердің еңбектегі қозғалыстарын, іс-әрекетін, тәсілдері мен операцияларын зерттеу үшін, оларды техникалық құралдар арқылы аса бір дәлдікпен өлшеп отырады.

Тау-кен өндірісінде жұмыс уақыты шығындарын зерттеуге қадағалаулардың мына әдістері пайдаланылады:

– жұмыс уақытын зерделеу (хронометраж);

– жұмыс уақытының суреті (жаппай немесе іріктеме (моменттік);

– жабдықтарды пайдалану уақытының суреті;

  • өзін-өзі суреттеу – жұмыскерлер өзінің жұмыс уақытын суреттейтін әдіс;

  • жұмыс уақытын суреттеу және зерделеу (фотохронометраж).

Жұмыс уақытының суреттеу әдісі арқылы жеке адамды және бір топ адамдарды (жабдықтарды) едәуір уақыт аралықтарының құрылымын, мәселен, бірнеше ауысым уақытын зерттеу үшін жұмыс түрлері бойынша жұмыс уақытын түрлі-түрлі нұсқаларда суретке түсіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]