Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.3.3. Қызметкерлер құрамы мен серпінінің көрсеткіштері

Қызметкерлердің құрамы екіге бөлінеді: жұмысқа келетін құрамы мен тізімдегі құрамы. Жұмыста болуға тиіс немесе жұмыста болған қызметкерлер санын – жұмысқа келушілер саны дейді. Шахта мен карьерде қызметкерлердің, әсіресе жұмысшылардың барлығы жұмысқа бір күнде шықпайды. Олардың кейбіреулері демалыста, кейбіреулері ауырып қалуы мүмкін, бірақ олар кәсіпорын штатында тіркелуі тиіс.

Белгілі бір кезеңде жұмыста болатын жұмысшылардың орташа санының олардың орташа тізімдік санына қатынасы, жұмыс күшін пайдалану көрсеткіші болып табылады. Жұмысқа келетін жұмысшылардың саны мен олардың тізімдегі саны арасындағы айырма - еңбек ұйымдастырудың, жұмыс уақытын дұрыс пайдаланудың жақсартылғанын көрсетеді.

Кәсіпорын штатында есептелінетін қызметкерлердің жалпы санының (тізімдік құрамы) өндірістік процесті орындау үшін керекті қызметкерлер санына (жұмысқа келетін құрам) қатынасты - тізімдік санына келтіру коэффициенті деп атайды.

Тізімдік санына келтіру коэффициенті немесе тізімдік құрамының коэффициенті, мына формуламен есептелінеді:

кт = Та / Тт , (4.6)

мұндағы кт – тізімдік санына келтіру коэффициенті;

Та – атаулы жұмыс уақыты (кәсіпорын жұмыс істейтін тәртіптеме бойынша), күндер;

Тт – жоспарлы жұмыс уақытының балансы бойынша айқындалатын тиімді жұмыс уақыты (жұмысшылардың жұмысқа шығу күндері).

Қызметкерлердің тізімдегі саны (N т) – жұмысқа келетін қызметкерлердің санын (Nк), тізімдік құрамының коэффициентіне көбейту арқылы есептейді, яғни:

N т = N к ·K т. (4.7)

Кәсіпорынның ұжымы сан құрамы, біліктілік деңгейі бойынша тұрақты шама болмайды: кейбір қызметкерлер жұмыстан босатылады, ал басқалары жұмысқа қабылданады. Персонал құрамы мен олардың сандарының өзгеруін талдау үшін, бірнеше көрсеткіштерді пайдаланады.

Қызметкерлердің орташа тізімдік санының көрсеткіші мына формуламен анықталады:

N = (1/2N1 + N2 + ... + N11 + 1/2N12) / (12-1), (4.8)

мұндағы N1, N2, ... N11,N12 – айлар бойынша қызметкерлер саны.

Кадрларды қабылдау коэффициенті (кқ) белгілі бір кезеңде кәсіпорында жұмысқа қабылданған қызметкерлер санының (Nқ) сол кезеңдегі орта тізімдегі қызметкерлер құрамының санына қатынасымен айқындалады:

к қ = Nқ *100 / N. (4.9)

Кадрлардың жұмыстан шығу коэффициентін (Кш) формула бойынша есептеуге болады:

кш = Nш *100/ N, (4.10)

мұндағы Nш – жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны.

Кадрлардың тұрақтылық коэффициентін (ктр) өндірісті ұйымдастыру деңгейін бағалағанда пайдаланады, ол мынадай формуламен шығарылады:

к тр =( N - N ш + N 'қ)*100 / N, (4.11)

мұндағы N ш – кәсіпорында өз тілегімен және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны.

N 'қ - есепті жылда қабылданған қызметкерлер саны ішінен, жұмыстан босатылған адамдар саны. Кадрлардың тұрақтамау коэффициенті (Ктр) былай есептеледі:

К тр = Nш *100 / N, (4.12)

мұндағы Nш – жұмыстан шыққан және босатылған қызметкерлер саны (әскерге шақырылғандар, оқуға түскендер, зейнетке шыққандарды есептемегенде).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]