Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

4.3.2. Кәсіпорынның жұмыс уақыты

Қызметкер мен еңбек шартының талаптарына сай еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт – жұмыс уақыты болып есептеледі.

«Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне» сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Ауыр дене жұмыстарында істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасында 36 сағаттан аспайтындай болып белгіленген.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы немесе бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы болады. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағат, ал апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан аспауға тиіс. Бес немесе алты күндік жұмыс аптасын, жеке еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен, жұмыс беруші белгілейді.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті ауысымның ұзақтығы жұмыс беруші актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп және аптаның белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді. Сонымен, тау-кен кәсіпорындарында техникалық және экономикалық көрсеткіштердің шамасына, оның жұмыс тәртібі (режим) де ықпал етеді.

Кәсіпорынның жұмыс режімі жылдық және тәулік болып ажыратылады. Жылдық жұмыс режімі – үздіксіз және үзілмелі болуы мүмкін. Үздіксіз режім – көбінесе өндіріс қуаты мол кенорындарын игеру (меңгеру) кезінде пайдаланылады, әрі ол кәсіпорынның байыту жұмысымен байланысты.

Үздіксіз режім кезінде жылдық жұмыс күндер саны (Тж) былай анықталады:

Тж = Тк – Тм , (4.2)

мұндағы Тк – бір жылдағы күнтізбелік күндер саны, 365;

Тм – бір жылдағы Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мереке күндер саны, 12.

Үзілмелі режім кезінде жылдың жұмыс күндер саны алты немесе бес күндік жұмыс аптасына байланысты:

алты күндік жұмыс аптасында:

Тж = Тк – Тм – Тд , (4.3)

ал бес күндік жұмыс аптасында:

Тж = Тк – Тм – Тдк , (4.4)

мұндағы Тд – бір жылдағы жалпы демалыс күндер саны (жексенбілер), 52;

Тдк – бір жылдағы демалыс күндер саны (жексенбілер, сенбілер немесе дүйсенбілер), 104.

Берілген санаттар бойынша жұмысшының, қызметкердің жылдық жұмыс тәртіптемесі кәсіпорынның жұмыс режіміне, оның ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығына байланысты болып, былай анықталады:

Тжт = (Тж – Тд) •к. (4.5)

мұндағы Тжт - қызметкерлер құрамының жылдық жұмыс режімі, күндер;

Тж – кеніштің бір жылда жұмыс істейтін күндерінің саны;

Тд - қызметкерлердің әр құрамдары бойынша бір жылдағы кезекті демалыс күндері;

к - қызметкерлердің заңды себептермен жұмысқа шықпауын ескеретін коэффициенті, 0,97.

Жұмысшылар санын анықтағанда жұмыс уақыты балансының өзгеруі мен жұмысшылардың тізімдік құрамының коэффициентін еске алу қажет.

Алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі шартты нақты жұмыс уақытының балансы:

Күнтізбелік күндер саны ...............................................365

Жұмыс істемейтін күндер саны:

Демалыс күндері .............................................................52

Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ……..……..12

Жылдағы жұмыс күндер саны (атаулы жұмыс

уақыты) .........................................……………………... 301

Жұмысқа келмейтін күндердің саны:

Еңбек демалыстары (кезекті және қосымша)..........…...30

Ауру себебінен ……………............................................. 4

Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау…... 3

Заңды себептермен жұмысқа бармауы .....................…. 3

Келмеген күндер (барлығы)............................................ 40

Жұмыста болу уақыты (тиімді жұмыс уақыты),

күндер .........................................................................… 261

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]