Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

К әсіпорын экономикасы

Іv тарау кәсіпорындардың еңбек ресурстары

4.1. Жалпы ережелер

Нарықтық экономика жағдайында еңбек ресурстары рөлінің маңызы артты. Жақсы таңдалған еңбек ұжымы – кәсіпкердің негізгі мәселесінің бірі. Кәсіпорын сәйкес адам ресурстарынсыз тиімді жұмыс істей алмайды. Адам капиталы экономикалық өсудің, өндіріс тиімділігінің, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізі.

Енбек қатынастары – кәсіпорын жұмысының күрделі жағдайы болып саналады. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын 2007 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі»1 реттейді.

«Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар

мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар».

Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарда тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім. Онда қызметкерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілед

4.2. Қызметкердердің кәсіптік–біліктілік құрылымы

Қызметкерлердің кәсіптік-біліктілік құрылымы еңбектің кәсіптік және біліктілік болып бөБіліктілік - қызметкердің белгілі кәсіпті меңгеру шараларын сипаттайды және тарифтік – біліктілік разрядтарымен көрсетіледі. Жұмысшының біліктілігі, оған жұмыс пен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес берілген тарифтік разрядта көрсетіледі. Инженер-техникалық қызметкерлер мен қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптары, басшы лауазымдарының , мамандар мен қызметкерлердің Біліктілік анықтамалығында белгіленеді.

Ғылыми-техникалық прогресс әсерінен кейбір кәсіптердің саны мен үлес салмағы өзгеріп отырады. Инженер-техникалық қызметкерлер мен мамандар саны жұмысшылар санымен салыстырғанда көбірек өседі.

4.3. Тау-кен өнеркәсібіндегі кадрлар мен еңбек өнімділігі

4.3.1 Тау-кен кәсіпорнының қызметкерлер құрамы

Кәсіпорынның түрлі өндірістік-шаруашылық, басқарушылық, басқа да міндеттерін орындаушы қызметкерлерді – оның кадры деп атайды. Кадрлар, яғни кәсіпорынның тізімдік құрамындағы барлық жұмыскерлерін, оның персоналын (қызметкерлерін) немесе штатын құрайды.

Кәсіпорын қызметкері - жалдау шартымен реттелетін, кәсіпорынмен заңды тұлға ретінде қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғалардың жиынтығы.

Тау-кен кәсіпорындарының барлық қызметкерлері қызмет түріне, олардың өндірістік процесіне қатынасуына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлеріне немесе негізгі қызметтегі қызметкерлерге және өнеркәсіп орнының балансында тұрған өнеркәсіптік емес шаруашылықтар мен ұйымдардың қызметкерлеріне не болмаса, негізгі қызметке жатпайтын қызметтегі қызметкерлерге бөлінеді.

Тау-кен кәсіпорындарында өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге – пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, тазартым және дайындау забойларында, кеніш көлігінде, шахта көтергіде және әр түрлі көмекші және қосалқы цехтар мен учаскелерде жұмыс істейтіндер жатады.

Карьерлерде өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге – алу-тиеу, аршу, бұрғы-жарылыс, кен-даярлау, карьер көлігі, басқа негізгі, көмекші және қосалқы цехтар мен учаскелер жұмыстарына қатысатын қызметкерлер жатады. Тау-кен кәсіпорнында жұмыс істейтін өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер 85-90 % құрайды.

Өнеркәсіптік емес ұйымдардың қызметкерлеріне – шахталар мен карьерлерде негізгі өндіріске қызмет көрсететін, кәсіпорын балансында тұрған өнеркәсіптік емес шаруашылықтар мен ұйымдардың қызметкерлері жатады. Олар үйлер мен ғимараттар салумен, күрделі жөндеумен айналысатын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, балалар мекемелері мен медициналық, мәдени-ағарту т.б. мекемелерде істейтін қызметкерлер, олардың үлесі 10-15%. Орындайтын міндеттеріне қарай қызметкерлер санаттарға бөлінеді, еңбек шарттары жасалған мерзіміне қарай: тұрақты, уақытша және маусымдық қызметкерлерге бөлінеді.

Пайдалы қазбаларды өндіруге қатысатын өнеркәсіптік-өндірістік персонал атқаратын міндеттеріне сәйкес мына санаттарға бөлінеді: жұмысшылар, басқарушылар (басшылар), мамандар, қызметшілер, кіші қызметтегі жұмыскерлер.

Жұмысшылар - кәсіпорынның тікелей материалдық құндылықтарын жасаумен немесе өндірістік қызметтер көрсетумен, жүктерді тасымалдаумен айналысатын адамдар. Өндірістік процеске қатысу сипатына қарай: негізгі және көмекші жұмысшылар болып бөлінеді. Олардың арақатысы – кәсіпорын жұмысының талдамалы көрсеткіші.

Негізгі жұмысшылар санының коэффициенті (Кн) мына формула бойынша анықталады:

К н = 1 – Ж к / Ж, (4.1)

мұндағы Жк – кәсіпорындағы, цехтағы, учаскедегі көмекші жұмысшылардың орта тізімдегі саны;

Ж – кәсіпорындағы, цехтағы, учаскедегі барлық жұмысшылардың орта тізімдегі саны.

Тау-кен кәсіпорнында негізгі жұмысшыларға тазартым забойдың жұмысшылары, олар жұмысшылардың барлық санының 30-35 %-ын құрайды, дайындау забойлардың жұмысшылары –13-15 %, басқа жер астында істейтін жұмысшылар – 25-30 % және шахта үстіндегі жұмысшылар – 22-25 % жатады.

Ашық тәсілмен кенбайлықты өндіргенде негізгі жұмысшыларға: бұрғылау, жару, тиеу, тасымалдау, даярлау жұмыстарын орындайтын жұмыскерлер жатады.

Басшыларға – басқару объектісіне ықпал жасаушы және дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган, мемлекет немесе меншік иесі алдында жауап беретін тұлғалар жатады. Басшылар – кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметкерлері (директор, бас инженер, учаске бастығы, кен шебері, бас мамандар).

Мамандар – жоғары немесе арнаулы орта білімді лауазымды тұлғалар, олар кәсіпорынның инженерлік-техникалық, экономикалық, т.б. жұмыстармен айналысатын қызметкерлер санаты (инженерлер, диспетчерлер, механиктер, нормалаушылар, бухгалтерлер, экономистер).

Қызметшілер – кәсіпорынның әкімшілік, шаруашылық, қаржы, есеп-шот бухгалтерлік, заңи, кеңсе, т.б. қызметтерін жүзеге асырушы қызметкерлер (агенттер, кассирлер, іс жүргізушілер, статистер).

Шахтада немесе карьерде өнім өндіру көлеміне байланысты қызметкерлер құрамы екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: шартты –тұрақты қызметкерлер құрамы, олардың саны өнім өндіру көлемімен аз байланысты, олар электрслесарьлары, көтергі машиналар мен шығыр машинистері, сутөкпе, желдеткіш және компрессор қондырғыларының машинистері.

Екінші топқа: барлық жағдай бірдей саналғандағы қызметкерлердің өзгермелі құрамы жатады, олардың саны өнім өндіру көлеміне пропорционалды өзгереді. Өзгермелі құрамдағы қызметкерлерге – кесімді ақы төленетін тазартым забойда істейтін жұмысшылар, үңгілеушілер, экскаватор, бұрғылау станоктарының машинистері, автоөзітүсіргішті жүргізушілер жатады.

Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіргенде карьердің барлық жұмыс істейтін құрамы 100% десек, оның ішінде бұрғыжарылыс жұмысшыларының үлесі 8-10 % құрайды, алу-тиеу, экскаваторлық жұмыспен айналысатын жұмысшылар – 12-15, карьер көлігінде істейтіндердің үлесі – 25-30, үйінді салушылар – 5-8, механикалық және шеберханадағы жұмысшылар саны 12-15, инженерлік және техникалық қызметкерлер саны - 5 және кіші қызмет атқаратын жұмыскерлер саны – 2 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]