- •Ііі тарау
- •Капиталы
- •3.1. Жалпы ережелер
- •3.2. Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
- •3.3. Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •3.4. Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құралу көздері
- •3.5. Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері
- •3.6. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері
- •3.7. Айналым қаражаттарын нормалау, олардың қажетті көлемін анықтау
- •3.8. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері
- •3.9. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату жолдары
3.8. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері
Тау-кен өнеркәсібінде өнімнің өзіндік құнында материал шығындарының үлесі едәуір, 10 %-дан жоғары. Сондықтан материалдық ресурстарды үнемді пайдалану, маңызды рөл атқарады.
Кәсіпорында материалдық ресурстарды тиімді ұйымдастыру ісі жұмсалған қаржыны сапалы түрде нормалап отыруға, кәсіпорындардың материалдық ресурстарды жалпы тұтыну қажеттерін анықтайды. Сонымен қатар, өндірістік қорлардың керекті дәрежеде болуы мен аяқталмаған өндірістің жиналып қалуын есептеуге, кәсіпорынға материалдарды жеткізу ісін және цехтардың материалдық-техникалық жағынан жабдықталып отыруын қамтамасыз етуге тиіс.
Нормалау – материал шығындарын азайту, материалдық ресурстарды үнемді пайдаланудың маңызды шартын және оларды жалпы тұтыну қажетін анықтаудың негізі болып табылады.
Қаржы жұмсаудың ғылыми дәлелденген нормаларын жасау - нормалаудың есептеу-талдау әдісін қолданған кезде ғана мүмкін болады. Бұл әдістің көмегімен техникалық құжаттар негізінде оның үлес салмағы анықталады. Егер материал шығындарының нормасы дұрыс болмаса, қолданылатын технологияға тиянақты түрде талдау жасалып, оны жетілдіру шараларын белгіленгеннен кейін ғана есептелінеді. Қазір бұл мақсаттар үшін экономикалық- математикалық әдістер мен компьютерлік есептеу техникасы жиі пайдаланылуда.
Белгіленген материалдық шығындар нормасы негізінде материалдық ресурстардың жылдық, тоқсандық тұтыну қажеттілігі анықталады. Оны негіздеген кезде, жаңа өнімді игеру қажеттілігі ескеріледі.
Материалдарды пайдалану көрсеткішттернің бірі – материалдардың меншікті шығысы. Ол өнімнің бір өлшеміне жұмсалған материалдық ресурстардың мөлшерін көрсетеді. Мысалы, пайдалы қазбалардың 1 т жұмсалған жарылғыш заттар, бекіту материалдарының мөлшерлері.
Материалдық, отын-энергиялық ресурстардың меншікті шығысы былай есептеледі:
м і M і / Q , (3.16)
мұндағы мі – ресурстардың меншікті шығысы;
М і – материал шығындарының заттай мөлшері;
Q – өндірілген пайдалы қазбалар көлемі, тонна, 1000 т.
Материалды пайдаланудың келесі көрсеткіші - өнімнің материал сыйымдылығы. Ол кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің маңызды қорытынды көрсеткіші - материалдық шығын мен өнім шығырудың ара салмағын көрсетеді. Материал сыйымдылығы өнімнің бір өлшеміне шаққандағы немесе өнім құнының бір теңгесіне шаққандағы есеппен жұмсалған материалдық нормативтік шығынын көрсетеді:
м с М / Q , (3.17)
мұндағы м с – өнімнің материал сыйымдылығы;
М – өнім шығаруға кеткен барлық матариалдық шығындар, теңге;
Q – өндірілген өнімнің көлемі немесе құны.
Материал сыйымдылығын өндірілген өнімнің заттық көлемімен есептегенде, ол материалдың меншікті шығысына баламалы болады.
Материалдық ресурстарды қолдану мен пайдалану тиімділігі материал сыйымдылығы мен материалдық ресурстар қосалқы қорлары айналымының жылдамдық көрсеткіштерімен бағалануы мүмкін. Олар әр түрлі материалдар бойынша айналмалы капиталдың айналымы жылдамдығының құндық көрсеткішіне ұқсас есептеледі, яғни мына түрде:
К М / Қ м , (3.18)
мұндағы М – белгіленген кезеңде берілген материалдық ресурстар түрінің жалпы шығыны;
Қ м – сол белгілі кезеңде материалдық ресурстардың орташа қалдығы (орташа қосалқы қоры).
Материалдық ресурстары тиімді пайдалануын білу үшін, олардың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Материалдық абсолюттік үнемділікті немесе оның артық жұмсалуын (Э) мына формуламен есептейді:
Э М 1 – М 0 , (3.19)
мұндағы М0 – базалық уақыттағы материалдық ресурстардың шығыны, теңге;
М1 – материалдық шығындардың нақты мөлшері.
Материалдық ресурстардың салыстырмалы өзгеруін мына формула бойынша табуға болады:
Э с (М1 – М0) * 100 / М0. (3.20)
Материалдық шығындарды есептегенде, жыл бойы белгілі материалды кәсіпорындар әр түрлі бағамен сатып алады. Оларды бөлек сақтау, бөлек есепке алу қолайсыз. Сол үшін кәсіпорын тауар-материалдық құндылықтары орташа бағамен немесе соңғы түскен баға бойынша (ЛИФО) не алғашқы түскен бағамен (ФИФО) анықталады.
Материалдық ресурстарды пайдалануды жақсарту жолдары сан алуан. Оларға мыналар жатады: пайдалану шығындарды азайтуды қамтамасыз ететін ілгері технологиялық процестерді өндіріске енгізу; еңбектің жаңа, барынша ғылыми ұйымдастырылған түрін енгізу. Материал сыйымдылығын азайту, неғұрлым тиімді материалдар мен алмастырушы бұйымдарды енгізуге, арзан энергия ресурстарын пайдалануға жағдай жасайды. Айналмалы капиталдың айналымдылығын тездету, біріншіден, қойма шаруашылығын жақсартуға, өндірістік қорларды пайдалануға, екіншіден, өндірістік циклдің ұзақтығын қысқартуға және пайдалы қазбалардың бір өлшемін өндіруге жұмсалған материалды азайту, үшіншіден жабдықтау сауда-саттық мәселелерін жақсартуға байланысты.
Кәсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеп жұмсау үшін материалды және оларды жеткізушілерді дұрыс іріктеп, көлік –дайындау ісіне кететін шығынды азайту қажет. Экономикада қазіргі кезде материалдық ресурстарды жоспарлау, басқару және бақылау процестерін ұйымдастыруға логистика әдістерін кең пайдаланады. Шетелдік мамандардың бағалауынша, кәсіпорындарда логистиканы комплексті (кешенді) түрде пайдалану материалдық шығындарды 20 %-ға азайтады.
Логистиканың негізгі элементтері мыналар:
– материалды сатып алу;
– қосалқы қорлардың оңтайлы деңгейін сақтап отыру;
– тасымалдау мәселелерін үнемді шешу;
– өндіріске қызмет көрсету;
– қойма шаруашылығын жақсы ұйымдастыру;
– ақпарат,байланыс және бақылау мәселелерін қазіргі техника мен байланыс құралдарымен шешу.
Мұнда әр элемент шешуге керек бірнеше проблемаларды құрайды. Сонымен, логистика адам-машина жүйесінде материалдық, еңбек, энергетикалық және ақпарат тасқындарының қозғалыс процестерін жоспарлау, басқару мен бақылау теориясы.
