Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
350.72 Кб
Скачать

3.6. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері

Айналым қаражаттарын нормалау үшін мынадай негізгі әдістер пайдаланылады: тікелей есептеу, талдамалы және коэффициенттік.

Тікелей есептеу әдісі - айналым қаражаттардың әр элементі бойынша дәлелделінген есептеуді қарастырады. Осы әдісті пайдаланғанда, кәсіпорынның ұйымдастырушылық – техникалық даму деңгейінде, тауар-материалдық құндылықтарды тасымалдауда, кәсіпорындар арасында есеп айырысу практикасында барлық өзгерістерді есепке алу қажет. Бұл әдіс экономистерден жоғары біліктілікті талап етеді, соның арқасында айналым қаражаттар қажеттідлігі дәл анықталады.

Кәсіпорын қызметі жағдайында көп өзгерістер болмағанда, айналым қаражаттардың қажетті мөлшерін талдамалы әдіспен есептеген дұрыс. Соған орай, айналым қаражаттарының нормативін есептегенде, өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өткен кезеңдегі нормаланатын айналым қаражаттар мөлшерін еске алу керек.

Айналым қаражаттарды коэффициенттік әдіспен есептегенде, олардың қорлары мен шығындарын белгілеу тікелей өндіріс көлемімен байланысты (материалдар, аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындар, қоймадағы дайын өнім) және оған байланысты емес (қосалқы бөлшектер, арзан бағалы және тез тозатын заттар, болашақ кезеңдер шығындары) болып бөлінеді. Бірінші топ бойынша – айналым қаражаттар қажеттілігі, олардың ағымдағы жылдағы мөлшері мен келесі жылдағы өнім өндірудің өсу қарқынымен анықталады.

Екінші топ бойынша – айналым қаражаттардың қажеттілігі бірнеше жылдардағы айналым қаражаттардың орташа нақты қалдықтар деңгейінде жоспарланады.

3.7. Айналым қаражаттарын нормалау, олардың қажетті көлемін анықтау

Тау-кен кәсіпорындарға жоспарланатын жылы, өздерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаттарының керекті ақшалай қаражат жөніндегі ең аз қажеттігінің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы анықталады. Айналым қаражаттарын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану үшін жағдай жасайды. өндіріс пен айналыста тауар-материалдық құндылықтардың қосалқы қорын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, кәсіпорындардың қаржы жағдайының тұрақтылығына септігін тигізеді.

Алдында айтылғандай, кәсіпорындардың өндірістік қосалқы қорлары, аяқталмаған өндірісі, болашақ кезеңдер шығындары мен дайын өнімі нормаланады:

Н ақ  Н өқа б д . (3.8)

Өндірістік қосалқы қорды, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған материалдық ресурстары деуге болады. Олардың салыстырмалы немесе абсолюттік шамадағы мөлшері кәсіпорындардың ырғақты, тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және артылып қалмауға тиіс. Ол ресурстардың түсуіне, олардың тұтынылу көлемі мен сипатына, жеткізілімнің транзиттік нормаларының шарттары мен мөлшеріне, жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына, өндірістің маусымдылығына, т.б. факторларға байланысты.

Кәсіпорындарда өндірістік қорлардың материалдық ресурстарын, барлық түрлері бойынша олардың мөлшерін барынша аз анықтайды. Өндірістік қосалқы қорлардың шамасы заттай көрсеткіштер және ақшалай тұлғада белгіленеді. Нормалау кезінде қосалқы қорлардың күндерге шаққандағы нормалары алдын ала айқындалады.

Материалдық ресурстардың әрбір түрі бойынша, заттай тұлғадағы өндірістік қорлардың нормативі есептелуі керек. Өндірістік қорлардың нормативі, олардың күндерге шаққандағы нормасын бір күндік шығынға көбейту арқылы есептеледі. Ақшалай тұлғада материалдық ресурстардың әрбір түрінің бір күндік шығынының құнын, күндерге шаққандағы қосалқы қорлардың нормасына көбейту жолымен анықтайды. Бір күндік шығынның құнын, заттай тұлғадағы орташа құндық шығынды материалдық ресурстардың бағасына көбейтіп табады. Ал материалдық ресурстардың бір күндік шығынын, бір тоқсанда өндіріске жұмсалған шығын сметасы бойынша, олардың құнының сомасын 90-ға бөлу жолымен анықтайды.

Айналым қаражаттарының нормативі арқылы қаржы жоспарында, оның ең аз мөлшері белгіленеді. Норматив кәсіпорынға толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар-материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құру үшін қажет.

Өндірістік қорлары мақсаты мен дайындау қажеттілігіне қарай: ағымдағы (күнделікті пайдаланылатын), сақтандыру, дайындалма және маусымдық қосалқы қорларына бөлінеді.

Ағымдағы қосалқы қорлар - ресурстардың екі жеткізілімі арасындағы кезеңде жасалады, оның мөлшері (материалдың, отынның, қосалқы бөлшектердің) күн сайынғы шығынына, жеткізілім жиілігі мен тұтыну мөлшеріне байланысты формуламен есептеледі:

Қ к  М  t / 2; (3.9)

мұндағы Қ к – өндірістік қор элементтерінің ағымдағы орташа қосалқы

қоры;

М – өндірістік қор элементтерінің әр тәуліктік заттай тұтынылуы;

t – кезекті жеткізілімдер арасындағы уақыт.

Ақша тұлғада формула мына түрде жазылады:

Қ к  М  t  Б / 2 , (3.10)

мұндағы Б – өндірістік қор элементі бірлігінің бағасы.

Айталық, шахта бір күнде 60 м3 бекітпелік ағаш пайдаланады, оның бір текше метрі 1200 теңге тұрады, ал жеткізілім аралығы 30 күн. Сонда бекітпелік ағаштың заттай ағымдағы қосалқы қоры мынаған тең:

Қ қ  60  30 / 2  900 м3 ;

ал ақшалай тұлғада 900 х 1200  1080000 теңге.

Өндіріс жағдайында тауар-материалдық құндылықтарды тұрақты түрде қамтамасыз ету қиындау. Ол материалдардың уақытында келмеуімен, пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің өсуімен байланысты. Сол үшін тау-кен кәсіпорындарында сақтандыру қосалқы қоры құрылады, оны мына формуламен есептейді:

Қ с  М  t 1 ; ақша тұлғада Қ с  М  t 1  Б; (3.11)

мұндағы Қ с – өндірістік қор элементтерінің сақтандыру қосалқы қоры;

t1 – материалдар жеткізілімінің белгіленген мерзімінен ауып кетуі,

күндер.

Шахталар мен карьерлерде материалдық ресурстарды қабылдау, сапасын тексеру, пайдалануға дайындау және жұмыс орнына жеткізу үшін белгілі уақыт керек. соған байланысты тау-кен кәсіпорындарында дайындалма қосалқы қоры ұйымдастырылады. Оның шамасы (Қд) жоғары көрсетілген әдістеме арқылы анықталады.

Маусымдық қосалқы қор (Қм) өндіріс немесе жабдықтау, тасымалдау барысында маусымдық сипаттағы ресурстар бойынша белгіленеді. Ал жалпы өндірістік қорлар нормативі, қосалқы қор түрлерінің қосындысы:

Қ  Ққ + Қ с + Қ д + Қ м . (3.12)

Пайдалы қазбаларды өндіретін тау-кен кәсіпорындарының көбінде өндірістік циклдің ұзақтығы онша көп емес, бірнеше сағат болғанықтан, аяқталмаған өндіріс жоқ деп айтуға болады. Аяқталмаған өндіріс тек қана кенді қоймалап, жаппай құлата қазу жүйесін пайдаланатын кәсіпорындарда пайда болады. онда кенді забойда өндіруден бастап, оны үстіне шығару кезеңіне дейін бірталай уақыт өтеді.

Кенді қоймалап қазу жүйесін пайдаланатын кеніштер, аяқталмаған өндіріс бабы бойынша айналым қаражаттардың керекті мөлшерін келесі формуламен есептейді:

Қ аө Q3 * C (t + 1) t / 2 ; (3.13)

мұндағы Қаө – аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының сомасы,

теңге;

Q3 – забойдан жер астындағы қоймаға жеткізілген орта тәуліктік пайдалы қазбалар өндірімі, т;

С – өндірілген кеннің 1 т өзіндік құны, теңге;

t – өндірілген кеннің қоймада болған мерзімі, күндер.

Егер, Q3  600 т, С  900 теңге/т, t  20 күн, онда:

Қ аө 600 · 900 (20+1) 20 /2  113400 мың теңге.

Тау-кен кәсіпорындарын даярлау – қазбалармен немесе аршу жұмыстарымен қамтамасыз етуге арналған айналым қаражаттары мына экономикалық көрсеткіштермен анықталады:

– жыл басындағы даярлау қазбалар немесе аршу жұмыстары құнының өтелмеген қалдығының мөлшерімен;

– жоспарланған жылға бағытталған жаңа жұмыстар көлемінің сметалық кұнымен;

– жоспарланған жылда өтеу сомасын шегерумен.

Айталық, карьерде жыл басында өтелмеген аршу жұмыстарының қалдығы 2 млн м3, аршу жұмыстарының 1 м3 орташа құны 600 теңге болды. Келесі жылда жаңа аршу жұмыстарының көлемі 5 млн м3, ал аршынды жыныстардың 1 м3 өзіндік құны 510 теңгеге жоспарланды. Жоспарлы жылда 3 млн тонна кен өндіріледі делік, ал аршу коэффициенті 2 м3/т тең.

Аршу жұмыстарын жүргізуге арналған айналым қаражаттарының керекті сомасы мынаған тең:

Нбк= =

=2 * 600 + 5 * 510 - 3 * 2 * 510  1200 + 2550 - 3060  690 млн теңге.

Жерасты тәсілімен өндірілетін тау-кен кәсіпорындарында кен даярлау жұмыстарын жүргізуге арналған айналым қаражаттардың болашақ кезеңдер шығындары элементі бойынша, керекті сомаларды мына формуланы пайдаланып есептеуге болады:

Нбк (Q б + Q ж – Q) К *С - Ө; (3.14)

мұндағы Нбк – кен-даярлау қазбаларын жүргізуге арналған айналым қаражаттардың болашақ кезеңдер шығындары бабы бойынша сомасы, теңге;

Qб – жоспарланған жыл басында қазып алуға дайындалған

шахтадағы кен қоры, т;

Qж – жоспарлы жыл бойы қазып алуға дайын болатын кеннің

жаңа қорлары, т;

Q – жоспарлы жылда өндіруге белгіленген кен көлемі, т;

К – кеннің бір тоннасын өндіруге шаққандағы кен-даярлау қазбалар көлемінің жоспарлы үлесті көрсеткіші, м3/т;

С – кен-даярлау қазбалардың 1м3 орташа өзіндік құны, теңге / м3;

Ө – кен-даярлау қазбаларды жүргізуде жыл ішінде жоспарланған жолай өндірілетін кеннің өзіндік құны, теңге.

Дайын өнім деп – тау-кен кәсіпорнында өндірілген, бұдан әрі өңдеуге жатпайтын, стандарттар мен техникалық шарттардан, техникалық бақылаудан өткен, басқа кәсіпорындар тұтынуға жарамды пайдалы қазбаларды айтады.

Қоймадағы дайын өнімдегі айналым қаражаттардың норматив шамасы (Қ д) мына формула бойынша анықталады:

Қ д  Q т * t , (3.15)

мұндағы Q т – өндірістік өзіндік құн бойынша тауар өнімнің тәуліктегі орташа шығару көлемі, теңге;

t – дайын өнімнің қоймада болуының ұзақтығы, күндер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]