Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
350.72 Кб
Скачать

3.5. Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері

Өндіріс тиімділігіне, айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен әсер етеді. Ол бір жылдағы, бір тоқсандағы айналым қаражат айналымының санын және бір айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен, айналым қаражаттарының айналымдылығы – оны тиімді пайдалануды сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алдында айтқанымыздай, кәсіпорынның айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процесінің бір сатысынан, екінші сатысына үнемі ауысып отырады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы, айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы болып табылады.

А йналым қаражаттарының айналымының жылдамдығын айналымдылық коэффициент сипаттайды. Ол өткізілген өнім құны мен айналым қаражаттарының орташа қалдығы қатынастарымен есептеледі:

К а  ӨӨ / АҚ ; (3.1)

мұндағы Ка – айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті;

ӨӨ – белгілі бір кезеңде нарық белгілеген бағамен өткізілген өнім көлемі, теңге;

АҚ – айналым қаражаттардың үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы, теңге.

Айталық, шахтаның бір жылда пайдалы қазбаларды өткізуден алынған түсімі 900 млн теңге болды делік, ал сол кездегі оның айналым қаражаттарының орташа сомасы (орташа қалдығы) 100 млн теңгеге жетті. Сонда айналымдылық коэффициенті (айналымының саны):

К а  900:100  9.

Айналымдылық коэффициент - сандық шамамен айналым қаражаттарының бір теңгеге шаққандағы сатылған өнім мөлшерін көрсетеді. Көрсетілген мысалды алсақ, айналым қаражаттарының 1 теңгесіне, 1 жылда 9 теңге пайдалы қазбаларды сатудан алынған түсім табады екенбіз. Екінші жағынан, айналым қаражаттарға жұмсалған 1 теңге бір жылда 9 айналым жасайды екен. Айналым қаражаттарының мөлшері бухгалтерлік баланс (теңгерім) мәліметтері бойынша анықталады.

Айналым қаражаттарының орташа айлық қалдығы, олардың ай басындағы (АҚ б) және ай соңындағы (АҚс) сомаларының жартылай қосындысы болып табылады:

А Қ а  (АҚ б + АҚ с)/2. (3.2)

Айналым қаражаттарының орташа жылдық, тоқсандық сомасын (қалдығын) хронологиялық орташа мәнін есептеу арқылы табуға болады, яғни:

А Қ  (1/2 АҚ б + +1/2 АҚ с) /(n-1), (3.3)

мұндағы АҚ – айналым қаражаттарының орташа жылдық, жарты жылдық, тоқсандық, айлық сомалары, теңге;

АҚ б – айналым қаражаттарының есептік кезең басындағы мөлшері, теңге;

АҚ с – айналым қаражаттарының есептік кезең соңындағы мөлшері, теңге;

АҚ і – айналым қаражаттарының есептік кезең ортасындағы сомалары, теңге;

n – қатардағы деңгейлер, көрсеткіштер саны.

Тау-кен кәсіпорнының айналмалы капиталының есептік кезеңдерде сомалары мынадай (3.2-кесте).

3.2-кесте

Кәсіпорынның айналым қаражаттары

Жылдың есептік кезеңдері

01.01.07

01.04.07

01.07.07

01.10.07

01.01.08

Айналмалы капиталдың қалдығы, млн теңге

220

230

240

270

260

Кәсіпорынның айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдығын есептеуге болады:

А Қ ж  (220/2+230+240+270+260/2) /(5-1) 245 млн теңге.

Айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткішті - жүктеме немесе орналастыру коэффициенті дейді, ол мына формуламен есептеледі:

К ж АҚ /ӨӨ. (3.4)

Бұл көрсеткіштің экономикалық маңызы мынада - бір теңгеге өнім шығару үшін, қанша айналым қаражаттары керек екендігін білдіреді.

Басқа маңызды көрсеткіш - бір айналымының уақыты (ұзақтығы). Ол кезеңдегі күндер санын айналымдылық коэффициентіне бөлу арқылы табылады:

t =T/K a немесе Т  АҚ /ӨӨ , (3.5)

мұндағы t – бір айналымның ұзақтығы, күндер;

T – кезеңдегі күндер саны (жылда 360 күн, тоқсанда 90 күн).

Келтірілген мысалда айналым қаражаттарының айналым уақыты мынағын тең:

t = Т / Қ а  360 : 9  40 күн.

А йналым қаражаттарының айналымдылығының жалпы көрсеткіштерімен қатар, осы қаражаттардың өндірістік қорларда, аяқталмаған өндірісте, өндірісті дайындау үшін жұмсалған шығындарда болуын сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер анықталады. Мұның өзі, кәсіпорынның айналым қаражаттарын пайдалануды жақсарту жолдары мен резервтерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін мына формула пайдаланылады:

t і  Т  АҚі /ӨӨ, (3.6)

мұндағы tі – айналым қаражаттары элементтерінің ауыспалы айналымының і– сатында болғандағы уақыты, күндер;

АҚ і – айналым қаражаттары элементтерінің ауыспалы айнымалының i– сатысындағы орташа сомасы.

Осы көрсеткіштерден басқа айналым қаражаттардың қайтарым көрсеткіші (Қақ) пайдалануы мүмкін, ол өнім өткізуден алынған пайда мен кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалдығы қатынасымен анықталады, яғни:

Қ ақ  П / АҚ , (3.7)

мұндағы П – өнім сатудан алынған пайда, теңге;

АҚ – сол кезеңдегі айналым қаражаттардың орташа қалдығы (сомасы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]