Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
350.72 Кб
Скачать

3.4. Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құралу көздері

Кәсіпорынның ақша түрінде көрсетілген өндірістік айналмалы қорлары мен айналыс қорларының жиынтығын - айналым қаражаттары деп атайды. Айналым қаражаттардың әр түрлі элементтер арасындағы немесе олардың құрамдық бөліктер арасындағы қатынастары – айналым қаражаттардың құрылымы. Айналым қаражаттары: өндіріс саласындағы және айналыс саласындағы болып жіктеледі. Өндіріс саласындағы айналым қаражаттарының үлесі – 80-85 %, ал айналыс саласындағы айналым қаражаттардың арасалмағы – 15-20 %.

Бұлардан басқа айналым қаражаттары бөліну жағынан - нормаланатын және нормаланбайтындарға жіктеледі, олардың тау-кен өнеркәсібіндегі арақатысы – 80-20 %.

Нормаланатын айналым қаражаттарына – кәсіпорындардың жоспар-ланатын меншікті қаражаттары, ол – тауар-материалдық құндылықтардың ең аз қосалқы қорларын жасау мен өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Нормаланатын айналым қаражаттарына - өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдер шығындары мен дайын өнім жатады.

Дайын өнімнен басқа айналыс саласында жұмыс істейтін қаражаттар – нормаланбайтындарға жатады, олар: төлем мерзімі басталмаған жөнелтілген тауарларға, сатып алушылар мерзімінде төлемеген, жөнелтілген тауарларға, сатып алушылардан жауапкершілікпен сақтауға арналған тауарларға жұмсалған қаражат; банкідегі есеп айырысу шотындағы, кассадағы, аккредитивтердегі, жүк айналымы бойынша ерекше еcеп-шоттарындағы ақшалай қаражат; есеп айырысудағы қаражат.

Айналым қаражаттарын нормалау үшін, ғылыми тұрғыда негізделген нормативтер мен материал шығындарының меншікті нормалары пайдаланылады.

Құралу көздері бойынша айналым қаражаттары – меншікті, қарыз және сырттан тартылған болып жіктеледі.

Меншікті капитал – кәсіпорынның міндеттемелері шегеріліп тасталғаннан кейінгі активтер. Әдетте, меншік қаражаттар шамасына: жарғылық, сақтық қорлары мен бөлінбеген капитал жатады.

Жарғылық қор - құрылатын кәсіпорынның активтеріне құрылтайшы-лар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы, ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады. Ол өнімді өткізуден, акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құрылады. Өндірістік-шаруашылық және басқа да қызмет барысында оның мөлшері ұдайы өзгеріп отырады.

Пайдамен қатар, меншікті айналым қаражаттарды толтыру үшін тұрақты пассивтер де пайдаланылады, олар меншік қаражаттарға жатады. Кәсіпорындарға жатпайтын, бірақ кәсіпорын оны пайдаланатын тұрақты пассивтерге – жұмысшыларға уақытында берілмеген жалақы, бюджетке төленбеген әлеуметтік салықтардың ең аз берешегі, алдыңғы шығындар мен төлемдер резерві, еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы төлеуге арналған резервтер, т.б. жатады.

Қарыз қаражаты – кәсіпорын банктен қысқа мерзімді несие тәртібімен алған айналым қаражаттарының бөлігі. Қарыз қаражатының болу-болмауы, меншікті айналым қаражаттарының кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті ең аз мұқтажды ғана өтеуіне байланысты. Өндіріс жоспарының асыра орындалуына, дайын өнімді сатудың кідіртілуіне, өндіріс барысының бірқалыпты болмауына байланысты, қосымша мұқтаждық уақытша сипатта болады да, оны қысқа мерзімді банк несиесімен өтеуге болады.

Тартылған қаражатқа кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның уақытша иелігіндегі ақшалай қаражат жатады. Оған кредиторлық берешектің барлық түрлері кіреді.

Кәсіпорындардың айналым қаражаттарды тиімді пайдалануын ұйымдастыруындағы маңызды рөлді, меншікті және қарыз қаражаттар арасындағы дұрыс қатысы атқарады. Әрине, өндіріс процесін ойдағыдай жүргізу үшін әр фирмада меншікті қаражат көлемі жеткілікті болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]