- •Ііі тарау
- •Капиталы
- •3.1. Жалпы ережелер
- •3.2. Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
- •3.3. Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •3.4. Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құралу көздері
- •3.5. Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері
- •3.6. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері
- •3.7. Айналым қаражаттарын нормалау, олардың қажетті көлемін анықтау
- •3.8. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері
- •3.9. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату жолдары
3.2. Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Тау-кен кәсіпорнының өндіріс процесі мен оның өндірілген өнімі айналыс процесінде үздіксіз болуы тиіс. Айналым қаражаттың бір бөлігі – өндіріс, ал екінші бөлігі – айналыс саласында болады.
Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін - капиталдың айналымы дейді. Капиталдың айналымы – капиталдың ауыспалы айналымы, ол дүркін-дүркін жаңарып отырған процесс ретінде қаралады, оның дейекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға, жалақы төлеуге аванс берілуін), өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды. Сөйтіп, бұл процесте ақша капиталы өндіргіш капиталына, өндіргіш капитал - тауар капиталына және тауар капиталы - ақша капиталына айналады. Сөйтіп, капитал (айналым қаражаттар) үш сатыдан өтеді.
Бірінші сатыда – ақшалай қаражаттар оларсыз өндірістік процестің орындалуы мүмкін болмайтын әр түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік қорларына ауысады. Яғни, ақшалай нысаннан – өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады. Осы кезде кәсіпорын қосалқы матариалдарды, бекітпелік материалдарды, жарылғыш заттарды, жару құралдарын, жабдықтарға қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды сатып алады.
Екінші сатыда – өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады, өндіріс процесі жүзеге асырылып, пайдалы қазбалар өндіріледі.
Үшінші сатыда – кәсіпорын өзінің өндірген өнімін сатып, өткізіп, өнімге жұмсалған қаражатын қайтарып, пайда алуға күш салады. Осы процесс аяқталған бойда, капитал қайта ақша нысанына ие болады.
Бірінші және үшінші сатылары - айналыс саласына, ал екінші сатысы – өндіріс саласына жатады. Сонымен, ақша тауарға айналып, тауар қайтадан ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік процесс қайталанады (3.1-сурет).
3.1-сурет. Айналым қаражаттардың
айналым сұлбасы:
1– өндірістік қорлар;
2 – өндірістегі қаражаттар;
3 – айналыстағы қаражаттар;
4 – айналыс саласы;
5 – өндіріс саласы
Капиталдың қозғалысы үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктері бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысанының бірінде болып және үш сатыдан өтуі тиіс. Сөйтіп, капиталдың ауыспалы айналымы үздіксіз, ұдайы қайталанып отыратын процесс болып табылады. Үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік капиталдың ауыспалы айналымы, оның айналымын құрайды. Капитал айналым уақыты бүкіл авансыланған капитал өндіріс пен айналыс сатысынан өтетін және бастапқы нысанына қайтып оралатын кезең ретінде қаралады. Капитал айналымының жылдамдығы, оның бір жыл ішінде жасалатын айналымдылық санымен сипатталады.
3.3. Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
Тау-кен кәсіпорнының айналмалы капиталы (айналым қаражаттары) өндірістегі және айналыстағы капиталға бөлінеді, оның құрамы 3.1–кестеде көрсетілген.
3.1-кесте
Айналым қаражаттарының құрамы
Кәсіпорынның айналым қаражаттары |
||||||||||
Өндіріс саласы |
Айналыс саласы |
|||||||||
Өндірістік қосалқы қорлары |
Ақталмаған өндіріс |
Болашақ кезең шығындары |
Қоймадағы дайын өнім |
Сатып алушыға жөнетілген тауарлар |
Ақша қаражаттары мен есеп айырысу қаражаттары |
|||||
Шикізат пен негізгі материалдар |
Қосалқы материалдар |
Отын |
Ыдыс |
Қосалқы бөлшектер |
Құнсыздау және тез тозатын заттар |
|||||
Нормаланатын айналым қаражаттары |
Нормаланбайтын айналым қаражаттары |
|||||||||
Өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығындары кәсіпорынның айналмалы қорын құрайды, ал оның дайын өнімі, ақшалай қаражаттары айналыс қоры болады. Өндірістік қосалқы қорлар мен кәсіпорынның қоймадағы дайын өнімі, оның тауар-материалдық құндылықтарын құрады.
Айналым қаражаттардың құрылымы, олардың жекелеген түрлерінің арақатысымен сипатталады. Айналым қаражаттарының бір маңызды бөлігі – қажетті мөлшерде өндірістік қорлар түрінде кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, үнемі қоймаларда сақталады.
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістік қосалқы қорларға мыналар кіреді:
қосалқы материалдар;
отын және жанармай;
ыдыс және ыдыс материалдары;
қосалқы бөлшектер;
құнсыздау және тез тозатын заттар;
арнаулы киім мен аяқ киімдер.
Тікелей тау-кен өнеркәсібінде шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын шала фабрикаттар деген элементтер айналым қаражаттарының құрамында болмайды. Неге десеңіздер, табиғи материалдар (көмір, кенбайлықтары) еңбек заты болып саналады.
Тау-кен кәсіпорындарының қосалқы цехтарында негізгі материалдар мен жартылай фабрикаттарды, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен аспаптарды жасауға пайдаланады, бірақ олардың үлес салмағы өте аз (2-4 %).
Қосалқы материалдар - өндірістік процесте қосымша рөл атқаратын еңбек заттары. Олар әдетте заттай дайын өнім құрамына кірмейді. Қосалқы материалдарға бекітпелік және жарылғыш заттар, жару құралдары, бұрғылық болат пен қарнақтар, майлау материалдары, т.б. жатады. Тау-кен кәсіпорындарының айналым қаражаттарында қосалқы материалдар үлесі – 5-12 %. Отын және жанармайға технологиялық мақсатта пайдаланылатын көмір, жанармай, мазут, т.б. жатады. олардың үлесі 2-5 %. Ал ыдыс пен ыдыс материалдары айналым қаражаттар сомасының 1%-на жетпейді.
Қосалқы бөлшектер - машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын жөндеу жұмыстарына арналған бөлшектер, узелдер мен агрегаттар, айналым қаражаттар - жалпы сомасында олардың үлесі орташа есеппен алғанда 4-тен 6 % дейін.
Тау-кен кәсіпорындарындағы жалпы айналым қаражат көлемінде өндірістік қорлар үлесі 15%-дан 40%-ға дейін, ол пайдалы қазбалар өндіру тәсіліне, оларды қазып алу жүйесіне, пайдалы қазбалар түрлеріне, т.б. да көп факторларға байланысты.
Аяқталмаған өндіріс - кәсіпорында дайындалып бітпеген өнім. Ол өндіріс процесіндегі және әлі толық дайын болмаған өнім, мұндай өнім алғашқы өндіруден бастап, оны техникалық бақылау, қабылдап алғанға дейінгі немесе тауар өніміне енгізуге дейінгі өндірістік процестердің түрлі сатыларында болуы мүмкін. Тау-кен өнеркәсібінде аяқталмаған өндірістің құрамына мыналар жатады:
– пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіргенде қоймалап және жаппай құлата қазу жүйелерінде уатылған, яғни бұрғыланған, жарылғыш заттармен ұсақталған кен;
– кенбайлықтарды ашық тәсілмен өндіргенде, забойдағы қопарылған кен (руда).
Тау-кен өнеркәсібінде аяқталмаған өндірістің үлесі айналым қаражаттар құрамында өте аз (1-2 %).
Болашақ кезең шығындары - кәсіпорынның болашақ кезеңдерде өнім өндіруге арналған ағымдағы шығыстары. Тау-кен өнеркәсібінде өндірістік процестің тоқтаусыз болуын тек қана ағымдағы емес, бірақта келесі кезеңдерде қамтамасыз ететін жұмыстарды орындауға арналған шығындарды - болашақ кезеңдер шығындары деп атайды. Тау-кен кәсіпорындарында болашақ кезеңдер шығындарына: өндірісті дайындауға жұмсалған шығындар жатады:
– кенорнын жерасты тәсілімен қазу кезінде кейбір күрделі кен қазбалары мен кен-даярлау қазбаларының бөлігін жүргізуге арналған шығындар;
– кенорнын ашық тәсілмен қазу кезінде кен денесін ашуға арналған шығындар;
– кейбір ұзақ мерзімде пайдаланылатын материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындар (құбырлар, рельстер, болат арқандар, иілмелі кабельдер, темірден жасалған тіреулер, т.б.).
Әр ай сайын болашақ кезеңдер шығындары – нормативтер арқылы өндіріс шығындарына енгізіледі. Тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезеңдер шығындарының үлесі өте жоғары және айналым қаражаттардың жалпы сомасының 50 % құрайды.
Дайын өнімге - тау-кен өнеркәсібінде өңдеудің барлық сатыларынан өткен және өндірістік тұтынуға жарамды пайдалы қазбалар жатады. Дайын өнім - айналыс қорының бөлігі. Айналыс қоры қоймадағы дайын, сатып алушыларға жөнелтілген, бірақ әлі төленбеген өнімді, кассадағы, есеп айырсу шотындағы, аккредивтердегі ақшалай қаражатты, дебиторлық берешекті, жабдықтауға қызмет көрсету, дайын өнімді өткізу үшін пайдаланылатын ресурстар мен қаражатты қамтиды.
