Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 - тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
350.72 Кб
Скачать

К әсіпорын экономикасы

Ііі тарау

ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ АЙНАЛМАЛЫ

Капиталы

3.1. Жалпы ережелер

Капитал деп – тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге, инвестициялық жұмсалым ретінде пайдаланылатын ақшалай соманы айтады. Капитал мына түрлерде болуы мүмкін - өндіріс құрал-жабдығы (өндірістік капитал), ақша (ақшалай капитал) және тауарлар (тауар капиталы). Өндірістік капитал екіге бөлінеді: негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдан айналмалы капиталдың айырмасы - өзінің құнын жаңадан өндірілген пайдалы қазбаларға толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалы айналымының соңында ақшалай нысанында қайтарылады.

Тау-кен кәсіпорнының әдеттегі және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, негізгі қорлардан басқа, айналмалы өндірістік қорлар мен айналыс қорлары болуы тиіс. Ақшалай нысанда көрсетілген айналмалы қорлар мен айналыс қорлардың сомасын - кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді. Сонымен, пайдалы қазбаларды өндіру мен сатуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін тау-кен кәсіпорнында жеткілікті көлемде айналым қаражаты болуы керек. Айналым қаражаты, кәсіпорынның ақшалай қаражат жиынтығы.

Тау-кен кәсіпорындарының өндірістік қорларының бірі өндіріс кезеңінде түгел тұтынылатын және өзінің құнын өндірілетін пайдалы қазбаларға толық көшіретін, табиғи нысанын сақтамайтын және аяқталғаннан кейін ақшалай қайтарылатын бөлігін - айналмалы қорлар деп атайды.

Айналмалы өндірістік қорлар – өндірістік процесті бастауға дайындалған еңбек заттарынан тұрады. Айналмалы өндірістік қорларды жоспарлау мен есепке алу тәжірибесінде оларды үш топқа бөлуге болады.

1. Өндірістік қосалқы қорлар (қазбаларды бекіту материалдары, жарылғыш заттар қорлары, жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, отын, т.б.);

2. Аяқталмаған өнім;

3. Болашақ кезеңдер шығындары.

Кәсіпорында материалдық құндылықтар қорының бір бөлігі өндірісте болады, ал екінші бөлігі – өндірістік процеске дайын, қоймада жатуы мүмкін, оны – қойма қоры дейді. Материалдық құндылықтардың бір бөлігі жолда болып, кәсіпорынның көлік қорын кұрады.

Тау-кен кәсіпорны келесі есептік кезеңдерге жататын шығындарды жұмсауы мүмкін, яғни бұл шығындар – пайдалы қазбалар өндірудің ағымдағы шығындарына ғана жұмсалмайды, болашақ кезеңдерде өнім өндіруге арналған шығындарды қамтиды.

Тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезеңдер шығындарына – кен-даярлау және аршу жұмыстарын жүргізу шығындары, металдан жасаған бекітпелік тіреулерді, конвейерлік таспаларды, икемді кабельдерді, теміржол рельстерін сатып алуға арналған шығындар жатады.

Болашақ кезеңдер шығындары – кәсіпорынның болашақ кезеңде өнім өндіруге арналған ағымдағы шығыстары. Кейде айналым қаражаттың бір бөлігі аяқталмаған өндірыс шығындарына жұмсалады.

Айналыс қорлары айналыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаражаты. Айналыс қорлары, кәсіпорынның айналым қаражаттарының бір бөлігін құрайды. Дайын және өткізілген өнім қалдықтарынан, қоймадағы дайын өнімнен немесе сатып алушыларға жөнелтілген, бірақ олар әлі ақысын төлемеген өнімнен, есеп айырысу есепшотындағы, кассадағы ақшалай қаражаттан, сондай-ақ, есеп айырысудағы қаражаттан (дебиторлық берешектерден) құралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]