Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбек жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

20. Еңбек шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рәсімдеуі.

Еңбек шартының тоқтатылуы мен бұзылуы арасында объективтік критерийлер бар. Шарттың тоқтатылуы тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты болады. Ал шартты бұзу үшін ерік білдіргендік болу қажет. Еңбек шартын тоқтату негіздеріне мыналар жатады: 1)тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу: Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.

21. Еңбек құқықығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?

22. Еңбек құқығының субъектілері ретінде – азаматтар. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі келесі негізгі элементтерден тұрады. 1. Еңбекке құқық қабілеттілігі; 2. Негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер; 3. Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы кепілдіктері; 4. Еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік; Негізгі статуттық еңбек құқықтары мен міндеттері; а) Еңбек тəртібін сақтау міндеті; б) Еңбек нормасын орындау міндеті; в) Сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті; Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сəйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі.