
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •2. Қызметкердің штат саны мен құрамының қысқартылуына, ұйымның таралуына байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.
- •5. Қызметкердің денсаулығы не қызметкердің кәсіби даярлығы сәйкес еместігіне байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.
- •6.Еңбек сферасында құқықтарды заңды шектеу мүмкін болатын жағдайларды атаңыз?
- •7.Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдісі.
- •8.Қызметкер өз міндетін қайталап орындамағаны үшін еңбек шартын бұзу негіздері; бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда еңбек шартын бұзу.
- •9. Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастарды атаңыз?
- •10. Еңбек құқығының қағидалары
- •11. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу.
- •12. Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мәртебесі.
- •15. Өндірістік критерий бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •17. Жұмыстан шеттетудің негіздері мен тәртібі.
- •18. Жас мөлшері және медико-биологиялық критерийлары бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •20. Еңбек шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рәсімдеуі.
- •21. Еңбек құқықығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •23. Жұмыс уақытының түсінігі, оның ұзақтығы мен түрлері, нормалары.
- •70.Еңбек шартының түсінігі және мазмұны.
- •71. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру мен есепке алу.
- •72. Қызметкердің келісімінсіз оны басқа жұмысқа ауыстыру жағдайларын атаңыз?
- •73. Еңбек шартының мерзімі. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ.
- •74. Өндірісте болған келеңсіз жағдайды есепке алу мен зерттеу.
- •75. Қызметкердің қандай атқаратын қызметі мен лауазымды жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға негіз болады?
- •76. Еңбек шартын бекіту.
- •77. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
- •79. Маусымдық жұмыстарды істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
- •80. Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері.
- •81.Қандай қызметкерлердің қысқартылған жұмыс уақытына құқығы бар және оның шегі.
- •83.Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі.
15. Өндірістік критерий бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
16. ҚР-дағы Еңбек кодексінің жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жылғы 15 мамырда қолданыла бастады. Соңғы өзгерістер мен толықтырулар 17шілдеде 2009ж енгізілді. Еңбек кодексі Жапы және Ерекше бөлімнен құралған. Еңбек кодексі 6 бөлім, 40 тарау, 341баптан тұрады. Негізгі бөлімдері: Жалпы ережелер; Еңбек қатынастары; Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері; еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; ҚРсы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.
17. Жұмыстан шеттетудің негіздері мен тәртібі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. Жұмыс беруші мына жағдайларда:
1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған; 3) жұмыс беруші берген жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген; 5) егер оның іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы төленбейді.Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.
18. Жас мөлшері және медико-биологиялық критерийлары бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
19.Еңбек құқығының субъектілері. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс ісиейиін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сəйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне мемлекетті кəсіпорындар деп бөлуге болады. Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кəсіптік одақ ұйымдарының мəртебесі белгіленген заңнамада кəсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен əрекет қабілеттілігі, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мемкемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тəртіп бойынша құрылады. Мемлекеттіəк органдар республикалық, аймақтық жəне жергілікті болуы мүмкін.