
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •2. Қызметкердің штат саны мен құрамының қысқартылуына, ұйымның таралуына байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.
- •5. Қызметкердің денсаулығы не қызметкердің кәсіби даярлығы сәйкес еместігіне байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.
- •6.Еңбек сферасында құқықтарды заңды шектеу мүмкін болатын жағдайларды атаңыз?
- •7.Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдісі.
- •8.Қызметкер өз міндетін қайталап орындамағаны үшін еңбек шартын бұзу негіздері; бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда еңбек шартын бұзу.
- •9. Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастарды атаңыз?
- •10. Еңбек құқығының қағидалары
- •11. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу.
- •12. Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мәртебесі.
- •15. Өндірістік критерий бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •17. Жұмыстан шеттетудің негіздері мен тәртібі.
- •18. Жас мөлшері және медико-биологиялық критерийлары бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •20. Еңбек шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рәсімдеуі.
- •21. Еңбек құқықығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын құрастырыңыз?
- •23. Жұмыс уақытының түсінігі, оның ұзақтығы мен түрлері, нормалары.
- •70.Еңбек шартының түсінігі және мазмұны.
- •71. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру мен есепке алу.
- •72. Қызметкердің келісімінсіз оны басқа жұмысқа ауыстыру жағдайларын атаңыз?
- •73. Еңбек шартының мерзімі. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ.
- •74. Өндірісте болған келеңсіз жағдайды есепке алу мен зерттеу.
- •75. Қызметкердің қандай атқаратын қызметі мен лауазымды жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға негіз болады?
- •76. Еңбек шартын бекіту.
- •77. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
- •79. Маусымдық жұмыстарды істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
- •80. Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері.
- •81.Қандай қызметкерлердің қысқартылған жұмыс уақытына құқығы бар және оның шегі.
- •83.Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі.
77. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.
78. Ұйымда жаңа жұмыс берушінің ауысуына байланысты барлық қызметкерлермен еңбек шарты бұзылатындығы туралы ескертеді, сонда жаңа жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және еңбек шартын бұзу негізі қалай болады?
Әрине заңды. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
79. Маусымдық жұмыстарды істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі көрсетілуге тиіс. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатындағы сынақ мерзімі белгіленбейді. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты:1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатылған;2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
80. Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері.
Еңбек даулары дегеніміз ҚР Еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер /қызметкерлер/ мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктерді білдіреді. Еңбек даулары ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісім жасауға, оларды орындауға байланысты, сондайөақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша туындайды. Еңбек дауларын түріне қарай жіктеу ведомствалық дауларды дұрыс анықтауға жағдай жасайды. Еңбек дауларының пайда болу себептері қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілікті тікелей тудыратын заңды фактілер. Еңбек даулары екіге бөлінеді: жеке еңбек даулары және ұжымдық еңбек даулары. Жеке еңбек даулары дегеніміз тікелей немесе кәсіподақ қатысуымен келіссөздермен реттелмеген әкімшілік және қызметкер арасындағы еңбек заңдарын, басқа нориативтік құқықтық актілерді, келісімді, еңбек шартын қолдану туралы сұрақтары бойынша келіспеушілік. Ұжымдық еңбек даулары ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай ақ қолданылып жүрген заңдардың , ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы келіспеушіліктер.