Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбек жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.

Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне жалданбалы еңбеқ. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады.

Еңбек құқығы – бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттеп отыратын құқық саласы болып табылады.

2. Қызметкердің штат саны мен құрамының қысқартылуына, ұйымның таралуына байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.

Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің ынтасы бойынша бұзуға жол беретін негіздемелер тізбесі заңнамада көзделген. Еңбек шарты жұмыскерлер санының не штаттың қысқартылуына байланысты бұзылуы мүмкін. Қысқартудың болғаны тиісті құжаттармен расталынуға жатады. Қызметкеркер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан шығару туралы ескерту жасаумен қатар жұмыс беруші қызметкерге сол ұйымда басқа жұмыс ұсынуы мүмкін. Қызметкерлер санының не штат санының қысқартылуына байланысты жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге бір айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтем төлейді. Ұйымның таратылуы, жұмыс берушінің өз қызметін тоқтатуы нәтижесінде қызметкердің жұмыстан шығарылуы көзделген. Тарату – заңды тұлғаның және оның қызметінің құқық мұрагерлігінсіз тоқтауы. Оны мүліктің иегері немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған органның құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады, ол заңды тұлғаны тіркеуге алған әділет органына ол жайында тез жазбаша хабар береді. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілім ол жайында жазылғаннан кейін ұйым таратылды деп саналады. Ұйым таратылған жағдайда оның кредиторларының талабы мына кезекпен қанағаттандырылады:1) таратылған заңды тұлға өміріне не денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болағн азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлімдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады; 2) еңбек шарты бойынша жұмыс істеуші адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөнінде және авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысылады; 3)немие берушілердің таратылатын заңды тұлғаның мүлкін кепілге сатып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 4) бөджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі; 5) заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілерменесеп айырысылады.

3. ҚР Еңбек кодексінің 2б. 3т. әйкес:

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР Еңбек Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.

Осыған орай ратификациялануға жатпайтын бұл құжат еңбек құқығының қайнар көзі бола алмайды.

4.Еңбек құқығының пәні және жүйесі

Еңбек құқығының пәні жұмыс күшін қоғамдық өңдіріске тартумен, еңбекті ұйымдастырумен және оның жағдайын белгілеумен байланысты туындайтын еңбек қатынастары болады. Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: 1) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар. 2) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар. 3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. тандай алады. 4) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. 5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты. 6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты. 7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. 8) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.

Еңбек құқығының жүйесі –құқықтың осы саласының құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды.