
- •6.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •7.Неолиттік төңкеріс
- •8. Қытай жазба деректері.
- •11. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
- •14. Түркеш мемлекеті.
- •15.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.
- •26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.
- •27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
- •28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.
- •29) Шыңғыс-ханның Қазақстан мен Орта Азияға жаулауы.
- •32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
- •33) Ақ Орда
- •37.15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •40.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы.
- •42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).
- •65) Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. Бірінші ширегі - XIX ғ. Ортасы).
- •88) Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
- •93) 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •100) ”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.
- •149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •165) «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы
- •172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
- •173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
- •174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.
- •175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
- •176) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
- •177) Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар
- •178) Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •179) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұұ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі
7.Неолиттік төңкеріс
Неолит дәуірі. Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады:
Жабайы жануарларды қолға үйрету
Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу
Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру. Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы. Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар(микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, келте, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады. Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің бастаоғанды,ын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Неолиттік ежелгі ададмдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы(Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өрттелген мәйіттің күлі болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Бұл дәуір – тайпалар мен тайпалық бірдестіктер құрылған кезең. Қазақстан жерінде 600 ден астам неоиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:
Бұлақ бойындағы тұрақтар
Өзен жағасындағы тұрақтар
Көл жиегіндегі тұрақтар
Үңгірдегі тұрақтар
Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар. Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырлапған жер – Атбасар ауданы(Ақмола обл.). Тарарлған аумағы Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы – VI мың ж. басы). Келтеминар мәдениетінің(б.з.б. IV мың ж. аяғы - II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж.ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-II-IV, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары. Мақанжар мәденитінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе. Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ
Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз
Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай
Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс
Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ
Солтүстік Қазақстан:Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Быстамақ, Аманкелді.