Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

86. Негізі мәтіннің құрылымы бойынша басылым түрлері

Мәтіндік басылымдар Басылымның басым бөлігі мәтіннен,цифрдан, иероглифтен, формуладан тұратын басылым түрі.

Ескерпе:

Бірнеше тіл қолданатын мәтіндік басылымдар көп тілді деп аталады.

термин анықтамасы

1 Монобасылым Бір шығармадын тұратын басылым

2 Жинақ Бірнеше шығармадан тұратын басылым.

Ескертпе:

Басылымның шығарылуына байланысты : мерзімді, мерзімсіз,жалғастырушы жинақ болып бөлінеді. Басылым қайта басылып шықса, бұл туралы мәлімет міндетті түрде берілуі керек. Олардың репринтті, яғни, тек мәтіні көшірілетін және факсималды – кітаптың форматы, қағазы, переплеты тура түпнұсқа секілді қылып жасалынатын түрлері бар. Көбіне басылымды қайта басқан кезде оның мәтініне өңдеулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Олардың түрлері:

қосымша (егер белгілі бір тарау немесе бөлім кіретін болса);

түзетілген (егер автор алдыңғы басылымда нақты мәліметтер келтірмесе, қателер кетсе соларды түзейді);

қайта өңделген (егер басылымның көп бөлігі немесе бөлімдері өзгертілсе);

қайта қаралған (редакциялық мәндегі түзетулер енгізілсе);

кеңейтілген (алдыңғы басылымға қарағанда тематикалық тұрғыдан қайта басылым кеңейтілсе).

Өңдеудің қандай мағынада екендігін білдіретін жоғарыдағы сөздерді, «басылым» сөзінене кейін жазады.

3-басылым, қайта өңделген

Кейде кітап сатылып кетіп, тағы да шығаруды қажет ететін кезі болады. Басылым шыққан уақыттан бір жыл айналасында басылымның пленкасынан қайта басуға болады. Оның шығарылымдық деректері, барлығы сол күйінде жазылады, бірақ соңғы титулдық бетте «Қосымша 5000 тираж» деген секілді мәлімет беріледі. Егер, бір жылдан асып кетсе, онда ол қайта басылым болады. Аударма басылымдарда тақырып астылық мәліметтерді орналастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Басылым атауынан кейін титулдық бетте түпнұсқаның аударылған мәліметтері беріледі. Содан кейін, қай тілден аударылғандығы және кім аударғаны туралы мәліметтер, ал осыған қатысы бар басқа да адамдардың аты-жөнін титулдық беттің артына жазу керек.

Шығарылым деректері. Кітаптың шығарылым деректеріне:

•басылымның шыққан жері;

•баспаның заңды атауы;

•басылымның шыққан жылы жатады.

Шығарылымдық деректер титулдық беттің соңына жазылады. Жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша жазған жөн. Оларды негізінде бөлек-бөлек қатарларға жатады.

Басылымның шыққан жері баспагердің заңды адресі ретінде келтірілген қала немесе мекен болып табылады. Қаланың атының алдына «қ» деп жазуға болмайды. Ал басқа жерлерді ресми статусы бойынша жазу керек. Егер мекен баспаның заңды атауының құрамына кіретін болса, онда қаланың атауын енгізудің еш қажеті жоқ.

Баспаның атауын титулдық бетте басылым шыққан жер туралы мәліметтен кейін орналастырады. Оның атауын тіркеуде тұрған нұсқа бойынша жазу керек. Баспаның атауын қысқартып жазуға болмайды. Баспаның атауының қасында оның эмблемасы берілуі кемкін. Егер бір басылымды бірнеше баспа бірігіп шығарса, баспагерлердің бәрінің аты беріледі.

Басылымның шыққан жылын араб цифрларымен «жыл» сөзінсіз немесе, «ж» әрібінсіз жазады. Баспаның атауы жоқ болған кезде, оны шыққан жерінен кейін жазады. Ал көптомдық басылымдарда контртитулдық бетте жалпы көптомдыққа байланысты, ал титулдық бетте нақты томға байланысты шығарылымдық деректерді орналастырады.

«Титулдық беттің артында жазылатын мәліметтер. Титулдық бетің артында жазылуға міндетті шығарылымдық деректер:

  • классификациялық индекстер: Әмбебап Ондық Классификация, Кітапханалық-библиографиялық классификациялар, авторлық белгі;

  • Кітаптың халықаралық стандарты номері (ISBN);

• авторлық құқықты қорғау белгісі. Сонымен қатар, титулдық беттің артында төмендегідей мәліметтер арналасуы мүмкін:

•серия туралы мәлімет;

•көптомдық туралы мәлімет;

• бекітілгені немесе ұсынылғаны туралы мәлімет;

• авторлар туралы мәлімет және басқа да басылымды жасауға қатысқан тұғалар туралы мәлімет;

• басылым туралы басқа да мәліметтер (демеушілер, ұйымдастырушылар және т.б.);

• қайта басылым туралы мәлімет;

• аннотациялық карточканың макеті;

• егер соңғы титулдық бетте шығу деректері көрсетілмесе, онда оларды титулдық беттің артына жазады..

Классификациялық индекстер, авторлық белгі. Барлық кітаптарда тиулдық беттің жоғарғы сол жақ бұрыншында жоғарыда аты аталып кеткен индекстер жазылады. Классификациялық индекстерде кітаптың тематикасы, оқырман аудиториясы, міндеті, басылым типі «жасырылған».

Әмбебап Ондық классификацияның индексі әрқашан ең бірінші жазылады. Кітапханалық-библиографиялық Классификацияның индексін УДК индексінен кейін жазады. Бұл бұлжытылмас ереже. Қазақ тілді кітаптарда да, орыс тілді кітаптарда да ол «ББК» аббвериатурасымен бірге жазылады.

Авторлық белгі ББК индексінің бірінші цифрының астына жазылады. Авторлық белгіде автордың фамилиясы кодталады. Әмбебап Ондық классификация, кітапханалық-библиографиялық классификация индекстері мен авторлық белгі кітапты сақтау шифрын құрайды.

Халықаралық стандартты номер ISBN аббревиатурасымен бірге титулдық беттің астыңғы сол жақ бұрышта жазылады.

Ал көптомдық басылымдарда екі ISBN номері жазылады: біріншісі – нақты бір томның, ал оның астында көптомдық басылымдардың ISBN номері жазылады. Көптомдық басылымдардың номерін барлық басылымдарда беріледі. Егер кітапты бірнеше баспа бірлесіп шығарса, онда, титулдық беттің артына басның өзіндік ISBN номерлері мен толық атын жазады. Сонымен қатар, алғаш жарияланып отырған аударманың түпнұсқа тіліндегі номері мен аударма тілдегі номері бірге жазылады. Қасына қай тілдегі индексі екендігін білдіру үшін, жақшаның ішінде тілді көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]