Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

4 Жалпы қағидалар

4.1 Стандарт келесі материалдардың баспалық безендірілуін регламенттейді:

мақалалар, соның ішінде алдыңғы қатарлы мақалалар, шолу мақалалар;

баяндамалар мен хабарламалар, баяндамалар мен хабарламалар тезистері,

ұсыныстар мен мәжілістің, кеңестің, съездің басқа да материалдары;

журнал іші (кітап іші) библиографиялық нұсқаулық (тізім, шолу), журналдың ағымдағы және ретроспективті " Мазмұн нұсқаулығынан " басқа, қысқа ғылыми хабарлама (баспаға хат) ;

рецензиялар;

ақпараттық шығарылымдар (библиографиялық, рефераттық, танымдық).

4.2 Баспалық безендірілудің элементтер жиынтығы және олардың орналасқан жері жарық көретін материалдың түріне байланысты.

Баспалық безендірілудің элементтерінің бір қалыпқа келтірілуі, жалғасы және орналасқан жері барлық басылым сандарында бірдей болуы тиіс.

Баспалық безендірілудің элементтері жарық көретін материалдың тілінде болуы керек.

4.3 қосымша баспа безендірілуінің элементтерін қолдануға жол беріледі.

5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі

5.1 Материалдардың баспалық безендірілуінің элементтеріне кіреді:

материалмен жұмыс істеген автор, құрастырушы және басқа да тұлғалар туралы мәліметтер;

жарық көрген материалдың тақырыбы;

тақырып асты мәліметтер;

ӘОЖ (УДК) индексі;

аннотациясы, резюме;

негізгі сөздер;

мақала алды библиографиялық тізім;

жарық көретін материал аударылған мәтіннің тілі туралы мәліметтер;

қолжазбаның баспаға түскен күні;

жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер;

қосымша;

ескерту;

бөлімнің, бөлімшенің, циклдің атауы;

колонтитул.

Жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер материалды бір басылымда (санында) үзінді етіп шығару үшін немесе кезеңді және жалғасатын басылымда бөлімдерге бөліп шығару үшін міндетті.

Мақала алды библиографиялық тізім болған жағдайда, жарық көретін материал мәтінінен кейін орналасатын басылым безендірілуінің элементтері содан кейін орналасады.

Баспадан депонированиаға жіберілген қолжазба мақалалар туралы ақпаратты 5.2, 5.5 - 5.7, 5.10, 5.12, 5.15 талаптарына сәйкес жасайды

.

5.2 Авторлар туралы мағлұмат

5.2.1 Авторлар туралы мәліметтерге келесі элементтер кіреді:

- автор есімі (бас әріптері мен тегі; аты; аты, әкесінің аты және тегі; лақап аты);

- ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі;

- қызметі немесе мамандығы;

- жұмыс орны (мекеменің немесе кәсіпорынның, ауылдық аймақтың атауы);

- елдің атауы (шет ел авторлары үшін).

Автордың есімі атау септікте беріледі.

Әкесінің атын қолдануға болмайтын жағдайда бір бас әріп немесе есімі беріледі.

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, мамандығы, жұмыс орны, елдің атауы туралы мәліметтер баспаның қалауы бойынша автор есімінен кейін толық немесе қысқартылған түрде беріледі. Қысқартулар – ГОСТ 7.12 бойынша. Жұмыс орны мен елдің атауын көрсету үшін аббревиятураларды қолдануға рұқсат беріледі.

Бірнеше автор қосылып жұмыс істегенде олардың есімі өз таңдаулары бойынша беріледі.

Автордың есімі полиграфиялық белгілермен ерекшеленеді.

5.2.2 Өз тақырыбы бар мақалалар (алдыңғы қатарлы мақаладан басқа), баяндамалар мен хабарламалар, баяндамалар мен хабарламалар тезисі, қысқа ғылыми хабарламалар (баспаға хат) және рецензиялар авторы туралы мағлұматты тақырыптың алдында орналастырады.

Рецензия тақырыбын рецензияланатын туындының библиографиялық суреттелуі мен айырбастағанда рецензия авторы туралы мәліметтерді жарық көретін материалдан кейін оң жағына орналастырады.

Алдыңғы қатарлы мақала авторлары туралы мағлұматты баспаның қалауы бойынша жарық көретін материал мәтінінен кейін оң жағында береді.

Автордың жұмыс орны туралы мағлұматты жарық көретін материал мәтінінен кейін бөлек жолға орналастыру рұқсат етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]