Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

66. Мемст 7.9 Аннотация. Резюме

Аннотацияны жарық көретін материал мәтінінің тілінде береді.

Аннотацияны ГОСТ 7.9 бойынша дайындайды.

Аннотациядан басқа резюмені де шығаруға жол беріледі. Резюме жарық көретін материал мәтінінен ерекшеленетін өзге тілдерде шығарылады.

Резюмені бірнеше тілде шығарса орыс тіліндегі резюме орыс тіліндегі аннотациямен ауыстырылады. Аннотацияны мақалаға ( алдыңғы қатарлы мақаладан басқа ), баяндамалар мен хабарламаларға, қысқа ғылыми хабарларға (баспаға хат) келтіреді. Жарық көретін материал мәтінінің тіліндегі аннотация тақырып пен тақырып асты мағлұматтардан кейін жарық көретін материал мәтінінен бұрын орналастырады.

Резюмені жарық көретін материал мәтінінен, материалмен жұмыс істеген тұлғалар туралы мәліметтерден, жарық көретін материал аударылған мәтін тілі туралы мәліметтен, қолжазбаның баспаға түскен күнінен және орыс тіліндегі аннотациядан кейін орналастырады.

67. Журналдар.Мақала алды библиографиялық тізімдер.

Мақала алды библиографиялық тізімнің тақырыбында "Тізім" (Мысалы "Әдебиет тізімі...", "Библиографиялық тізім ...") сөздері қолданылады. Мақала алды библиографиялық тізімнің тақырыбында "Библиграфия" сөзін қолдануға болмайды. Мақала алды библиографиялық тізімдегі библиографиялық суреттелу ГОСТ 7.1 бойынша құрастырылады.

Мақала алды библиографиялық тізімдегі библиографиялық жазбалар нөмірленуі тиіс. Мақаладағы, баяндамалар мен хабарламалардағы, қысқа ғылыми хабарламалардағы (баспаға хат) және рецензиялардағы мақала алды библиографиялық тізімді жарық көретін материал мәтінінен кейін орналастырады.Рецензияларда мақала алды библиографиялық тізімдерді келтірмеу рұқсат етіледі.

68. Қосымша құн салығының кітап саудасына әсері.

69. Жиынтық және парақша басылымдар.

Жиынтық басылымдар - папкаға , бандерольге жинақталған басылымдар жиынтығы.

Парақша басылымдар - бір немесе бірнеше беттен тұратын әр түрлі форматтағы тігілмеген, желімделмеген.

70. Мемст 7.60 Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары. Жалпы тех-қ талаптар.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар 3 педагогикалық принцип негізінде жүзеге асырылады:

1. Білімділік

2. Дамытушылық

3. Тәрбиелік

Бұл стандарт балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдарының қаріптік безендірілуі мен полиграфиялық орындалу сапасына талаптар қояды. Кітап және журнал басылымдарына, сонымен қатар орыс және (немесе) латын қарпін қолданып шығарылған құрамалы басылымға қатысты.Бұл стандартта анықтамасы бар келесі терминдер қолданылады.

Мәтіннің қаріптік безендірілуі - басылымның оқу ыңғайлылығын: кеглі мен қаріптің сыйымдылығы, интерлиньяждың ұлғаюы, жолдың ұзындығы, қаріп тобы, гарнитура мен оның сызығын анықтайтын параметрлер жиынтығы.

Басылымның оқу ыңғайлылығы – оқып отырған кезде көз шаршауы болмайтын басылым.

Гигиеналық талаптар – оқып отырған кезде оқырманның денсаулығына кері әсер тигізбеу мақсатында мәтінді оқу ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған талаптар.

Кегл – пунктпен өлшенетін қаріп өлшемі.

Интерлиньяждың ұлғаюы – пунктпен өлшенетін үстіңгі жолдағы астыңғы сілтемелік элементтер белгісі мен астыңғы жолдағы үстіңгі сілтемелік элементтердің арақашықтығы.

Пункт – Дидо жүйесінде – 0,376 мм; СИ жүйесінде – 0,351 мм тең өлшем бірлігі.

Мәтінді белгілеп алу – оқырманның назарын аудару мақсатында осы мәтінмен салыстырғанда мәтін бөлімдерінің (бөлек сөздердің, әріптердің, белгілердің) полиграфиялық безендірілуінің өзгертілуі.

Қаріпті аудару – ақ түсті қаріп қара, сұр немесе түрлі-түсті фонда.

Құрылымдық талаптар – техникалық және ақпараттық үйлесімді қамтамасыз ететін талаптар.

Критикалық кемшілік – осындай кемшілік болған кезде заттың өз бағытынша қолдану мүмкін еместігі немесе рұқсат етілмеуі.

Басылым бетінің мазмұны – қарпі және / немесе иллюстрациялық безендірілуі бірдей беттер, көбінесе бақылауға арналған басылымдарға кездеседі.

Басылымдар ГОСТ 7.60 сәйкес және оқу кезіндегі көру ауырлығына байланысты екі категорияға бөлінеді:бірінші категория

- көркем әдеби;

- ғылыми танымал;

- мектеп жасына дейінгі оқулықтар (оқуды дамыту)

екінші категория - анықтамалық (сөздіктер, энциклопедиялар, каталогтар т. б)

- бос уақытқа арналған (стикерстер, жапсырмалары бар альбомдар, сөзжұмбақтар, т.б)

Оқырман бағытына қарай және оқырманның жасына байланысты көру ағзаларының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес және қабылданған балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы бала ағзасының дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты келесі төрт топқа бөлінеді:

бірініші жас ерекшелігіне байланысты топ – 4 жастан 6 жас аралығындағы үлкен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған басылымдар;

екінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 7 жастан 10 жас аралығындағы кіші мектеп жасындағы балаларға арналған басылымдар;

үшінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 11 жастан 14 жас аралығындағы орта мектеп жасындағы балаларға арналған басылымдар;

төртінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 15 жастан 17 жас аралығындағы (жасөспірімдер, сонымен қатар талапкерлер) үлкен мектеп жасындағы балаларға арналған басылымдар.

ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Басылымдар осы стандарттар талабына сәйкес болуы тиіс және технологиялық нұсқаулық бойынша дайындалуы керек.

Бұл стандарттағы қаріптің безендірілу параметрлері ДИДО жүйесінде берілген (1 пункт =0,376 мм).

ДИДО жүйесіндегі және СИ жүйесіндегі қаріптің өлшемі 10 кестеде көрсетілген (анықтамалық).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]