Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

45. Мем ст 7.60-90 бойынша сөздіктердің түрлері мен ерекшеліктері

Баспа материалы ретінде қағаз,картон,мата,оттискі бар бет қолданылады.

Егер басылым қайта басылған болса, онда басылым типі туралы мәліметтің орнына осы мәлімет беріледі. Басылымның типінене кейін басылым серия бойынша шығатын болса, онда серияның атауы мен номері орналастырылады»[15]. Ал олардың астына автордың немесе авторлардың толық аты-жөндерін жазады. Ал аудармашылар, ғылыми редакторлар, редакциялық алқаның мүшелері, суретшы-безендірушілер, алғысөз авторлары мен рецензентттердің аты-жөні соңғы титулдық бетте жазылмайды. Кітапты баспалық-редакциялық дайындауға қатысқан

Энциклопедиялық сөздік: әліпбилік тәртіпте қысқаша мақалаларды қамтитын энциклопедия

Тілдік сөздік: бір сөздің келесі бір тілдегі аудармасын көрсететін сөздік.

Идеографиялық сөздік: мағынасы жағынан жақын сөздер жинағы. Орфографиялық сөздік: сөздің нормативті жазуын көрсететін сөздік. Орфоэпиялық сөздік: сөздің нормативті айтылуын көрсететін сөздік.

Аудармалы сөздік: сөздің бір немесе бірнеше тілде аударылып, салыстырылуы

Түсіндірме сөздік: белгілі бір сөзге грамматикалық және стилистикалық сипаттама беріп, қолдану мысалдары мен және т.б. мәліметтер беретін тілдік сөздік.

Этимологиялық сөздік: сөздердің шығу тарихын түсіндіретін сөздік

Терминологиялық сөздік: әр түрлі ғылым салаларындағы немесе такырыптағы терминдер мағынасы мен түсінігі

ГОСТ 7.60-90 "Басылымдар. Негізгі түрлері. Терминдер мен и түсініктер» стандарты бойынша анықтайды. «Осы стандарт бойынша басылымдарды былай жіктейді:

  1. Ресми басылым

  2. Ғылыми басылымдар

  3. Ғылыми-көпшілік басылымдар

  4. Өнеркәсіптік-тәжірибелік басылымдар

  5. Нормативтік өнеркәсіптік-тәжірибелік басылымдар

  6. Оқулықтар

  7. Көпшілік-саяси басылымдар

  8. Аныктамалық басылымдар

  9. Бос уақытта оқитын басылымдар

  10. Жарнамалық басылымдар

46.Стандартты мұқаба түрлері.

Кітаптың ішкі элементтеріне түптеу, мұқаба және супермұқаба жатады.Түптеу мен мұқаба титул сияқты оқырманға кітап туралы библиграфиялық мәліметтер береді, бірақ салыстырмалы түрде алғанда аз көлемде. Супермұқаба мұқабаның сыртынан қапталып, негізінен қорғау қызметін атқарады. Ал соңғы кездері оған ақпараттық және жарнамалық сипат беріле бастады.

Шығарылымдық деректерді мұқаба мен переплетта орналастырудың негізгі нормалары мемлекетаралық ГОСТ 7.84 "Басылымдар. Мұқабалар мен переплеттар.Жалпы талаптар мен рәсімдеудің ережелері» стандарты бойынша жүзеге асады. «Мұқаба мен переплетты безендіру баспагердің көркем ойы мен басылымның типологиялық ерешеліктеріне байланысты. Мұқаба мен супермұқабада және переплетта орналасатын мәліметтер басылымды идентифакциялап тұруы қажет. Ол титулдық беттегі мәліметтермен сәйкес келуі керек. Титулдық беттегі мәліметтерге қайшы келетін мәліметтерді мұқаба және переплетта орналастыруға жол берілмейді. Мұқабаның бірінші бетінде міндетті түрде автордың аты-жөні мен кітаптың атауы беріледі. Басылымның мұқабасында келтірілген авторлардың аты-жөні титулдық бетте келтірілген мәліметтермен сәйкес келуі және авторлардың аты-жөні үштен аспауы керек. Басылым атауын да титулдық бетте берілген формасында жазады. Ал тіл оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында авторлардың аты-жөні мен басылымның атауы үйретілетін тілде жазылады. Ресми және нормативтік басылымдардың мұқабасында немесе переплетында міндетті түрде мекеменің аты-жөні, басылымның атауы беріледі. Ал көптомды басылымдарда автордың аты-жөні, басылымның атауы, томның белгісі мен номері беріледі. Сериямен шыққан кітап болса, серияның атауы немесе серияның маркасы, автордың аты-жөні, басылымның атауы жазылады. Ал мерзімді басылым болса, онда,

•ISSN номері (үстіңгі оң жақ бұрышта орналасады);

•басылымның кезекті номері;

•басылым атауы;

•басылымның шыққан жылы. Кітап блогы 9 мм асатын басылымдардың корешоктарында:

• автордың (авторлардың) аты-жөні;

• басылым атауы;

•көптомдың басылымдарда томның номері;

•алғашқы және соңғы сөздері мен әріптері (көптомдық анықтамалық және сөздік басылымдар үшін) жазылады.

Корешоктағы мәліметтер жоғарыда аты аталған стандарт және ISO 6357 "Documentation - Spine titles on books and other Publications" бойынша рәсімделеді. Астыдан үстіге қарай жазылады. Егер кітап блогы 40 мм асатын болса, онда мәліметтерді көлденеңінен жазуға болады.Мұқабаның соңғы бетінің астыңғы жағына бірінші тарауда айтылып кеткен штрих-кодтарды орналастырады. Оны мұқабаға орналастырған кезде түс сәйкестілігіне де назар аудару керек.

Футляр, контейнер, папка және тағы басқаларында шығарылымдық деректер мұқабадағыдай жазылады».

Басылым шығарылымдық деректері жоғарыда жазылған тәртіп бойынша орналастырып, рәсімделуі қажет. Бұл ережелер мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар бойынша бекітілгендіктен, оларды бұзуға болмайды. Шығарылымдық деректерді рәсімдеу - басылымды өндіріске дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі. Көптеген құжаттардың ішінде кітапты ерекшелеп тұратын да осы мәліметтер. ГОСТ 7.4-95 "Басылымдар. Шығарылымдық деректер" стандартында міндетті түрде келтірілетін деректердің тізімі берілген. Бұл ережеден ауытқуға болмайды. Олардың формасы мен орналасу реті, тәртібі сақталғаны жөн. Ал баспагер қосымша ақпарат беремін десе, өз еркі. Кітаптың библиографтарға түсінікті, оқырмандарына қолжетімді болының да басты тетігі осында жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]