Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

29. Құрылымына қарай басылым түрлері

Басылым түрі бұл бір немесе бірнеше белгілер мен ерекшеленетін басылымдар тобы.1.Мерзімі бойынша басылымдар түрлері: уақыт аралығы мен мерзімі, нөмір сандары бекітілген ұдайы шығарылатын басылым.2.Ақпараттық сипатына қарай басылым түрі: басылым шығармасының жанрлық және басқа ерекшеліктерін бейнелейтін белгілер жиынтығы.3. Басылымның материалдық құрылымы: басылым мазмұнына тәуелсіз баспалық және полиграфиялық белгілерін сипаттайтын басылымның қалыптасқан формасы.1 мерзімі бойынша.Мерзімді емес басылым жалғасы жоқ бір рет шығатыни басылым. 2 Сериялы басылым.Бірдей тақырыппен нөмірленген белгілі бір уақытта басылып шығатын жалғасы алдын ала жоспарланбаған басылым түрі.3. Мерзімді басылым.Белгілі бір уақыт аралығында басылып шығатын мазмұны қайталанбайтын бірдей безендірілген нөмірленген сериялы басылым түрі. 4. Ұзақ мерзімді (ақпарат жинауына байланысты)белгісіз уақыт аралығында шығатын, мазмұны қайталанбайтын бір типті безендірілген ортақ тақырыптық сериялы басылым түрі.

30. Өндірістік- тәжірибелік басылымдар табиғаты30.

Өндірістік- тәжірибелік басылымдар табиғаты

2.3.3. Өндірістік тәжірбиелік басылымның түрі

Методикалық индрустивті басылым Белгілі бір құжаттарды қамтитын өндірістік тәжірбиедегі мамандарға арналған өндірістік басылым.

Номенклатуралық басылым ГОСТ 7.60-90 бойынша

Өндірістік басылым ГОСТ 7.60-90 бойынша

Жадынама Өндірістік тәжірбиеде жүргендер үшін аса пайдалы, сонымен қатар күнделікті өмірге де қажетті мәліметтерді қамтитын үлкен емес шағын басылым.

Өндірістік еңбекақы ГОСТ 7.60-90 бойынша

Өндірістік басқару ГОСТ 7.60-90 бойынша

31. Анықтамалық басылымдар құрылымы

Анықтамалық – анықтамалық басылымдардың бір түрі болып табылады. Ол қолданбалы, тәжірибелік сипатымен және анықтамалық материалдар қалыптарының әр түрлілігін жеткізе білумен ерекшеленеді. Анықтамалықтарда мағлұматтар жиынтығы бар, белгілі бір білім саласын және ∕ немесе тәжірибелік жұмысты қамтитын және керекті мағлұматтарды табу ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін солай құрастырылған.

Анықтамалықтардың негізгі түрлері мынадай белгілермен ерекшеленеді.

4.1 Белгіленген бағыты бойынша ажыратуға болады:

4.1.1 Ғылыми анықтамалық – ғылыми жұмыстарға арналған анықтамалық.

4.1.2 Өндірістік – тәжірибелк анықтамалық - өндірістік немесе қоғамдық тәжірибе саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған анықтамалық.

4.1.3 Қоғамдық - саяси анықтамалық – кең ауқымды оқырман қауымына арналған және өзекті қоғамдық – саяси ақпаратпен қамтылған анықтамалық.

4.1.4 Оқулық анықтамалық – оқушыларған арналған, оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған, белгілі оқу пәніне байланысты мағлұматтары бар анықтамалық.

4.1.5 Танымал анықтамалық – қандай да бір тақырыпқа байланысты, кең ауқымды оқырман қауымын үйретуге арналған ерекшеленген анықтамалық мағлұматтары бар анықтамалықтар.

4.1.6 Тұрмыстық анықтамалық – күнделікті өмірде қажетті қандай да бір қолданбалы мәліметтері бар анықтамалық.

4.2 Негізгі мәтіннің құрамы бойынша ажыратуға болады:

4.2.1 Кешенді анықтамалық – қиын құрылымды, белгілі бір тақырыптағы әр түрлі мәліметтері бар анықтамалық.

4.3.3 Санақтық анықтамалық – қоғамдық өмірдің бір, бірнеше немесе барлық саласы бойынша мәліметтері бар мамандандырылған анықтамалық.

4.3.4 Тізбе – белгілі бір заттардың жүйеленген тізбесі бойынша мамандандырылған анықтамалық.

4.3.5 Анықтамалық кесте – материалдар кесте күйінде орналастыратын мамандандырылған анықтамалық.

4.3.6 Анықтауыш – белгілі бір объекттің анықталуына және индетификациялануы туралы ақпарат беретін мамандандырылған анықтамалық.

4.3.7 Өмірбаяндық анықтамалық ∕сөздік – белгілі бір тұлғалардың өмірі мен қызметі жайында мәліметтері бар анықтамалық.

4.3.8 Жолсерік кітапша – бақылауға және көруге ыңғайлы тізбекте орналасқан белгілі бір географиялық орын немесе мәдени – ағартушылық орталық ∕ мереке туралы мәліметтері бар анықтамалық.

4.3.9 Күнтізбе – кезектегі күн, апта, ай, жыл және басқа да түрлі мазмұны бар мезгілдік анықтамалық.

4.3.10 Айрықша күндер күнтізбесі – белгілі бір есте қаларлық жыл күндері белгіленген күнтізбе.

4.4 Ақпараттың белгілену табиғаты бойынша ажыратуға болады:

4.4.1 Мәтіндік анықтамалық – ақпарат көлемінің үлкен бөлігі ауызекі, сандық, формулалық немесе аралас мәтін арқылы жеткізілетін анықтамалық.

4.4.2 Бейнелі анықтамалық – ақпарат көлемінің үлкен бөлігі бейнелер арқылы берілетін анықтамалық (Түсіндірмесі ОСТ 29.130 бойынша).

4.5 Пайдалану мазмұны бойынша ажыратуға болады:

4.5.1 Үстел үсті анықтамалығы – тек қана стационарлық жағдайда қолдануға арналған анықтамалық.

4.5.2 Портативті анықтамалық – орта форматпен шығарылатын және тек қана іс бөлмеде емес, сонымен қатар барлық жұмыс жағдайларында қолданылатын көпнұсқалық анықтамалық.

4.5.3 Қалта анықтамалығы - әр түрлі жағдайда жылдам қолданысқа ыңғайланған анықтамалық.

32. Оқырман қамту ауқымына қарай басылым түрлері

термин анықтамасы

1 Ресми басылымдар Мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, ведомстволар атынан жарық көріп, нормативті және директивті мінездемелерінен тұратын басылым.

2 Ғылыми басылымдар Теориялық немесе тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері, сонымен қатар, шығарылымға дайындалған мәдени ескерткіштер мен тарихи құжаттардан тұратын басылым.

3 Ғылыми-танымдық басылымдар Теориялық және тәжірибелі зерттеулерден тұратын (ғылым, мәдениет, тезника салалары бойынша)маман емес жалпы көпшіліе оқырманға арналған басылым.

4 Өндірістік-тәжірибелік басылым Өндірісті ұйымдастыру мақсатында жарық көретін сонда әр түрлі біліктілік деңгейдегі мамандарға арналған басылым.

5 Нормативті-өндірістік тәжірибелі басылым Әр түрлі саладағы өндірісті ұйымдастыру мақсатында жарық көрген ережелер, талаптар, нормалар.

6 Оқулық басылымдар Ғылым немесе қолданбалы сипаттағы оқытуға ыңғайлы әр түрлі жастағы оқушыларға арналғын, жүйеленген басылым.

7 Жалпы саяси басылым Қоғамдық-саяси бағыттағы үгіт-насихат сипатындағы кең ауқымды оқырманды қамтитын басылым.

8 Анықтамалық басылымдар Ғылыми және танымдық сипаттағы қысқаша мәліметтерді тез іздестіруге ыңғайлы тәртіппен орналастырылған жалпы көпшілік оқырманға арналған басылым.

9 Бос уақытты өткізуге арналған басылым Тұрмыстық жағдайды реттеу, шығармашылықтың әр түрлі пішіні жайлы баршаға ортақ мағлұмат беретін басылым.

10 Жарнамалық басылымдар Көңіл аударту мақсатында жазылатын, мәтіннен тұратын (бұйымдар, заттар, қызмет көрсету түрі) басылым.

11 Әдеби –көркем басылымдар Көркем әдебиет шығармаларынан тұратын басылымдар.

33. Жарнамалық басылым түрлері және оларға қойылатын техникалық талаптар.

34. МЕМСТ 7.60 -90. Мақсаттық қызметіне қарай басылым түрлері

35. Оқырман қамту ауқымына қарай басылым түрлері

36. Ақпараттық табиғатына қарай басылым түрлері

37. Ғылыми басылымдардың түрлері

38. Анықтамалықтардың негізгі мәтіні және оған қойылатын талаптар

5.1.1 Анықтамалықтардың көбінде негізгі мәтіннің құрылым бірлігі тақырыбында тұжырымдалған сұраққа жауабы бар анықтамалық мақала болып табылады.

5.1.2 Тақырып тұжырымдамасы түсінікті және айқын болуы тиіс, мақаладағы жауап – қысқа және жинақы.

Анықтамалықтың мақалалары анықтамалық материал мазмұнының ықшамдылығы мен ерекшелінеді. Оның негізін нақты мағлұматтар мен дәйектік көрсеткіштер құрайды. Анықтамалықтағы мағлұматтар нақты және анық болуы тиіс.

5.1.3 Біркелкі анықтамалық материал үйлесімді түрде берілуі тиіс. Осы мақсатпен анықтамалықтарды дайындау барысында қалыпты мақалалардың үлгісін дайындау қажет.

5.1.4 Анықтамалықтағы мақалалар әліпбилікке қарағанда көбінесе белгілі бір логикалық жүйеде тізбектеледі. Анықтамалықтарды жасау жүйесін таңдау оның ерекшеліктеріне байланысты − мақсатты белгіленуі, тақырыбы, материалдың дәйектік мазмұны. Кешенді анықтамалықтардың әркелкі тізбектелген бөлімдері болуы мүмкін.

Жасау жүйесін таңдаудағы ең басты талап − анықтамалықты қолдану ыңғайлылығы.

5.1.5 Көшірмелеудің болмауы үшін аудару жүйесі қолданылады, ол жақын мағыналар арасында логикалық қатынастар орнатады, сондай-ақ анықтамалық мәтінінің информатикалық көлемін жоғарылатады.

5.1.6 Анықтамалық мәтінінің үйлесімді болуы үшін және оның көлемінің қысқаруы үшін қысқартулар мен шартты белгілер жүйесін қолданамыз. Жалпы қабылданған қысқартулар ГОСТ 7.11 және ГОСТ 7.12 бойынша. Осы қысқартулар мен шартты белгілер қысқартулар мен шартты тізімінде беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]