Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

22. Мемст 7.51-98 Каталогтар мен картотекалар.

Кітапты ешбір өзгеріссіз қайта басқа кезде авторлық құқықты қорғау белгісін ал,ғашқы кітапта келтірілген формасы бойынша орналастырады. Кітапты алғашқы баспа шығарып жатса да, басқа баспа шығарса да осы ереже сақталады. Авторлық құқықты қорғау белгісінде жаңа баспа көрсетілмейді. Егер кітап өзгерістермен бір баспадан қайта басылса, онда алғашқы басылым мен кейінгі басылымның авторлық құқықты қрғау белгілері қатар көрсетіледі. Егер авторлық белгі мне авторлық құқықты қорғау белгісін белгілі бір себептермен титулдық беттің артына орналастыру мүмкін болмаса, онда оны мұқабаның екінші үшінші, төртінші беттеріне орналастырады. Классификациялық индекстерден, авторлық белгі, ISBN номері, авторлық құқықты қорғау белгісінен басқа титулдық беттің артында:

• серия туралы мәлімет;

• көптомдық туралы мәлімет;

• оқулықты немесе оқу құралық ұсынғаны немесе бекітілгені жөніндегі мәлімет;

• титулдық бетте жазылмаған авторлар мен басылымға қатысы бар басқа да адамдардың аты-жөндері;

• қайта басылған басылым туралы мәлімет;

• басылым туралы басқа да мәліметтер;

• аннотациялық корточканың макеті;

• Шығу деректері соңғы титулдық бетте көрсетілмесе, онда осында орналастыруға болады. Оларды осы тәртіп бойынша рәсімдеу керек. Бұлардың көбінің сипаттамасын жоғарыда көрсетіп кеттік. Тек аннотациялық корточканың макеті жазылмаған. Ол кітапты безендірудегі міндетті элемент болып табылады. Аннотациялық карточка библиографиялық жазба жасаған кезде негіз болып табылады. Баспалық аннотация кітап оқырманы үшін кітап мазмұны мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ол негізінен титулдық беттің артында ISBN номері мен авторлық құқықты қорғау болгісіне дейін орналасады. Бұл макетті мемлекетаралық ГОСТ 7.51-98 "Каталогтрар мен картотекаларға арналған карточкалар. Басылымдарды каталогқа енгізу. Мәліметтердің құрамы мен құрылымы және баспалық безендіру" стандарты бойынша жазылады. Аннотациялық каточканың макетінің құрамына: библиографиялық жазбаның тақырыбы, кітаптың библиографиялық сипаттамасы, баспалық аннотация, авторлық белгі, УДК мен ББК классификациялық индекстері кіреді» [12, 51б]

23. Кітап мұқабасы мен переплетын рәсімдеу.

Кітаптың ішкі элементтеріне түптеу, мұқаба және супермұқаба жатады.Түптеу мен мұқаба титул сияқты оқырманға кітап туралы библиграфиялық мәліметтер береді, бірақ салыстырмалы түрде алғанда аз көлемде. Супермұқаба мұқабаның сыртынан қапталып, негізінен қорғау қызметін атқарады. Ал соңғы кездері оған ақпараттық және жарнамалық сипат беріле бастады.

Шығарылымдық деректерді мұқаба мен переплетта орналастырудың негізгі нормалары мемлекетаралық ГОСТ 7.84 "Басылымдар. Мұқабалар мен переплеттар.Жалпы талаптар мен рәсімдеудің ережелері» стандарты бойынша жүзеге асады. «Мұқаба мен переплетты безендіру баспагердің көркем ойы мен басылымның типологиялық ерешеліктеріне байланысты. Мұқаба мен супермұқабада және переплетта орналасатын мәліметтер басылымды идентифакциялап тұруы қажет. Ол титулдық беттегі мәліметтермен сәйкес келуі керек. Титулдық беттегі мәліметтерге қайшы келетін мәліметтерді мұқаба және переплетта орналастыруға жол берілмейді. Мұқабаның бірінші бетінде міндетті түрде автордың аты-жөні мен кітаптың атауы беріледі. Басылымның мұқабасында келтірілген авторлардың аты-жөні титулдық бетте келтірілген мәліметтермен сәйкес келуі және авторлардың аты-жөні үштен аспауы керек. Басылым атауын да титулдық бетте берілген формасында жазады. Ал тіл оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында авторлардың аты-жөні мен басылымның атауы үйретілетін тілде жазылады. Ресми және нормативтік басылымдардың мұқабасында немесе переплетында міндетті түрде мекеменің аты-жөні, басылымның атауы беріледі. Ал көптомды басылымдарда автордың аты-жөні, басылымның атауы, томның белгісі мен номері беріледі. Сериямен шыққан кітап болса, серияның атауы немесе серияның маркасы, автордың аты-жөні, басылымның атауы жазылады. Ал мерзімді басылым болса, онда,

•ISSN номері (үстіңгі оң жақ бұрышта орналасады);

•басылымның кезекті номері;

•басылым атауы;

•басылымның шыққан жылы. Кітап блогы 9 мм асатын басылымдардың корешоктарында:

• автордың (авторлардың) аты-жөні;

• басылым атауы;

•көптомдың басылымдарда томның номері;

•алғашқы және соңғы сөздері мен әріптері (көптомдық анықтамалық және сөздік басылымдар үшін) жазылады.

Корешоктағы мәліметтер жоғарыда аты аталған стандарт және ISO 6357 "Documentation - Spine titles on books and other Publications" бойынша рәсімделеді. Астыдан үстіге қарай жазылады. Егер кітап блогы 40 мм асатын болса, онда мәліметтерді көлденеңінен жазуға болады.Мұқабаның соңғы бетінің астыңғы жағына бірінші тарауда айтылып кеткен штрих-кодтарды орналастырады. Оны мұқабаға орналастырған кезде түс сәйкестілігіне де назар аудару керек.

Футляр, контейнер, папка және тағы басқаларында шығарылымдық деректер мұқабадағыдай жазылады».

Басылым шығарылымдық деректері жоғарыда жазылған тәртіп бойынша орналастырып, рәсімделуі қажет. Бұл ережелер мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар бойынша бекітілгендіктен, оларды бұзуға болмайды. Шығарылымдық деректерді рәсімдеу - басылымды өндіріске дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі. Көптеген құжаттардың ішінде кітапты ерекшелеп тұратын да осы мәліметтер. ГОСТ 7.4-95 "Басылымдар. Шығарылымдық деректер" стандартында міндетті түрде келтірілетін деректердің тізімі берілген. Бұл ережеден ауытқуға болмайды. Олардың формасы мен орналасу реті, тәртібі сақталғаны жөн. Ал баспагер қосымша ақпарат беремін десе, өз еркі. Кітаптың библиографтарға түсінікті, оқырмандарына қолжетімді болының да басты тетігі осында жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]