
- •1.Баспа ісі және кітапхана бойынша стандарттар жүйесі (сибид).
- •2.Мемст. 7.4-95 «Басылымдар. Шығарылымдық деректерге қойылатын талаптар»
- •3.Баспа өнімдерінің шығарылымдық деректерінің құрамы
- •4.Қр Ұлттық кітап палатасы
- •5.Кітаптың халықаралық стандартты номері (isbn)
- •6. Сериялық басылымдардың халықаралық стандартты номері (issn).
- •7. Әмбебап Ондық классификациясы
- •Кітапхана библиографиялық классификация (ббк).
- •Баспа өнімдерінің штрих-коды
- •11.Титулды бет және тақырып үсті мәліметтердің құрамы.
- •12.Сериялық басылымдардың шығарылымдық мәліметтердің рәсімделуі.
- •Серияның ұйымдастырылған уақыты, редакциялық кеңес, ұйымдастырушы туралы ақпраттарды қамтитын толық деректі контртитулға немесе титулдық беттің артына берген дұрыс.
- •13.Мемст 994-96 «Басылымдар кітапты халықаралық стандартты нөмірлеу»
- •15.Тақырып асты мәліметтері
- •16.Кітаптың шығу деректері және деректерінің үстіне орналаатын мәліметтер.
- •17.Тақырып үсті мәліметтері.
- •18.Басылым түрі туралы мәліметтер.
- •19. Белгілі бір мерекеге немесе жеке тұлғаға арналып шығарылған басылым түрлері
- •21. Кітаптың шығу деректері және шығу деректерінің үстіне орналасатын мәліметтер
- •22. Мемст 7.51-98 Каталогтар мен картотекалар.
- •23. Кітап мұқабасы мен переплетын рәсімдеу.
- •24. Карточканы безендіруге қойлатын талаптар
- •25. Мемст 7.60 -90. Басылым мәтіндерінің элементтері және құрылымы.
- •26. Кітап жиегіндегі мәліметтерді рәсімдеу. Iso 6357 "Documentation - Spine titles on books and other Publications" стандарты
- •27. Анықтамалықтар. Негізгі түрлері.
- •28.Басылым аппаратының рәсімделуі және безендірілуіне қойылатын техникалық талаптар
- •29. Құрылымына қарай басылым түрлері
- •30. Өндірістік- тәжірибелік басылымдар табиғаты30.
- •31. Анықтамалық басылымдар құрылымы
- •39. Ғылыми конференция материалдары жинағын дайындау әдістемесі
- •40. Анықтамалық аппараты және оған қойылатын талаптар
- •41. Анықтамалықтар. Басылымдық − полиграфиялық безендірілуі. Жалпы талаптар
- •42. Альбомдар. Жалпы техникалық талаптар.
- •43. Мем ст 7.60-90 бойынша оқулақтар мен оқулықтарға қойылатын талаптар.
- •44. Анықтамалық және жарнамалық басылымдар түрі
- •45. Мем ст 7.60-90 бойынша сөздіктердің түрлері мен ерекшеліктері
- •46.Стандартты мұқаба түрлері.
- •47.Кітап сауда библиографиялық көрсеткіші. Кітап сауда каталогы
- •48.Ғылыми диссертация авторефераттарының рәсімделуі және оған қойылатынтехникалық талаптар
- •4. Реферат
- •5. 2. Реферат мәтіннің ерекшеліктері
- •5.3 Реферат мәтінін дайындау және орналастыру.
- •49.Ост 29. 125 – 95. Газеттер.
- •4.1 Гигиеналық талаптар
- •4.2 Құрастырмалы талаптар
- •4.3 Жол берілмейтін кемшіліктер
- •50. Ост 29. 125 – 95. Газеттер.
- •4.1 Гигиеналық талаптар
- •4.2 Құрастырмалы талаптар
- •4.3 Жол берілмейтін кемшіліктер
- •51. Мемст 7.5-98. Журналдар, жиннақтар, ақпараттық басылымдар
- •1. Қолдану аясы
- •3. Анықтама
- •4 Жалпы қағидалар
- •5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі
- •52. Журналдар мен жинақтардағы материалдардың баспалық безендірілуі
- •1. Қолдану аясы
- •3. Анықтама
- •4 Жалпы қағидалар
- •5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі
- •53. Паралел мәтінді басылымдар
- •54.Журналдар. Авторлар туралы мағлұмат
- •5. Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі
- •55.Каталогтар және олардың түрлері
- •56.Журналдар. Құрастырушылар туралы мағлұмат.
- •1. Қолдану аясы
- •5.4 Материал мен жұмыс істеген тұлғалар туралы мәліметтер (аудармашылар, материалды шығаруға дайындалған адамдар, суретшілер, суретке түсірушілер т. Б)
- •57.Библиографиялық басылымдар. Техникалық талаптар
- •58.Кітап сауда библиографиялық көрсеткіші. Кітап сауда каталогы
- •59,Баспа библиографиялық көрсеткіші. Баспа каталогы
- •60.Көп тілді басылым
- •61.Атлас түрлері: анатомиялық, географиялық, астрономикалық атлас т.Б.
- •64. Изобасылымдар. Оларға қойылатын талаптар.
- •65. Журналдар. Әож индексі әож индексі (Әмбебап ондық жүйе)
- •66. Мемст 7.9 Аннотация. Резюме
- •67. Журналдар.Мақала алды библиографиялық тізімдер.
- •68. Қосымша құн салығының кітап саудасына әсері.
- •69. Жиынтық және парақша басылымдар.
- •70. Мемст 7.60 Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары. Жалпы тех-қ талаптар.
- •71. Журналдар. Калонтитулдың рәсімделуі.
- •74.Балаларға арналған басылымдардың классификациясы
- •75.Балаларға арналған басылымдардға қойылатын гигиеналық талаптар
- •78.Мерзімді басылымдар және оның түрлері.
- •79.Ғылыми көпшілік басылымдар және оның түрлері.
- •81.Оқулық басылымдар. Оларға қойылатын талаптар.
- •83. Әож индексі (Әмбебап ондық жүйе)
- •3. Анықтама
- •4 Жалпы қағидалар
- •5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі
- •3 Анықтама
- •4 Жалпы техникалық талаптар
- •4.1 Гигиеналық талаптар
- •85. Журналдар. Жалпы техникалық талаптар
- •1. Қолдану аясы
- •3. Анықтама
- •4 Жалпы қағидалар
- •5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі
- •5.2 Авторлар туралы мағлұмат
- •86. Негізі мәтіннің құрылымы бойынша басылым түрлері
- •1 Монобасылым Бір шығармадын тұратын басылым
- •2 Жинақ Бірнеше шығармадан тұратын басылым.
21. Кітаптың шығу деректері және шығу деректерінің үстіне орналасатын мәліметтер
Кітаптың шығарылымдық деректерінің ішінде ӘОЖ-ның орны ерекше. Ол шығарылымдық деректерді рәсімдеудің ажырамас бөлігі болып табылады. 1962 жылы Кеңес елдерінде біртекті жалпыға бірдей міндетті Әмбебап Ондық Классификациясы қабылданған. Ал 1963 жылдан бастап ғылыми-техникалық баспаларда, ғылыми-техникалық журналдарда, ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарында, ғылыми-техникалық кітапханаларда, барлық жарияланымдарға әмбебап ондық классификация бойынша міндетті индекс алу енгізілді. Яғни, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы барлық басылымдар Әмбебап Ондық Классификация индексімен жарық көреді. Осы жүйе бойынша ақпараттық-анықтамалық корлар құрылды. ӘОЖ-ны тар салалық және көпсалалық ақпараттық анықтамалық корлар құру үшін қолдануға болады. Ол жалғыз халықаралық әмбебап жүйе болып табылады және кітаптың мазмұнын түгел ашып беруге, соның арқасында іздеуді тездетуге жағдай жасайды. Ақпараттық материалдарды бір жүйеге келтіру елдер арасында ақпарат алмасуды оңайлатады. ӘОЖ класификацияларға қойылатын негізгі талаптардың бәріне жауап береді: халықаралықтығы, әмбебаптығы, ғылыми жаңалықтардың құрылымына еш өзгеріс енгізбестен жүйеге кіргізе алады. Ол барлық ғылым саласын қамтиды. Оның бөлімдерінің біреуін өзгертсең, басқаларын да өзгертуге тура келеді. Бұл классификацияны ондық деп атайтын себебі, оның құрылымына ондық принципті қолданады. Бөлімдерді белгілеу үшін араб цифрлары қолданылады, ол адамдардың қай тілде сөйлейді, қандай алфавитті қолданатынына тәуелсіз. Сандар тілі барлығына түсінікті, ӘОЖ жалпыға тиімді халықаралық жүйе болып табылады. Оның ондың принципі жүйенің құрылымына залал тигізбестен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. ӘОЖ индектері бір-бірімен шексіз комбинациялармен байланысуы мүмкін. ӘОЖ таблицаларын дамытумен ақпараттандыру мен құжаттандырудың Халықаралық Федерациясы айналысады.
«Әмбебап ондық жүйе М.Дьюидің «Ондық классификациясын» дамытудың негізінде пайда болды. Әмбебап жүйеде М.Дьюидің классификациясының құрылымы сақталған. Сонымен қатар, әмбебап жүйеге түрлі ерекшеліктер мен тәсілдер енгізілген. Бұл ерекшеліктердің көпшілігі сараптамалық-жүйелік классификацияларға тән. Оны негізгі қасиеттері әмбебаптығы және ондық жүйеге қүрылғандығы. Оның көптеген бөлімдерінде түрлі сала бойынша көптеген түсініктер бір жүйеге келтірілген. Әмбебап Ондық жүйенің таблицалары негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар, ӘОЖ басылымдарын алфавиттік-пәндік көрсеткіштің міндетті құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Таблицаларды негізгі және көмекші деп бөлу оларда бейнеленген ақпаратқа байланысты. Ереже бойынша негізгі таблицаның құрамына ғылым мен техниканың және өнердің нақты бір саласына тән түсініктер енеді. Ал көмекші таблицаға жалпы барлық салаға тән, кейде қайталанып отыратын түсініктер жатқызылады. Негізгі түсініктермен бірге жазылатын бұл таблица олардың мазмұны немесе формасын анықтайды.
Негізгі таблицада ғылым мен білімнің негізгі салалары бейнеленеді. Оның негізгі қатарын 0 класы, «Жалпы бөлім» бастайды. Оның құрамына ғылымның барлық саласы, жазу-сызу, ақпарат, мәдениет, музей ісі т.б. кіреді.
Гуманитарлық ғылымдарға негізі қатардағы алғашқы және соңғы кластар тобы бөлінген: 1/3 (философия, логика, психология, дінтану, политика, экономика және басқа), 7/9 (өнер, филология, история, география).
Математика мен жаратылыстану ғылымдарына 5 клас, ал қолданбалы ғылымдарға, техника ғылымдары, медицинаны, ауыл шаруашылығын қоса, 6-класс бөлінген.
Негізгі қатар:
0 Жалпы бөлім
1 Философиялық ғылымдар. Философия
2 Дінтану. Атеизм
3 Қоғамдық ғылымдар
4 (1961жылдан бос)
5 Математика. Жаратылыстану ғылымдар
6 Қолданбалы ғылымдар. Медицина. Техника
7 Өнер. Қолданбалы – сәндік өнер. Фотография. Музыка. Ойындар. Спорт
8 Тіл білімі. Филология. Көкем әдебиет. Әдебиеттану.
9 География. Өмірбаян. Тарих
5 және 6 кластар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, басылымға индекс таңдаған кезде қиындықтар туындайды. Сондықтан, 5 класта теориялық еңбектерді, ал 6 класта тәжірибелік материалдарды енгізген жөн. Әмбебап ондық классификациядағы анықтауыштар таблицада қолданылатын категориялар мен белгілерді бейнелейді. Оларды осы белгілерді белгілеу үшін қолданады. Олар ӘОЖ-ның негізгі таблицаларының бәріне пайдаланыла береді. Мысалы, тіл анықтауыш таблицасы тілдердің белгілерін құрайды. = белгісі тілдік белгі үшін пайдаланылады. Мысалы,
=20 Ағылшын тілі
=30 Неміс тілі
=82 Орыс тілі
=00 Көптілі жұмыстар
=00=20=30 екі тілді құжат, ағылшын және неміс тілі
=03 Аударма жұмыстар» [10]